«Жұлдыздар билейді» сияқты жобалардың телеарналарға шығуынан бастап латынамерикалық билердің танымалдылығы өсе бастады. Бұл билер тобында серіктестің екеуіне де көркем, жылдам, жеңсікқұмар және еркін би стилі тән. Бұл әсіресе клубтық (әлеуметтік) латинаға басым келеді. Латинаның екінші түрі – классикалық тобы жайында басқа мақалада айтылған. Егер сіз латинаның ыстық стиліне тәнті болсаңыз, достарыңыздың арасында немесе тақырыптық кештерде көңіл-күйіңізді ашық жеткізгіңіз үшін би түрін іздесеңіз, бос уақытыңызда билегіңіз келсе, әдемі қозғалып, өзіңізді мачо немесе сеньоритадай сезінгіңіз келсе, клубтық латина сіз үшін нағыз керегі болып табылады.
Тарих беттерінен біраз үзінді
Клубтық латынамерикалық билер өзінің түп тамырын Латын Америкасынан алады, онда жігіттер мен бикештер ауыр жұмыстан кейін кештерін кастаньет, маракас және гитараның әуеніне билеп өткізген. Ондай билерге сальса, мамбо, бачата, меренге, пачанга, кали, ламбада және реггетон жатады. Әлеуметтік латина - таза импровизацияға негізделген өте шығармашылық би! Сіз қай биді таңдасаңыз да, бидегі жетекші рөл ер серіктеске берілген, ол бидің элементтері мен олардың орындалу тәртібін де өзі таңдайды.
Алматыдағы La Danza би студиясында латынамерикалық билерді үйрене отырып, бұл “La Danza” клубішілік кештері, Copacabana кештері, тіпті Мехиконың шетіндегі кештері болсын, кез келген деңгейдегі адаммен әр кештерде өнер көрсетіп, билей алатындай дәрежеде серіктесіңізбен әрекеттесу, импровизациялау және биді жүргізу шеберлігіңізді арттырасыз!
Неге латина?
Классикалық латынамерикалық билер өздерінің біршама артықшылықтарына ие. Олар:
- Жадты жақсарту, стрессті азайту, өзін-өзі бағалауды жақсарту. Би комбинацияларын үйреніп, есте сақтау және оларды апта сайын қайта-қайта еске түсіру жад үшін керемет жаттығу болып табылады. Сонымен қатар, латынамерикалық билерін билейтін адамдар басқаларға қарағанда өзіне сенімді болады, өйткені олар денесін ыңғайлы сезінеді және еркін бақылайды. Бұл олардың сыныптан тысқары өміріне үлкен ықпал етеді. Сабырлылық артып, күш пайда болып, әр атқан таңмен күніңіз әсемдене түседі.
- Дененің денсаулығын нығайту. Бәлкім, бишілер әрқашан белгілі бір жолмен қозғалатынын байқаған шығарсыз. Бұл олардың өз денесінің мүмкіндіктерін біліп, оны еркін бақылай алатындықтарына байланысты. Латинамен айналысқан кезде сабақтардың басым бөлігі жүрек ырғағын көтеретін жылдам қимылдардан тұрады, бұл өз кезегінде уақыт өте жүрек қан тамыры жүйесінің шыдамдылығын арттырады. Сонымен қатар, латинаның би фигуралары бір мезгілде бұлшықеттердің бірнеше топтарын қамтиды - қолдар әрдайым көтеріңкі қалыпта, дене мен жамбас бүгіліп, жан-жаққа қозғалады... Мұның бәрі бірте-бірте дене бұлшықетінің күшейіп, бұлшықет тонусын арттырады.
- Калорияны жақсы жағады. Салмаққа әсер етуде жүзу немесе велосипедпен жүру сияқты латын билері сабақтары салмақты жоғалтудың тамаша құралы болып табылады. Сальсада сағатына 420-дан астам калория жағуға болады, ал егер сіз зумбаға (латын элементтері бар аэробика түріне) баратын болсаңыз, онда сағатына 540 калорияға дейін жағасыз!
- Ауыр ойлардан арылу. Бір сағат бойы латинамен айналысып, пікірлестермен және кәсіби жаттықтырушымен уақыт өткізу - ауыр ойлардан құтылудың керемет жолы! Сабақтан кейін сіз өзіңіздің құлпырғаныңызды байқайсыз және шаршағаныңызға қарамастан, күннің бекер өтпегенін сезінесіз!
Клубтық латина би және қимылдарының түрлілігімен кез келген адамды баурап алады деуге болады. Біздің ұжымымыздың әрбір мүшесі сенген ғажайып би сиқырын сезінуге және сұлулықты қабылдауды дамытуға мүмкіндік береді. Достарыңыз және жақындарыңызбен бірге шынайы романтика және нәзік құмарлыққа толы ыстық испан кештерінің керемет атмосферасына бөлену үшін келіңіз!
Байланыс телефондарына қоңырау шалыңыз немесе bienvenido a La Danza және сайттағы үлгі арқылы тегін сабаққа жазылыңыз!