Классическая хореография в Алматы
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Horeografiya Almaty

Сіз бірдеңеге қатты қызығып, іске құлшыныспен кірісіп, алайда жоспарланған мерзімде қанағаттанарлық нәтижеге жете алмаған жағдайлар болды ма? Алғашқы мақсаттарға қол жеткізбегеннен кейін, бәрін тастап, кетіп қалу ойыңызға келді ме? Мұның да себебі бар екені анық. Шындығында, би немесе инженерлік іс болсын, кез-келген жаттығуда ең жақсы нәтижеге әрдайым негіздерді зерделеп, танып, меңгеру арқылы қол жеткізуге болады. Негіздерді толық немесе дұрыс түсінбеу білім алуға деген қызығушылықтың жоғалуына, ақыр соңында одан алыстауға әкелуі мүмкін.

Мұнда айтылғандарды жақсырақ түсіну үшін, бірінші сыныпқа келген баланы елестетіңіз және оған сандарды қосу принципін түсіндірместен бірден көбейту кестесін беріңіз. Мұндай жағдайда, бала математикаға келгенде сасқалақтап, тіпті пәнге деген қызығушылығын да танытпайды. Егер ол оқуға мәжбүр болса, онда математикадан және онымен байланысты барлық нәрселерден бас тартуы мүмкін. Сіз осындай жағдайлардың талайын еске түсіре аласыз деп ойлаймыз...

Сиқырлы би өнеріне деген қызығушылығыңыз жоғалмауы үшін, оқуда айтарлықтай және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуіңіз үшін, Сізді билердің түпкі іргетасы - классикалық хореографияға шықарамыз. Одан қазіргі қолданыстағы барлық билер: баяу вальс те, сальса да, тіпті жарқын және қазіргі джаз-фанк те тараған. Ол – адамның дене мәдениетін дамытатын және кез-келген биді сәтті меңгеру үшін негіз қалайтын би түрі. Дене, арқа, қол-аяқты дұрыс ұстау туралы түсініктер мен жылдам билеуге мүмкіндік беретін барлық білім негіздерін осы жерден алуға болады.

La Danza би студиясының әр мұғалімі елдер мен әлем чемпионаттарында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді және классикалық хореографияның жұмысын жақсы біледі, себебі мұндай жеңістер жақсы негізсіз мүмкін емес.

Біздің студиямыздағы сабақтарда Сіз білдекпен созылу жаттығуларын әлемдегі танымал би мектептерінде жасалған деңгейде орындайсыз!

title_5c3f40e56b7fb8435122261547649253
title_5c3f40e56b96e10745186051547649253
title_5c3f40e56baa411056723841547649253
title_5c3f40e56bbe714965194051547649253
title_5c3f40e56bd616565087241547649253
title_5c3f40e56be8d11828896421547649253
title_5c3f40e56bfbf1824421201547649253
title_5c3f40e56c1355982640331547649253
title_5c3f40e56c2ab9062379481547649253

Классикалық хореография не үшін қажет?

Хореография құнды негіздермен қатар бірнеше маңызды артықшылықтарға ие. Онымен айналысатын әр адам:

  • Бұлшықет тонусын жақсартады. Бұл Сіздің аяқтарыңыз, қолдарыңыз, бөксе мен кеуделеріңіз тамаша жағдайда болады деген сөз. Егер Сіз бұрын спортпен немесе бимен шұғылданбаған болсаңыз да, біздің тәжірибелі оқытушыларымыз денеңізді бірнеше айда жақсы қалыпқа келтіруге көмектеседі. Күшті, икемді және серпімді бұлшықеттер – хореографиямен айналысатын адамдардың бірден-бір көрнекі және әсерлі жетістіктерінің бірі.
  • Сымбатты мүсінді қалыптастырады. Кез-келген қыз сәнді киімнің бүкірейген денеде жақсы көрінбейтінін түсінеді. Аналарыңыз, достарыңыз немесе туыстарыңыз Сізді қаншалықты түзетсе де, өкінішке орай, бұл көмектеспейді. Хореографиямен ұзақ уақыт бойы айналысатын адамдар дұрыс және әдемі мүсінін қарттық шағына дейін сақтап қалады.
  • Дене мен қозғалу пластикасын дамытады. Классикалық хореография сабақтары Сізге танымал «құйқылжыған жүріске» жетуге көмектеседі. Батылдығыңыз жоғарылап, подиумның бойымен немесе жас бозбалалардың жанынан өткен кезде өзіңізді көбелектей еркін, жеңіл сезінетін боласыз.
  • Дене тілін меңгереді. Кез-келген қозғалу тәжірибесі сияқты, хореография да денемен бірыңғай тірі нысан ретінде жұмыс істейді, проблемалық аймақтарды дамытады, блоктарды алып тастайды, ең соңында оны босатады. Артынша Сіз адамдарды жай ғана емес, нәзік деңгейде түсінетін боласыз. Дене тілі туралы естідіңіз бе? Хореография сабақтары Сізге ол тілде табысуды үйретеді, Сіз қимылдарды, ымдарды, көзге көрінбейтін дененің қиғашталуын байқай аласыз, сонымен қатар әріптесіңізге өзіңіз де ақпарат   бере аласыз. Хореографияның көмегімен ашылған дене тілінің қаншалықты бай екендігін танып, сол арқылы қарым-қатынасқа жеңіл түсудің жолдарын үйрену мүмкіндігін алғаныңызда таңданарлық сезімде боласыз
  • Бейвербалды қарым-қатынас дағдыларын дамытады және әлемді жарқын етеді. Хореография бізді тек өзімізге ғана емес, сонымен қатар, бірге билегендерге де назар аударуды үйретеді. Біраз уақыттан кейін денеңіздің мұғалімнің кейбір қозғалыстарын автоматты түрде қайталайтындығын байқайтын боласыз. Музыкамен, сұлулықпен және би эстетикасымен тұрақты жұмыс істеу Сізді әлем мен оның сұлулығын қабылдауға бейімдейді.

Біз классикалық хореографияның маңыздылығы мен пайдасын өте жақсы түсінеміз, сондықтан оны қазіргі кезде бидің басқа түрімен айналысатындарға да және би өнерінің сиқырлы әлеміне алғашқы қадамдарын енді басқандарға да сабақтардың тиімділігін арттыру үшін ұсынамыз.

Біз, сондай-ақ, білім беру сапасының тікелей мұғалімге байланысты екенін жақсы білеміз. La Danza би студиясында ел біріншілігі мен халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болған би өнерінің тек жоғары санатты шеберлері қызмет етеді. Бізге келгеннен кейін қысқа мерзімде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізесіз!

Байланыс телефондары бойынша қоңырау шалыңыз немесе мақаланың жанындағы үлгіні пайдаланып тегін сабаққа жазылыңыз!  La Danza-ға қош келдіңіз!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle