Махаббат және би. Олардың өзара қарым-қатынасы
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Tantsy I Otnosheniya

Бүгін мен кәсіпқой би спортының өте шетін тақырыбын, яғни бидегі жұптың романтикалық қарым-қатынастарының биге тигізетін әсерін талқылағым келеді. Неліктен шетін мәселе? Кәсіпқой бишілердің моральдық кодексінде серіктестер арасында романтикалық қарым-қатынасқа жасырын тыйым салынған. Серіктестердің нәзік сезімі кейде олардың бидегі тәртібіне теріс ықпал етеді деген тұжырым бар. Мысалы, сүйіспеншілікке байланысты қиындықтар турнирдің алдындағы көңіл-күйді елеулі түрде бұзуы мүмкін, сондықтан жұп жарыста әлдеқайда нашар билеуі мүмкін. Мұндай жағдайлар жиі орын алуы мүмкін. Дегенмен, мен осы құбылыс туралы көзқараста объективті болуға тырысамын және махаббат пен бидің бірігуінің оң сәттері туралы да айта кеткім келеді. Бірақ барлығы рет-ретімен болсын..

Жүргізу туралы біраз сөз 

Жүргізу - бал биінің негізгі қағидаларының бірі. Бұл ер серіктес пен әйел серіктестің арасындағы тығыз физикалық және рухани түйісуі болып табылады. Ер серіктес көшбасшы рөлін алып, әйел серіктесіне ғана түсінікті дене қимылдары мен көз тастауларын пайдаланып, нәзік әріптесінің әдемі пируэттеріне бағыт береді.

Іс жүзінде бұл былай болар еді, бір жерде әріптесіме қолымды тезірек созамын, бір кездері алақанын біраз қысамын, бір кездері әдетте әрекеттеспейтін қолыммен денесін ұстаймын. Кәсіби тұрғыдан айтқанда, жүргізу - бұл ер серіктес көзқарасы тұрғысынан «әріптесімді аяғына қалай қоямын» және әйел серіктестің көзқарасы тұрғысынан «мен аяғыма қала тұрамын» деген сөз. Бұл жердегі «аяққа тұру» әріптес пен паркетке ұстасу дегенді білдіреді.

Дұрыс жүргізу әрқашан ер серіктестің жауапкершілігі болып табылады! Бұл өте маңызды! Және ол тек жалаң техникадан құралмайды; бұл әріптесіңді ана не мына аяғына тұрғызу немесе бірінші не екінші жаққа бағыттау ғана емес. Бидің өте субъективті нәрсе екендігін ескере отырып, оны әрбір адам өз көзқарастары арқылы қабылдайды және жеткізеді, мұнда жұптағы әр қатысушысының даралығы маңызды рөл ойнайды. Романтикалық қарым-қатынастардың әсерінен даралық көп өзгереді. Өйткені, кез-келген фигураны түрлі музыкамен және әртүрлі көңіл-күймен билеуге болады, ал серіктестердің нәзік сезімдері, әрине, олардың биіне өздерінің белгісін қалдырмақ. Әрі қарай, бұл өзгерістерді егжей-тегжейлі сипаттау үшін сөз табу қиын, себебі әр жұптың елеулі айырмашылықтары көп.

Дегенмен, кәсіби бал биіндегі кейбір сезімге бөленген жұптардың ортақ сипаты бар - олардың биінің шабыттануы мен рухани бірігуінің ерекше деңгейі. Бұл, әрине, жүргізу сапасына жағымды әсер етеді: ер серіктес әйел серіктесін басқаруға сенімді жүргізіп, екіншісі би барысында серіктесімен жасалған көрінбейтін белгілерді жақсырақ «естиді» және жеңіл ереді. Бұл жай ғана болжау емес, әріптестің ым-ишарасына берілген дұрыс, сапалы, болжамды жауап!

balnye tantsy partner

Өкінішке орай, бұлай әрдайым болмайды. Мен керемет романтикалық қарым-қатынаста болған жұптың паркетте айтарлықтай жоғары деңгейде өнер көрсетпегенін жиі байқадым. Тіпті өзім әріптес ретінде де, мұғалім ретінде де зор тәжірибеме қарамастан, осы құбылыстың нақты себебін айтуға қиналамын.

Айта кетейін, бұл би, ең алдымен, физикалық емес, интеллектуалды жүктеме, бірақ мұнда ақыл-ой мен дене тең дәрежеде жұмыс істейді. Би кезінде ер серіктестің жұбында не болып жатқанын көруге және түсінуге болатын көптеген үрдістер бар, себебі ол екеуіне де жауапты. Сонымен қатар, әйел серіктес, біршама көтерілген гормоналды себептермен, серіктесінің белгілерін нашар қабылдап, автоматты түрде билеуі мүмкін. Мұны енді би емес, музыканың ырғағымен орындалған механикалық қозғалыс деп санауға болады.

Нәтижесінде біра ғана қорытынды ұсынылады:  бидегі романтикалық қарым-қатынас (әуесқой емес, кәсіби спорттағы!) – айнымалы шама. Олар табысқа жетудің де, жеңіліске ұшыраудың да катализаторы болуы мүмкін.

Олар өте жоғары сапалы жүргізуге және әдемі бидің негізі бола алады да, отбасылық жанжал түрінде белгілі бір маңызды турнирдегі бидің берекесін де кетіре алады, басқа сөзбен айтқанда, ол әрдайым отпен ойнағанға тең, Бірақ сіз кәсіби би спортына мақсат қойсаңыз, құмар адам болсаңыз, сүйіспеншілік сізге көмектесетін болады деп ойласаңыз, онда іске сәт! 

Мінез де маңызды

Басқа айқын факторлардың бірі - серіктестердің бастапқы мінезі, олардың ата-аналарынан дарыған, білім алып, өмірлік тәжірибеден алынған жеке қасиеттері. Мысалы, олар бір күнде кездесіп (немесе әлдеқашан паркетте танысып, бұл маңызды емес), сүйіспеншілікке бөленіп, бір-бірімен бірге би билеуді қалады делік, алайда олардың жеке басындағы тұлғалары әлдеқайда бұрын қалыптасқан, олар бидің сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан екі серіктестің де бидің табысқа жетуіне ықпал ететін жеке қасиеттері баршылық.

Егер серіктес туралы айтатын болсақ, онда, ең алдымен, ол өзі-өзіне және күшіне сенімді болуы тиіс. Мұндай адам өзін жақсы көреді және өзінің болмысын, соның ішінде биде де, қабылдайды. Егер ер серіктес өзін құнсыздандырмаса, демек, ол өзінің әйел серіктесін де құнсыздандырмайды. Бұл бидің жоғары деңгейіне жетудегі басты рөлді атқаратын жаттығулар құрылысының оң, шығармашылық сипатына әкеледі. Ал егер әріптес өзіне сенетін болса, ол не істеп жатқанын жақсы түсінсе, өзінің жұбын жетелеген мақсатты елестетін болса, онда ол табысқа жетеді!

balnye tantsy partner 01

Әйел серіктеске келетін болсақ, тәртіпті сақтау табыстың басты кепілі болып табылады. Дегенмен, біз мұнда әскери тәртіпті айтып тұрған жоқпыз. Өзін және әріптесін мұқият тыңдау, оның қимылдарына, берген белгілерге сәйкес және дұрыс жауап беру – осының барлығын әйел серіктестен күтеді.

Маңыздылығы бойынша әйел серіктес үшін екінші қабілет шыдамдылық болып табылады. Ол серіктесін тыңдау дайындығынан, оның артынан еруге және оған деген сенімділігінен, әріптесіне «ер болуға» және көшбасшы рөлін атқаруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Ол сондай-ақ серіктесімен қарым-қатынасының дұрыстығынан байқалады. Мысалы, серіктесіңіз қате жіберсе, сіз бұл туралы нәзік айтуыңыз керек: сөзбен немесе дененің қимылымен ыңғайсыз екенін көрсетуге болады. Бірақ ешуақытта серіктеске қарсы келмеу керек, оның жүргізуіне қарсылық танытпау керек, өйткені бұл – сенімсіздіктің белгісі, кері жағдайда оның бидегі серіктес ретіндегі өзіне және көшбасшы ретіндегі сенімге нұқсан келтіреді. Әйел серіктес – бидегі ең жақын адам, оның бір ғана көз тастауы немесе сөзі дем беруі де, барлығын бүлдіруі де әбден мүмкін. Сондықтан әйел серіктес әріптесімен қарым-қатынасында түсінісушілік танытып, ең жақын досы болуға тиіс! 

balnye tantsy partnersha

Жұп үшін зиян тигізетін мінез сипаттары туралы айтатын болсақ, олар әйел серіктеске де, ер серіктеске де бірдей – бұл кесімділік пен өзімшілдік. Көп жағдайда олар жастардың мінез-құлқында кездеседі. Серіктестер мысалында мынандай жәйтті өз көзіммен көрдім: кейбір ер серіктестер өз-өзіне сүйсінумен болып, әйел серіктесін елемей жүреді. Ол өзін өзі қалай сезініп тұр, тұруға ыңғайлы ма, тұр ма әлде тұрған жоқ па, әуенді шықты ма әлде жоқ па және т.т. сияқты мәселелер жайлы уайымдары да жоқ.

Менің өзімді (бұл философиямен толық келісемін, сондықтан атаулы ұстанымдар мен үшін зорлап міндеттелген жоқ) ер серіктестің басты міндеттерінің бірі – өзіңнің әйел серіктесіңді биде әдемі қылу, оған өзінің әйелдік бастауын ашуға болысу және оны халыққа көрсетуге үйретті. Сонымен қатар паркетте әйел серіктес әлдеқайда әлсіз болады: оның партиясында айналулар мен әдемі майысулар мол, ал костюмы үнемі ашық, сондықтан кез келген техникалық ақаулар, мысалы, аяқтарындағы кемшіліктер, төрешілердің өткір көзінен жасырын қалмас. Сонымен бірге, менің көзқарасымша қыз балалар алдын ала нәзік және үркек жандар болғандықтан, үнемі бір нәрседен қорқып жүреді. Сондықтан ер серіктес оны аяғына дұрыс қоюы керек, музыкалық сәттерде агрессиялық және әлдебір жылдам қимылдан кейін ыңғайлы болатындай тоқтатуы тиіс. Ал ер серіктестер тым өзімшіл болғанда, әйел серіктес тым болмаса аяғына нық тұруы үшін серіктесінен алған салмақ және қуатпен күрескені көрініп тұрады. Бұл, әрине, жағымсыз жағдай...

 Кесімділік әйел серіктесте де, ер серіктесте де бірдей байқалады, ондай жағдайда екуінің бірі жол бермей, өзінің мінезін немесе биін қайта қарастырғысы келмейді. Бұл жұптың ілгері жылжуына тоқтау салып, олар бір-біріне кімнің дұрыс екенін дәлелдеумен уақыт өткізеді. Жұптағы серіктестің біреуі өз жұмысын іске асырудың орнына «кішкентай үстемшілдің» кейпін киіп, онымен келіспеген жағдайда қатты ашуланғанын жиі байқайтынмын. «Күлкілі де, айыпты да» қатарына жататын оқиғаларға да жеткен кездер болған, мысалы, Лондонда турнир алдындағы дайындықта ер серіктестің әлдебір қатесіне әйел серіктестік балағат сөздермен қаһарын танытты, қасындағылар орысша түсінбейді деп ойлаған болар. Ал серіктестер бір-біріне ғашық болса, бірақ қарым-қатынастары жақсы болмаса, жиналып қалған келеңсіздік ашуға батырады. Сол кезде, құдай сақтасын... Әрине, мұндай мінез-құлық көрсетуге болмайды!

 Әйел серіктеспен байланысты тағы бір жағымсыз нәрсе - бұл бойжеткеннің әйел бастауының айқын көрінісі жоқ деген мағынадағы тәрибенің болмауы. Оның қимылдары дөрекі және мәдениетсіз, сөзі түсініксіз және сүйкімсіз, ал әдебі жасөспірім балаға немесе шабандоз әйелге ұқсайды. Үйде, кездесуде немесе тіпті төсекте әйел болу - бұл бидегі әйел болумен тең емес. Биде әйел болу - бұл жеке өнер! Бірақ жақсы жаңалық – бұған үйренуге болады!

Бал билері әйел бастауын жандандырады, оған тиісті бедерлеу беретіні соншалықты, кейіннен оның биінен шын мәнінде ләззат алуға болады. Мен өзім сондай әйелдердің сыншыл серіктестерімен билеп, өз серіктесін түзету үшін, бағыттау үшін дұрыс сөздерді және көзқарастарды табуға үйренгенін бірнеше рет көрдім, және мұны іске асырғанын бақыладым. Сонымен қатар, би жалпы өмірде әйелге биязылық береді, бұл мәртебелі ерлердің ықыласын тудырады.

Бидегі осы биязылық қалай беріледі? Сөзбен сипаттай алмаймын, тек қана бейнебаяндарды мысалға келітіріп, көрсете аламын. Сол жағындағысы, менің ойымша, биде биязылықтың өте жоғары деңгейін көрсетеді. Оң жақтағы әйел серіктестің қозғалыстарында адырлық пен еркектікті бейнелейді. Мүмкін сіз менімен келіспейтін шығарсыз, бірақ жоғарыда жазғанымдай, би өте субъективті жеке ұғым. Көрінісіңіз тамаша болсын!

 

Бидің қарым-қатынастарға тигізетін ықпалы  

Менің жариялаған басты тақырыбыма оралайық. Егер бидің қарым-қатынастарға тигізетін ықпалы туралы сөз қозғайтын болсақ, қысқа мерзімді болашақта ол үйлену тойының биін дайындаған кезде қатты байқалады. Жұпта би билеп үйренуге келген бір-біріне ғашық жандарды осы жерден жиі көреміз. Бидің бір-ақ рет қойылғанына немесе тұрақты жаттығуларына қарамастан серіктестердің ортақ өмірінде бірін-бірі жақсырақ түсіне бастағандарын алдымен айтады. Олар біраз уақыт бірге болса да, бір-бірінің бұрын көрмеген қырларын жаңадан тани бастайды. Үйлену тойның биін қойған кезде, жауапкершілік артылып, күйзелген екі серіктес те ішкі үрейлері мен кемшіліктерімен күресе бастайды, бұл олардың қатынасын нығайта түседі. Жаттығу барысында бойжеткен өзінің серіктесіне жетектеуге мүмкіндік беруге үйренеді, өйткені тәжірибеге сүйенсек, «басынан» бастаған қыз балалар жігіттерге қарағанда жақсырақ билейді. Бозбалалар қалып қойса да, уақыт өте, бейімделгеннен кейін барлығын дұрыс орындай бастайды. Серіктестер бірін-бірі жақсырақ естуге, бір-біріне танытқан нәзік және астыртын белгілерді ұғынуға, бір-бірінің көңіл-күйі мен ішкі жайын жақсырақ сезінуге үйренеді. Әрине, бұлардың барлығы олардың романтикалық қарым-қатынастарына жағымды әсер етпек.

para tantsuet

Сонымен қатар, айта кететін жағдай, осы жаттығулардың барлығы музыканың қолдауымен өтеді. Музыканың, әсіресе, үйлену тойының биіне қатысты болса, эмоциялар туғызып, адамдардың қарым-қатынастарына жаңа реңк пен әсерленушілік енгізеді. Әдемі әуеннің астына билегенде ең жақын адамыңмен бірге жаңа нәрсе жасап шығарасың. Ер адам мен әйел бір-біріне толық тәуелді болса, бір-біріне сенім артса – бұл керемет құбылыс! Мұндай сәттер әрқайсымыздың романтикалық қырларымызды оятып, ер адамдар өзінің сүйіктілерін күнделікті тұрмыста жетіспейтін ұнамды тосын сый және сыйлықтармен қуантқысы келеді.

Қорытынды

Қорытынды ретінде келесіні айтқым келеді: би, әлбетте, романтикалық қатынастарды нығайтады және түрлендіреді. Би оларды жаңа сезім мен әсерленушілікке толтырып, «махаббат 3 жас өмір жасайды» сияқты сандырақ сөздерді жоққа шығарады. Алғашқы жылдары өтіп кеткен құмарлық пен тәнті болу жоғалып, сезімдер өше бастаған қатынастарды өмірге жандандыру үшін би жақсы құрал бола алады деп сенімділікпен айта аламын. Бимен айналысу кез келген ер адамды жігерлендіріп, әйелді биязы етеді, олардың қарым-қатынасын жаңа деңгейге шығарады!

Сіздерді Алматыдағы La Danzа клубтарының біріне бал билерінің ғажайын өнерін меңгеруге шақырамыз! 

Бізге байланыс телефондары арқылы хабарласыңыз немесе мақаланың оң жағындағы үлгі бойынша қайырмалы қоңырауға тапсырыс беріңіз. Тегін сабаққа жазылыңыз және La Danza-да кездескенше!

Құрметпен, Камаль Бердиев

Алматы қаласындағы La Danza би клубтарын желісінің негізін қалаушы және бас жаттықтырушы

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle