Әрбір әйел өзін түпкілігінде құдай сезінгісі келеді. Алайда бүгінгі эмансипация заманында, әйелдер ерлермен қатар жұмыс істеген уақытта, өзін-өзі күту тек сұлулық салонына ғана бару немесе жұмысқа шығар алдында бетіне жылдам опа жағумен шектеледі. Бірақ сіз әрқашан нәзік, сезімтал, әдемі және сенімді болғыңыз келеді ғой...
La Danza би студиясында адамзаттың әдемі жартысы әлемге сыйлыққа тарту еткен сұлулық пен шабытты, эстетиканы шынайы бағалаймыз, сұлулардың ішкі күйзелісі мен ойларын жақсы түсінеміз. Егер сіз өзіңізді үнемі 100 пайызға сезінгіңіз келсе, билеуді ұнатсаңыз, заманауи би ырғағына билеп үйренгіңіз келсе, өз денеңізді жақсы қалыпта ұстауды қаласаңыз, біз өте тамаша шешім - қызықты және керемет lady dance әлемін ұсынамыз.
Біраз мәліметтер
Lady dance – бұл стрип-пластикаға негізделген және R’n’B, wacking, vogue, diva dance элементтерін қамтитын заманауи бидің 20-дан астам стилінен құралған жалынды қоспасы. Ол сезімтал және пластикалық қимылдардан тұрады, қыз балаға өзінің эмоцияларын жаңа деңгейде жеткізуге жәрдем береді. Денені керемет бақылауға мүмкіндік жасайды, өйткені бұл биде ол өзінің барлық жетістіктерін іске асырады.
«La Danza» би студиясында lady dance сабақтары көңілді және достық жағдайда өткізіледі және біз сізге келесілерге кепілдік береміз:
Қысқа уақыт ішінде жоғары нәтижелер. Мұғалімдердің үлкен тәжірибесі мен құзыреттілігі арқасында Сіз қысқа уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізесіз. Тәлімгердің тығыз қадағалауымен сіз дұрыс жолға жылдам кіресіз, қателіктеріңіз дер кезінде анықталады және түзетіледі.
Өзіңізге деген сенімділік және әдемі мүсін. Қыздар мен әйелдердің өзіне сенімді дегендердің өзі кей кезде сыртқы келбеті үшін уайымдайды. Леди дэнс биінен сабақ алсаңыз кемшіліктер туралы ойлардан арыласыз! Бірнеше апта ішінде өзіңізді сенімді сезініп, қадамыңыз қатайып, көңіл-күйіңіз жақсарып, денеңіз икемді, майысатын болады. Айнаға қарағанда, үнемі қуанатын боласыз!
Би алаңында жұлдыз болу.Lady dance биін үйренгеннен кейін кез келген кештің жұлдызы болып, клубтық жылдам ырғақ пен драм-энд-басс әуендеріне де еркін билей аласыз! Таусылмас шаттық, жақындарыңыздың сыйластығы, сізге сүйсіне қараған ерлердің көз алмауы – барлығы да еншіңізде болмақ.
Эмоциялық серпіліс. Қуатты lady dance биі сізді біраз уақытқа қиындықтар мен мазалаған мәселелерді ұмытуға мүмкіндік береді және жаттығу кезінде толқыған жағымды эмоцияларға бөленуге жағдай жасайды.
Сүйіктіңізге тосын сый. Lady dance стилінің бейбастылығы мен жалаңаштығының арқасында, сүйікті адамыңызға тосын сый жасап, оны таңдаңдыруыңызға болады.
Бұл стильдің артықшылықтарын жалғастыра беруге болады, бірақ әрбір әйел - жеке дара тұлға, сондықтан әрқайсысы өз жеңістеріне ие болмақ!
La Danza би студиясы көрікті ханшайымдар мен сұлу ханымдарды жарқын және қызықты lady dance би әлеміне шақырады.
Байланыс телефондары бойынша қоңырау шалыңыз немесе сайттағы нысан бойынша тегін сабаққа тіркеліңіз және қош келдіңіз!