«Сардиниялық демалыс» немесе менің Италияға соңғы сапарым туралы
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Kamal Berdiyev La Danza 02

Бүгін блогымның беттерінде Италияға жақында шеккен сапарымнан алған әсерім мен өзімнің ойларыммен бөліскім келеді. Мен Сардиния арлында болдым, ол жерде өзіме тарихы мен би мәдениеті бай, темпераментті тұрғындары бар итальяндық мәдениетті аштым. Ерекше көңіл бөлуге тұрарлықтай екен... 

Мен Италияға не үшін бардым?

Алдыңғы бір жариялаған сөздерімде: «Би - мен үшін өмірдің мәні!», - деп айтып қалдым. Болмыстың қуаныштарына бөленетін жерім. Өз қызметімнің өрісін кеңейтуге, жаңа шыңдарды бағындыруға ниеттеніп жүрдім. Мен Қазақстанның, тіпті сырт елдің де, адамдарын барынша ғажап би әлемімен таныстырғым келеді. Сонымен қатар шетелге жиі шығып, бал билері бойынша түрлі чемпионаттарға қатысатынымды бірнеше рет айтқан болатынмын. Ол жерде басқа елдердің достық және іскерлік қатынастағы биші әріптестерімді кездестіріп тұрамын. Олармен түрлі тақырыптарға әңгімелесемін: би әлемінің өзекті жаңалықтарын талдаймыз, өзімнің жемісті тәжірибеммен бөлісемін және олардың жетістіктеріне бірге қуанамын... Кейде ондай тіл табысу өз жемістерін береді. Бүгін әңгімемді сондай жағдай туралы баяндаймын.

Блогымның бетттеріне әлі ол туралы жазбаған шығармын, алайда шын мәнінде ұзақ уақыт бойы өзімнің Еуропадағы би клубым жайлы ойланып жатырмын. Бүгінгі таңда студенттерді оқыту мен спорт биін бұқара халыққа жеткізуде айтарлықтай күнделікті жетістіктерге жетіп, өзім басқарған ұжымым қызмет атқаратын Алматы мен Қазақстандағы үздіктердің қатарындағы La Danza би студиясы бар болса да, ойынымның одан да үлкен, әлдебір сапалы жаңа деңгейіне жеткім келеді. Сол жаққа бет бұрысымның алғашқы қадамы 2015 жылы Германияға шеккен сапарымда жасалды. Онда La Danza атымен Еуропадағы жаңа би клубының ашылуы бойынша әлеуетті серіктестеріммен келіссөз жүргіздім, алайда, өкінішке орай істің барлығы тек келіссөз деңгейінде қалып қойды. Сонда атаулы идеямды қоя тұруға шештім де, алматылық клубтар желісін дамытуды жалғастырдым. Бағым қайта жанды десе де болады!

Менің жақын құрбым бірде телефон шалып, Италияда, нақты айтқанда Сардиния аралында бишілік өнеріме қызығып, Италияда би клубын ашу үшін мені өздерінің серіктесі ретінде көргісі келетін адамдардың бар екенін хабарлады. Сөзден сөз шығып, міне, мен ұшақтың ішінде жерден алыстап, жаңа клуб ашу туралы италиялық серіктестеріммен келіссөз жүргізуге ұшып бара жатырмын!

Ол клуб жайлы түпкі ой – бұл тіпті мен үшін де әлдебір жаңалық. Клуб Сардиния аралындағы ұзақ тарихы бар үлкен, мәртебелі Forte Village деп аталатын курорттық орында орналасатын болады. Мұнда жыл сайын Еуропа мен ТМД елдерінің ауқатты адамдары демалуға келеді. Италияға жеткеннен кейін мен атаулы курорттың бас директоры мен resident-менеджерімен кездестім. Кездесу барысында осындай үлкен жобаның ұйымдастырушылық және жұмыс мәселелерін талқыладық.

italia sardinia

Қазір алдын ала айтуға болмаса да, бұл жобаның керемет болашағы бар екенін атағым келеді және ол арқылы би жобасын құрудың жаңа деңгейіне шыға аламын деген ойдамын. Сонымен қатар бұл ТМД би әлемінің өкілімен құрылған Еуропадағы санаулы би клубтарының бірі болмақ! Курортта демалған адам 2 апта ішінде қалауы бойынша жақсы техникалық база алып, кез келген, мысалы, аргентиналық танго немесе латынамерикалық бағдарламаның ішіндегі бір биді үйрене алатын болады.

Алдыда мені үлкен жұмыс күтіп тұр: келіссөздерді аяқтау, кадрларды таңдау, клубтың өзін ұйымдастыру. Сонымен қатар, сол клубтың негізінде түрлі би тунирлері мен Қазақстан және басқа да мемлекет өкілдерінің қатысуымен «Детская Юрмала», «Новая Волна» сияқты жас орындаушылар жарыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Әрине, осы жоспарларымды іске асыру үшін және La Danza би клубтары желісінің тарихындағы жаңа бетті ашу үшін біраз уақыт Италияда болуға тура келеді.

Алайда уақытымның басым бөлігін іскерлік мәселелерге арнасам да, италиялықтардың би мәдениетін бақылап та үлгердім. Бұл тақырып, менің көзқарасымша, назар аударуға тұрарлық. 

Билейтін Италия

Бал биінің италиялық мектебі ағылшын сияқты би спортының әлемінде ежелгі және ең белелділерінің бірі болып табылады. Ол ағылшын және басқа мектептерден өзінің қимылдарының еркіндігімен, қысылмауымен, қайталанбас ерекше стилімен айрықшаланады.

Италияда еуропалық стандартты тіпті жай адамдар да билейді. Бұған нағыз айғақ ретінде «Лимоны Желтые» тратториясына (ол менің жақын құрбымның мейрамханасы) жиі келіп жүрген италиялық аспаздарды келтіре аламын. Олар осы еуропалық стандартты қысылмай билейді. Әрине, әуесқой деңгейде болса да, ырғақ пен музыкалық өлшемді ажыратып, ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ оны кәдімгідей билейді. Бұл керемет!

Италиялық мектеп өкілдері бүгінгі күнде әлемдік би қауымдастығы элитасының айтарлықтай бөлігін құрайды. Олар бал билерінің үлгілерінде жаңашылдықты орнатушылар болып табылады.

kamal berdiyev la danza 03

Италиялық мектептің көптеген өкілдері әлемдік атаққа ие және кеңінен танымал, олар тунирлерде маңызды жеңістерге тұрақты түрде жетіп отырады.

Бұл көп жағдайда атақты италиялық ұстаздар мен бишілерден тұратын «Team Diabolo» деп аталатын «мафиялық би кәсіподағы» жұмысының нәтижесі болып табылады. Өздерінің төрешілері және қатысушыларымен бірлесе отырып бұл ұйым әлемдік деңгейдегі маңызды би турнирлерінде өздерінің жұптары үшін айтарлықтай астыртын әрекет жасайды. Бұл топтың қазіргі кездегі би спортындағы (әсіресе италиялық) ықпалы орасан зор.

Италиялық бишілер үшін паркеттегі қарыспа мінез, тәуелсіз, эмоцияларға толы «па» және керемет би техникасы тән. Жастар паркетте өздерін кейде жеңілтектікке қоя береді, алайда бал билерінің «моральдық кодексінен» тысқары шықпайды, қимылдары өте әдемі және үйлесімді! Биді жеткізуде қасақана қимыл, бет жүзі, халық алдында өзін ұстау, тіпті мен сияқты кәсіпқой үшін айыруға қиын ұсақ-түйектен құралған өздерінің қайталанбас стилін иеленген. Мұны сөзбен жеткізуге қиын болса да, көңіл-күйіңмен қабылдау жеңілге түседі!

Италиялық жұптардың басқалардан айырмашылығы ер серіктестерінің шырт мінезді болуынан көрінеді. Мысалы, басқа мемлекеттерден келген жұптарда «ер серіктес жүргізеді» деген ережеге қарамастан әлдебір тепе-теңділік байқалса, италиялық жұптарда бұған жол берілмеген. Италиялық ер адам жұпта өзін сөзсіз көшбасшы санайды: ол жаттығуларды да басқарады, хореографияны да өзі қояды, ал биде өзінің әйел серіктесін сенімді және өктем жүргізгеніне тек таң қалудан басқа әрекет қалмайды!

Бір нәрсені ғана нақты айта аламын, биші және жаттықтырушы мансабына жету жолында көптеген италиялық жұптармен араласып тұрдым, олардың паркеттегі орындауын бақыладым, сондықтан ба, олардан алған біраз заттарды өзімнің күнделікте тәжірибемде қолданып жүрмін.

Қорытынды

Әңгімемді аяқтай отырып, барлық жоспарларымның орындалуы үшін және күндердің бір күні сіздерді Италиядағы алғашқы La Danza клубының ашылуымен қуанту үшін қолымнан келгенше барымды салатынымды айтқым келеді!

forte village resort

Ал әзірше сіздерді Алматы қаласындағы клубтарымыздың бірінде табиғаты бойынша ғажайып, жарқыраған және бірегей ерекше би өнеріне қатысуға шықырамыз! Биден сіз тұлғаңыздың жаңа қырларын ашасыз, күнделікті тіршілігіңізге ашық бояу қосып, өзіңіз бен өміріңізге мүлдем жаңа көзқараспен қарайтын боласыз!

Байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз немесе сайттағы мақаланың оң жағындағы үлгі арқылы қайырмалы қоңырауға тапсырыс беріңіз де, тегін сабаққа жазылыңыз! La Danza-ға қош келдіңіз!

 

Құрметпен, Камаль Бердиев

бас-жаттықтырушы және Алматы қаласындағы La Danza би клубтары желісінің негізін қалаушы

 

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Нет изображений

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle