Алматыдағы бал билері
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Balnie Tantsy V Almaty

Сіз ортағасырлық бал атмосферасына түсіп, оркестр ойнаған вальс ырғағына билеп жүрген керемет көйлектегі әдемі ханым немесе  фрак киген жас жігіт сияқты сезінуді армандадыңыз ба? Мүмкін, сіз, керісінше, құмар билерді жақсы көре тұра, қарапайым сальсаға қарағанда талғампаз пасодобльге назар аударған боларсыз? Бәлкім, сіз балалық шақтан би билеуді армандап, олар белгілі бір себептерге байланысты орындалмай қалған болар...

Біз La Danza би студиясында арманыңыздың орындалуына ешқашан кеш емес екеніне сенеміз! Басқа жаттықтырушылардың айтқанына, би өнерінің сіз үшін қандай да бір күрделі және қолжетімсіз екеніне қарамастан, әрбір адамның жақсы би билей алатынына сенімдіміз. Сізді бал билерінің сиқырлы әлеміне шақырамыз, келіңіз!

Бал билері туралы

Бал билері - бұл сымбаттылық пен көріктілікке, сезімталдыққа және шабытқа толы жоғары тәртіптегі би. Оларды бір рет болса да билеп көрген адам бишілерді ұстап тұратын сиқырлы сезім атмосферасы мен көрермендердің ғажайып көріністі тамашалаудағы жағдайы туралы хабардар болады!

Бал билері бізге қоғамның артықшылығы деп саналатын ғасырлар тереңдігінен келді, өзін бекзат санаған әр бикеш би үйреніп, ақсүйектердің салтанатты жиындарында өнер көрсетуді мідет көрген.

  Қазір бал билері өзінің  нақты ережелері мен турнирлері бар халықаралық спорт жарыстарына айналды, онда әркім өз қабілеттерін қазылар алқасына көрсете алады. Арнайы тазаланған паркет  бал билерінің ажырамас бөлігі болып саналады, өйткені бишілер сонда ғана өзінің шеберлігін толыққанды көрсете алмақ. Спорттық билерде 2 негізгі бағыт бар: классикалық бағдарлама және латынамерикалық бағдарлама.

title_5c3f468b9c47c19049326271547650699
title_5c3f468b9c5c716394127021547650699
title_5c3f468b9c7498748047121547650699
title_5c3f468b9c87d11711245091547650699
title_5c3f468b9c9c719518873291547650699

Классикалық бағдарлама

  • Баяу вальс. 1920 жылдардың басында Англияда дүниеге келген би. 18 ғасырдың тереңдігінен бізген жеткен ежелгі вальс эволюциясының түпкілікті өнімі болып отыр.
  • Танго. Құмарлық пен қызығушылыққа қаныққан би. Динамикалық дамуды және күтпеген үзілістерді қамтиды. Бұл - қайратты, бірақ сезімтал жігіттің және нәзік, бірақ қызбалы бикештің биі.
  • Веналық вальс. Әлемнің барлық балдарында орындалатын бұл би бал билерінің арасындағы ең танымал және қарапайым түрі болып табылады, өйткені классикалық баяу вальсте кездесетін көптеген элементтер жоқ. Алайда, веналық вальстің ырғағымен керемет қозғалған жұпты көргенде, бұл бишілердің әуел бастан  жақсы жұмыс жасағандарын біліп қойыңыздар!
  • Баяу фокстрот. Бұл үздіксіз, ұзақ, жылжымалы қимылдардан тұратын би, ол үлкен би алаңдарында әдемі көрінеді.
  • Жылдам фокстрот (квикстеп). Оның баяу бауырынан айырмашылығы  көңілді, жылдам болуынан және жарқырап, кей кезде, тіпті, әзілімен жарасуынан табылады. Ол көңіл-күйді көтереді және қозғалыстардың мәнерлілігін дамытады.

Латынамерикалық бағдарлама

  • Самба. Бұл бразилиялық би – топтағы ең қуатты және желікпе билердің бірі. Ол ең алдымен Рио-де-Жанейродағы жыл сайын өтетін карнавалмен байланысты, онда бишілер өз өнерін көрсету үшін халық алдына шығып тұрады.
  • Ча-ча-ча. Бидің аты өзі-ақ анық және қозғалыс жылдамдығын талап етеді. Стильді, ерекше және ең жас би.
  • Румба. Бұл топтағы ең нәзік және құмар би. Мұнда бикеш өзінің нәзіктігі мен кербездігін айқын көрсетеді, ал серіктесінің міндеті - оған көмектесу.
  • Пасодобль. Бұл би ерлер шығармашылығына арналған өріс болып табылуымен румбадан айрықшаланады, себебі мұнда биші жігіт тореадорды бейнелесе, сеньорита - оның күші мен салқынқандылығының символын білдіреді.
  • Джайв. Қуатты және қайғысыз би, рок-н-ролл биінің бауырласы. Көптеген белсенді секірулер, кенетсіз көтерулер, орындар мен позициялардың өзгеруі жиі кездеседі.

Тәжім (реверанс)

Бал билері - шығармашылық пен өзін-өзі көрсету үшін керемет кеңістік. Денсаулықты түзету мен мүсінді жақсартумен қатар, олар көңіл-күйді көтереді, адам тәртібін, бекзаттылық пен талғамдылықты тәрбиелейді. Олар сұр пәтерлер мен кеңселердің қабырғаларынан, әлеуметтік желілердегі беттерден және Интернеттен басқа оңай қолданыла алатын, шынымен де сиқырлы және қол жетімді өнердің бар екенін еске салады. Мұнда әркім шығармашылық өрлеудің толықтай ұмытылмас тәжірибесін сезінуге мүмкіндік алады, өз өмірін жарқын бояуларға толтырады.

Біз спорттық бал билерін мықты артықшылығымыз деп санаймыз, өйткені біздің оқытушыларымыздың басым бөлігі басқа елдердің және тіпті әлемнің көптеген чемпионаттарының сан мәрте жүлдегерлері, ал би студиясының негізін қалаушы - ағылшындық беделді ұстаздардан тәлім алғанспорттық бал билерінен Қазақстанның дүркін-дүркін чемпионы, тәжірибелі жаттықтырушы. Сонымен қатар, біз әртүрлі елдердің чемпионаттары мен әлемдік турнирлердің жүлделі орындарын иеленген ересектер мен балалардан тұратын көптеген танымал бишілерді тәрбиеледік!

Бал билерінің сиқырлы әлеміне қарай қадам жасаңыз! Өзіңізді сахнаның патшайымы немесе патшасы болып сезініңіз!

Бізге байланыс телефондары бойынша қоңырау шалыңыз немесе мақаланың жанындағы сайттағы үлгі бойынша тегін сабаққа өтініш қалдырыңыз да, La Danza-мен бірге Алматыдағы бал билерін үйренуге келіңіз. Сиқырлық дәмін татып көріңіз! Сізді күтеміз!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle