Топтық би сабақ Алматыда
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Uroki Tantsev Almaty

Адам билеп үйренгісі келгенде топта ма әлде көбірек шығынданып, жеке сабақ алып үйренген дұрыс па деген ойға батады. Бір жағынан, жеке сабақтар сізге қажетті нәтижелерге тез жетуге мүмкіндік береді: ондай сабақта жаттықтырушының назары тек Сізге ғана бағытталған, ол қимылдағы қателіктерді тез байқап, түзетеді; екінші жағынан - жеке би сабақтары, кемінде екі есе қымбат.

Дегенмен, біздің ұжымымыз басқаша көзқарасты ұстанады. Көптеген жағдайларда студенттің кәсіптік өсуінің жылдамдығы оның қалауы мен табандылығына байланысты, сондықтан, топтағы ынталы студент қысқа уақыт ішінде маңызды жетістіктерге жете алады деп сенеміз және бұл үшін бар мүмкіндікті жасаймыз. Сонымен қатар, топтық би сабақтары бірқатар айқын артықшылықтарға ие:

  • Икемділікті дамыту. Адам жұпта жаттықтырушымен ғана билеп, оның қозғалыстарына, стиліне және бидің темпераментіне үйренеді. Егер спорттық бал билерінде би серіктестері сирек ауысса, клубтық латинада бір кеште бірнеше серіктес болуы мүмкін, олардың әрқайсысының ырғағы, жетегі және биге деген көзқарасы түрлі болады. Топтағы сабақтар әріптестердің мерзімді өзгеруін ұсынады және әр түрлі серіктестермен дуэтте билеуге мүмкіндік береді, сондықтан кіммен билесеңіз де әрдайым жарқырап жүресіз!
  • «Сахнадан қорқуды» жою. Біздің топтарымызда тіпті ең қарапайым адам уақыт өте сыныптастарының, көрермендердің алдында және сахнадан ұялуын тоқтатады. Біздің кәсіби оқытушыларымыздың қатаң басшылығымен Сіз әрдайым сенімді боласыз және сабақта, партияларда, би турнирлерінде бидің жоғары деңгейін көрсетесіз! Топтағы би – бұғаудан босаудың және сенімді болудың тамаша тәсілі!
  • Әлеуметтену. «Кез келген жерде көппен көңілді» демекші, биде де көпшілікпен болған дұрыс. Топтағы сабақ үнемі достық жағдайда, өз және өзгенің жетістігіне бірге қуана, шаттықа толы өтеді. Бір жарым сағаттың ішінде Сіз ақыл-ойыңызды босатасыз, күнделікті мазалаған ойлардан, қиындықтардан арыласыз, өзіңіз сияқты биді сүйген адамдардың сүйіспеншілігімен бөлісесіз, олармен қарым-қатынас жасай аласыз, осылайша арманыңызға бірте-бірте қадам басып, жақындай түсесіз!

 Неге La Danza?

«La Danza» би клубы Алматыдағы үздік және прогрессивті би студияларының бірі болып табылады, өйткені біз тек биді үйретпейміз. Біз әуесқойлардан нағыз кәсіпқойларды дайындаймыз! Бізге хабарласыңыз:

  • Сіз бірінші сабақтан бастап би билейсіз. Сізді икемділігіңіз, жасыңыз қаншалықты, жынысыңыз қандай екені, жаттығудың неғұрлым жеңіл немесе күрделілігі туралы ойлар мазаламауы тиіс. Біздің ұстаздарымыздың көпжылдық тәжірибесі мен қазіргі заманғы және өте тиімді Pro-Am (кәсіби шебер және + әуесқой) әдістемесі би билеуге ұмтылған кез-келген адамға өз мақсаттарына жету үшін көмектеседі. Біз бірінші сабақтан-ақ би билей алатындығыңызға кепілдік береміз!
  • Әрқашан жұпта боласыз. Кейде біреуі аурып қалып сабаққа келмейді немесе топтағы қабылданған оқушылар саны тақ болады, сондықтан әлдекім жұпсыз қалады. Бұл өкінішке орай өте қолайсыз және жағымсыз. Біз әр оқушыны бағалаймыз және сабақтың әрбір минутын мүмкіндігінше тиімдірек етуге жағдай жасаймыз, сондықтан әрдайым Сіздерге оқытушыларымыздан жұпқа серіктес қосамыз. Серіктессіз қалмайсыз!
  • Көпшілік алдында билеу тәжірибесін алу. «La Danza» клубтарының негізінде үнемі клубтық кештер өткізіледі, онда әрбір оқушы жұрт алдында өнер көрсетіп, өз қабілеттілігін танытуға мүмкіндік алады. Бұл тек джем­сэйшн емес. Мұндай кеш бағдарламасына 38 нөмірге дейін кіре алады, олардың әрқайсысы үшін Сіз де, ұстаздарыңыз да ұятқа қалмайсыздар, ал көрермендер біздің жұптардың орындаған бидің сұлулығы мен қуатынан үлкен рахат алатын болады!
  • Сіз би турнирлерінде өнер көрсете аласыз. Жоғарыда айтылғандай, біз нағыз мамандар дайындаймыз, біз чемпиондарды тәрбиелейміз! Егер Сіз би жарысына қатысу туралы армандаған болсаңыз, кез-келген турнирге лайықты түрде қатыса алу үшін қажетті шеберлікке ең қысқа мерзімде жетуге көмектесеміз!
  • Сіздің өміріңіз мәңгілікке өзгереді. Біздің ұжымымыз бидің ғажайып күшіне кәміл сенеді. Біз адамдардың көз алдымызда қалай өзгергенін көрдік: олар неғұрлым көңілді, жатырқамайтын қарым-қатынаста бола бастады, әлемді айқынырақ қабылдап, денсаулықтары да айтарлықтай жақсарды! Сіз бізге келгенде өзіңізді жаңа қырлардан тани аласыз!

Біздің оқыту жүйеміз

«La Danza» би студиясында Алматыға арналған бірегей топтық би жүйесі іске асырылуда. Көптеген студияларда адам әдетте белгілі бір сабақ санына арналған, белгілі бір би түріне ай сайынғы абонемент сатып алады. Бұл тәсіл адамға қай бағытта би билейтінін нақты білетін болса, шын мәнінде де тиімді болмақ. Ал би билгілері келетіндер, бірақ қандай би билегісі келетінін шешпеген адамдар туралы не айтасыз? Біздің топтық оқыту жүйесі - осындай адамдар үшін керемет шешім!

La Danza-да топтық сабақтарға ай сайынғы абонементті сатып алу арқылы Сіз өзіңіз үшін қызықты бағыт пен мұғалімді таңдағанша, бидің кез-келген бағытында айына 44 сабаққа қатысу мүмкіндігіне ие боласыз! Сіздің әрекетіңіге толық еркіндік беріледі! Қалағаныңызды билейтін боласыз!

Біздің студиямызбен танысуды арнайы Welcome Card топтық картаны сатып алу арқылы бастауға болады. Баға стандартты ай сайынғы абонемент бағасынан төмен және 3 апта бойы 33 топтық би сабақтарына баруға мүмкіндік береді, сол кезде біздің тәжірибелі нұсқаушылар бидің әртүрлі стилінің негіздерін түсінуге көмектеседі, сондай-ақ сізге ең қолайлы бағытты таңдайды!

Сонымен қатар, балалар мен ересектерге арналған топтық абонементтердің басқа да түрлері бар, олар өздерінен басқа әртүрлі сыйлықтар мен бонустарды ұсынады! Ол туралы көбірек біліп, өзіңізге ең қолайлысын мына жерден таңдай аласыз!

Біздің бағыттарымыз

Біз үнемі 9 бағыт бойынша 10 адамға дейін топтарда жоғары деңгейдегі сабақтарды өткізіп отырамыз:

  • Клубтық латина
  • Бал билері
  • Jazz funk
  • Аргентиналық танго
  • Стретчинг
  • Классикалық хореография
  • Шығыс биі
  • Lady dance
  • Йога

Топтық сабақ кестесін қарап, ыңғайлы уақыт пен бағытыңызды таңдаңыз да, залға келіңіз! Егер Сіз әлі де өзіңіздің қабілеттеріңізге күмәндансаңыз, берілген телефондарға қоңырау шалу арқылы хабарласыңыз немесе сайттағы осы мақаланың соңындағы үлгі арқылы тегін сабаққа өтініш беріңіз. Менеджеріміз Сізбен жақын арада байланысады, барлық сұрақтарыңызға жауап береді және Сізге ыңғайлы сабақ уақытын таңдауға көмектеседі!

La Danza-ға келіңіз де, би билеуге қабілетті екеніңізге көз жеткізіңіз! Бидің керемет күшіне бөленіңіз!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle