Бал биінің жасырын қырлары
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Kamal Berdiev Lola Ageeva

Сәлеметсіздер ме, менің блогымның құрметті оқырмандары! Осы жердегі басылымдарым соңғы кезде аз шығып жүр. Жұмыс көп болғандықтан жазуға уақытым да болмады. Сондықтан биді жақсы көретіндер мен мақалаларымды сағынғандарға арнаймын!

Бүгінде мен бал билерінің көптеген қызықты аспектілері туралы әңгімелегім келеді. Олар көптеген адамдардан, соның ішінде тәжірибелі бишілерден де жасырылып келеді деп ойлаймын. Дегенмен, осы мақалада талқыланған мәселелер, негізінен, стандартты және латынамерикалық бағдарламалардағы кейбір билерге деген жеке көзқарасым болып табылса да, менің бақылауларым мен қорытындыларымды қызықты деп танып, олардан өзідеріңіз үшін бірдеңе аларсыздар деп үміттенемін. Сонымен, бастайық!

Пасодобль: бұқалар, тореадорлар және... әйел бұқалар туралы!

Пасодобль  - бұл сахнада шынайы рухани драмаға, құмарлық пен қасақана эмоционалдылыққа толы би. Іс жүзінде, бұл паркеттегі коррида (испандық бұқалардың сүзісуі), мұнда ер серіктес тореодор, ал әйел – бұқа, иә-иә... бұқа бейнесін сомдайды. Бүкіл әлемдегі мыңдаған мұғалім өз шәкірттеріне пасодобльдің мәнін осылай түсіндіреді. Енді бір сәтте нақты, қызарған бұқалар мен нәзік, әсем қызды елестетіңіз. Сіз мұнда бір нәрсе келіспейді деп ойлайсыз ба?

devushka i byk

Бұл туралы ойланыңыз... Әйел бастауы - бал биінің сұлулығының негізгі элементтерінің бірі. Бұл әріптестің өткір қозғалысы, оның серпінділігі мен серіктеске керемет әсер етуі, биде өзара түсінісушілік, момындық - қарапайым көрермендер мен кәсіпқойларды шын мәнінде таң қалдырады; би билеуді қалайтын барлық қыздар осыны үйренгісі келеді! Мұны осы күш пен бұқаның басқа да қасиеттерімен араластыру керек пе?

Әрине, қыз бала қызық, шыдамсыз, қызғаншақ, басқа сөзбен айтқанда нағыз испан (атаулы би сол елден келген) бикеші болуы мүмкін, бірақ белдемшедегі бұқа деп айтуға келмейді де. Айта кететін жағдай, менің көзқарасымды бөлісетін адамдар да баршылық. Бұрыннан танымал биші - Serena Lecca Danza – пасодобльдің мына көрінісін ілгері жылжытатын: әйел теорадор немесе бұқа бейнесін сомдаса да, ӘЙЕЛ болып қалады!

Өйткені, пасадобльде әйел серіктестің денесі сәл алға жылжып, кеудесі бұқаның мүйіздерін симуляциялайды. Осыдан барып «бұқамен ұқсастығы» туындайды. Сондықтан, осы биді жақсы көретін және билейтін барлық әйел серіктестерге айтатын тілегім - ең алдымен әйел болыңыздар, бұқа бейнесіне тым елігіп кетпеңіздер!

Веналық вальс: шыдамдылықтын нақты сынағы!

Веналық вальс стандартты бағдарламаның ең негізгі билерінің бірі. Бұрын ол 6 негізгі фигураға негізделген және бүгінде мұнда әр түрлі жұптар көрсететін түрлі импровизацияға ие болды. Сондай-ақ, қарқыны мен жылдамдығы бойынша ол – еуропалық бағдарламадағы ең жылдам би.

Бірақ біз оған неге назар аударамыз? Оның ерекшелігі қандай? Бұл би жұп үшін төзімділік пен «билеушілікке» нағыз сынақ болып табылады. Үздіксіз 90 секунд айналдыру: бидің өзі шеңберде ғана өтіп қоймай, сонымен бірге бишілердің айналмалы қозғалыстары да бар. Сонымен қатар әйел серіктес өзінің серіктесін жақсы түсіне білу маңызды, себебі бүгінгі күні веналық вальс классикалық фигуралар шекарасынан тысқары шығып, табысты импровизация турнирде жеңіске жетудің кепілі бола алады.

venskiy vals

Айтпақшы, импровизация туралы сөйлессек, Вена вальсінің тағы бір қызықты ерекшелігін атап өткім келеді - «дуэльге шығу». Менің ұзақ би жолымда үлкен турнирлерде әйгілі жұптардың қозғалыс жылдамдығы және вариациялар сұлулығы бойынша жарысып, төрешілер мен көрермендердің алдында нағыз жекпе-жек ұйымдастырғанын бірнеше рет бақылай алдым. Әрбір осындай дуэль өзінше бірегей. Сіз әрдайым жаңадан бір нәрсе көресіз, бұл мені кәсіби маман ретінде қатты қуантады.

Әрине, веналық вальс - жұптар бір-бірінен асып түсуге тырысатын жалғыз би емес (бұл белгілі бір дәрежеде барлық би спортының негізі), бірақ егер сіз ойыншы болсаңыз, онда біздің клубқа сабаққа келіңіз, қажетті деңгейге көтеріліңіз. Сізге паркетте секундантсыз-ақ «оқ алмасуды» үйретеміз!

Танго: стереотиптерді жоямыз

Танго - бұл құмарлықтың, өрттің биі; ол драма және шынайы, жарқын эмоцияларға толы би деген пікір бар. Кезінде ол латынамерикалық бағдарламаның бір бөлігі болған, өйткені жамбастың жақын әрі тығыз жақындығы момын «классиктер» үшін тым арандатушыл әрі сексуалды деп саналды. Қарым-қатынас дағдарысымен айналысатын көптеген отбасылық психологтар жұптарға бүгінгі таңда ескі сезімдерді ояту, «жастық шағын» еске түсіру үшін бал биімен, әсіресе танго биімен айналысуға кеңес береді.

tango

Психологтардың, БАҚ және кинематографтың ұсынуы бойынша тангоның мұндай бейнесі негізді. Сонымен бірге танго тек ішкі азапты бейнелеуден әлдеқайда үлкен мағынаға ие деп ойлаймын. Сонымен қатар «табысты махаббат туралы танго», «бақыт туралы танго», «ләззат туралы танго» және де оның басқа да көп түрлері баршлық. Бұл биді көбінесе драмалық эмоциялар шығару құралы деп санамағанда, танго билейтін қаншама жұп болар еді. Өткір де үзік әуеніне қарамастан, танго қимылдарында тегістік пен ұстамдылық, құрмет пен әдептілік, ләззат және таңданыс байқалады... Тангоны би сауыты деп атауға болады. Бишілер немен толтырса, соған толады. Сондықтан егер сіз «өз» таңгонызды билеуге үйренгіңіз келсе, La Danza-ға қош келдіңіз!

Бұл бидің өзіндік бір ерекшілігі бар, ол жаңа бишілерге қатысты. Алғашқы сабақтарды, әсіресе бойжеткендерге, осы биден бастаудан аулақ болу қажет. Тангоны жартылай бүктелген аяқпен билейді. Осындай қалыпта жүргізілген үйреншіксіз жаттығулар ауыр крепатураға немесе омыртқаның ауыруына себеп болуы мүмкін. Сондықтан бірден осы биді билеуге асықпай, басқа да бал билерін қараңыз - олар жеткілікті, және әрқайсысы өзінше әдемі!

“Түсініксіз” баяу фокстрот

Неліктен түсініксіз? Өйткені турнирлер мен сыныптарда көрген барлық жұптар арасында, тек бірнешеуі ғана биді саналы билей алды! Көпшілігі, менің ойымша, бұл би не туралы екенін және оның ерекшелігін толық түсінбеген секілді. Өзім үшін бұл бидің айқын көрінісін көрдім, ойымды сізбен бөлісемін, бірақ алдымен мен оны кейбір стандарттармен немесе абсолюттермен теңестірмеймін деп айтқым келеді, өйткені бал биі - бұл өнер, ал өнер әрдайым субъективті және бұлыңғыр қырлы.

medlennyi fokstrot

Мен үшін баяу фокстрот - ол джазға, табысты адамның және оның адал жұбының биіне ұқсас. Бұл би музыкасы жағынан да, сипаты жағынан да қиын – онда көптеген жайылмалы қозғалыстар бар және олар фокстрот әуендеріндегі музыкалық аспаптардың «сырғымалы» партияларымен толықтырылып отырады. Баяу фокстроттың фигураларындағы ырғақ жинақтарын жеткізу өте қиын. Мысалы, баяу фокстротты «slow-fast-quick» әдісімен билеп жүр, бірақ оны “slow-quick-and” әдісімен билесе қызықтырақ болар еді, және де осы сияқты нұсқалары көптеп кездеседі. Сізге баяу фокстрот туралы менің көз қарасымды ескеруінізді өтінемін, ол сізге биді жаңа қырларынан түсінуге мүмкіндік беріп, эмоцияларға толтырады. Сонда ол сіз үшін жаңа мәнге ие болады және «стандарттыныздың» әшекейіне айналады.

Мен өмірімнен бір қызық оқиға айтып бергім келеді, ол фокстроттың бұл түрі шынымен қиын екенін дәлелдейді. Есімде, менің алғашқы маңызды би турнирімде баяу фокстротты билеу керек болғанмын, бірақ қатты қобалжығандықтан, екі негізгі қадамнан басқа фигураларды ұмытып кеттім. Сондықтан мен бүкіл биді - 90 секунд бойы тек екі негізгі қадамен биледім :) Осындай күлкілі оқиға!

Самба: “айтуға болмайтын әңгіме” туралы би…

Жаныңызда әлдебіреу «секс» сөзін айтқан кезде, қызарып, бозарып тұрсаңыз, самба - сіздің жүз пайыз сезініп, билей алмайтын биіңіз! Самбаның синкопталған ырғағына бағынған аяқтың серіппелі қозғалысы осы биге тән сипат болып табылады. Бұл жағдайда бишілердің тірек аяғы еденнен көтеріліп, бөксе икемді түрде артқа және алдыға қарай тербеледі. Ал бөксенің мұндай түре соққылары тізенің жұмысымен дұрыс байланысса, ол жыныстық қатынас кезінде туындайтын дене қозғалыстарының белгілі бір үлгісіне ұқсас болуы керек.

samba

Кеңестік діл қалдықтары жағдайды одан сайын қиындатуда, себебі сол кезде «секс болған жоқ», баланы «қырыққабаттан тауып алдық» немесе «дегелек әкеліп берді» деген әңгіме кең тараған. Айта кетейін, самба – нағыз «сол туралы» би, ол әйелдерге де, ерлерге де сексуалды энергиясын аяғына дейін қабылдап, онымен үйлесімдікте болып, бақытты отбасылық өмірді жалғастыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тақырып бойынша кез-келген адамның қиындықтары, ішкі сипаттағы психологиялық мәселелері болса, мен самба билеуге кеңес беремін!

Осы бидің энергетикалық күші туралы мен сөзіме мынандай мысал келтіре аламын: бір рет турнирде менің серіктестерімнің бірі «би ырғағымен айналғаны» соншалықты, жақтан бір соқты :) Осылайша, кез келген адамның көңілін көтеруге болады! Билеп көріңдер!

Қорытынды

Бал билері - бұл тек эстетикалық ғана емес, сондай-ақ психология тұрғысынан терапевтік құндылығы бар бірегей және әдемі құбылыс. «La Danza» би клубтарының желісінде тұрақты би сабақтарынан алатын ең құнды нәрселеріңіз физикалық нысан мен би техникасы емес, олардың сананы сапалы өзгерістерге әкелетіндігін айтқым келеді. Біз мұнда адамдарды күн сайын жақсы жаққа қарай өзгертіп отырамыз - біз оларды көңілді, жарқын, тірі және шын мәнінде бірегей етіп жасаймыз, олар бізге сол үшін риза! 

 

Сіздің La Danza-дағы бал билері сабағынан алған нәтижелеріңіз қандай болатынын айта алмаймын, бірақ олардың оң болатынына мен кепілдік бере аламын!

 

Байланыс телефондары бойынша бізге хабарласыңыз, тегін сынақ сабағына келіңіз, бидің сиқырлы әлеміне аяқ басыңыз және бұрынғыдан да жақсы болуға ұмтылыңыз!

 

La Danza-да көріскенше!

 

Қүрметпен, Камаль Бердиев

 

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle