Шығыс биі
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Vostochnie Tantsy Tanets Zhivota Almaty

«Шөл даласының ақ күні» фильмінің танымал кейіпкері Сухов жолдас: «Шығыс - нәзік мәселе» - дейді. Сондай-ақ, ол шығыс биінің жұмбақ және әдемі, көз жауын аларлық сұлулығымен тіптен нәзіктене түспек. Атаулы сүйкімді, еліктіргіш қимылдар кәнизактардың шах-сұлтандарды, олардың қонақтарын өзінің керемет және таңқалдырарлық дене икемділігі мен би өнерімен қуантқан заманнан бері келіп жетті.

Шығыс биін дамыту

Шығыс билері өсіп-өну дәстүрлері, ұрықтану биі және ежелгі құдайларға діни табынудан бастау алады. Уақыт өте келе, олар мәдениеттердің тоғысуы салдарынан дамып, жаңа қимылдармен байытылды: мысалы, олардың көпшілігі бүкіл әлемді аралаған сығандар биінен алынды. Бидің заманауи көрінісін әлем алғаш рет Чикагода 1893 жылы тамашалады, Мысыр бишісі орындаған іш биі сыналған көрермендерге ұсынылды. Содан кейін көңіл көтеретін көптеген мекемелердің ойын-сауық бағдарламаларына міндетті түрде кіретін болған. Бүгінгі таңда жағдай өзгере қойған жоқ, өйткені шығыс биін орындаушылар түрлі шоу-бағдарламаларда, той және мерейтой сияқты тұрмыстық салтанаттарда орындап, телеарналардан ондаған жылдар бойы ән-биге толы үнді фильмдері көрсетіліп келеді. Тарихты доғарайық! Іске көшейік!

Шығыс биі немен пайдалы?

Шығыс биі – бұл орындаушы мен көрермен үшін тек эстетикалық ләззат алу емес. Әйелге ғана тән бұл өнер дененің және рухани жақсаруына әкеледі:

  • Дене пішіні мен жүрісті түзетеді. Сіздің денеңіз жеткіліксіз деңгейде тартымды, ішіңіз жайпақ емес деп санасаңыз, онда шығыс биі пайдалы мен жағымдыны тоғыстырудың бірден бір амалы болып табылады. Бірнеше айда сіздің жүрісіңіз жұмсақ, жұмбақ бола бастайды, ал өзіңізді айнадан көрген кезде міндетті түрде қуанатын боласыз.
  • Дененің саулығын нығайтады. Дәрігерлердің байқауларына сәйкес шығыс билері вестибулярлық аппаратты дамытады, бұлшық еттерді, омыртқаны және жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтады.
  • Көңіл күйді көтереді. Шығыс биі біркелкі, ырғақты тыныс алуды талап етеді. Осылайша стресс деңгейін азайтады, ырғақты тыныс алу рахат орталықтарына ықпал ететіні құпия емес, келіп түскен эндорфиндердің арқасында сіздің көңіл-күйіңіз жақсарады.
  • Босануға дайындалуға көмектеседі. Араб әйелдерін бала жастан шығыс биіне үйреткен, бала тууға іштің бұлшықеттерін дайындаған, өйткені олардың білуінше, шыныққан іш бұлшықеттері аурудың алдын алудың бірден бір жолы болған. Шығыс биі сізге әр әйелдің өміріндегі қиын, бірақ өте маңызды оқиға үшін мұқият дайындалуға көмектеседі. Олар тіпті жүкті әйелдерге де жарамды, алайда бұл жағдайда жеке тәсілдеме, тиісті жүктеме және гинекологтың алдын-ала кеңесі қажет.
  • Сексуалдық босатуды насихаттайды. Әсем шығыс әуені, пластикалық және жұмсақ қимылдар, жарқын және сыңғырлаған әшекейлі киім әйелдің шынайы мәнін оятады. Бұл, өз кезегінде, әйелге сексуалды энергияны босатып, өмірді үйлестіруге көмектеседі және жақсы көретін адаммен жақын қарым-қатынаста болуға әсер етеді.
  • Рухты нығайтады және кемшіліктерді жояды. Қазіргі әйел ерлер заңдарына сәйкес жиі өмір сүруі тиіс, өйткені ақша табу, мансап, бизнес – мұның барлығы ерлердің саласы. Ал әйел неғұрлым табысты болса, соғұрлым оның табиғи маңызы зардап шегіп, жалғыздыққа, депрессияға және басқа да ауруларға шалдығуы мүмкін.
title_5c3f427ec9b9111804000581547649662
title_5c3f427ec9d3720866905151547649662
title_5c3f427ec9e9c11546927801547649662
title_5c3f427eca0401769346111547649662
title_5c3f427eca1ee4884255041547649662
title_5c3f427eca38a17052855501547649662
title_5c3f427eca4fa19412902421547649662

Шығыс биі әйелдердің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар оның психологиялық игілігі үшін де пайдалы. Бұл би кезінде барлық энергетикалық орталықтардың жұмыс істейтініне байланысты. Әйел өзін-өзі сенімді сезіне және жасына, сыртқы келбетіне қарамастан тартымдылығын біле бастайды. Өзін сұлулардың патшайымы сезіну көптеген кемшіліктерді жойып, ауруларды емдейді және біздің өмірімізге Сүйіспеншілік, Сұлулық пен Үйлесімдік әкеледі.

Қорытынды

Оқылғандардың бәрінен шығыс биі - бұл әйелдің бастауын нығайтуға бағытталған жоғары өнер түрі деген қорытындыға келуге болады. Ол кез-келген қызға немесе әйелге жақын келеді, өзінің табиғаты мен жаңа қырларын ашуға көмектеседі: ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбетін жақсарта отырып, сүйкімді, тартымды, өз-өзіне сенімді және тәуелсіз болуға бағыттайды.

La Danza би студиясы Сізді ежелгі шығыс биі өнерінің құпиясын ашуға шақырады! Біздің байланыс телефонына қоңырау шалыңыз немесе мақаланың жанындағы пішінді пайдаланып, тегін сабаққа жазылыңыз! Сізді күтеміз!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle