Шығыс билерінің ханшайымы - сиқырлы Әйгерім Ерімбетова!
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Aigerim 01

“Бүгін блогымның беттерінде біздің ерекше ұстазымыз, шығыс билерінің жаттықтырушысы, керемет адам және әдемі әйел, Ерімбетова Әйгерімге сөз бергім келеді. Ол, La Danza шығармашылық отбасының барлық мүшелері сияқты, шығыс биін үйретудің ерекше әдісін иеленген, билеу мен би үйретуді жақсы көреді. Бұл, жоғары психологиялық біліммен қатар, Әйгерімге әрбір студентті сезінуге және әрқайсысының, тіпті ең қарапайым болсын, әйел бастауын ашуға және аутизмге шалдыққан балалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондықтан ыстық қабылдап, қарсы алыңыздар!”

Камаль Бердиев,

бас-жаттықтырушы және La Danza би клубтары желісіннің негізін қалаушы
 

- Сәлеметсіз бе, Әйгерім! Би билеуді қашан бастадыңыз және неліктен шығыс биін таңдадыңыз? Сол туралы айтып берсеңіз.

- Cәлеметсіздер ме! Менің атым Ерімбетова Әйгерім. Мен Талдықорған қаласында туылдым, бірақ 1997 жылы Алматыға қоныс аудардым. Мамандығым – психолог, ал таңдауым – шығыс биінің оқытушысы. Өзімнің бидегі өнер жолына келетін болсам, ес білгелі билеп келе жатырмын. Бала кезден-ақ биге құмарлық таныттым, меніңше, Шығыс қанымда бар сияқты, өйткені биді қай жерде және қашан үйрене бастағаным есімде жоқ. Рас айтамын, аяғыма тұра сала, шығыс биінің қимылдарын келтіре бастадым.

Кейінірек мен жас кезімде шығыс биінің сабақтарына қатыстым, бірақ сол жерде кәсіби түрде би билеуге бармадым, тек өзімді қалыпта ұстап тұрдым. Сабақтардан үлкен рахат алдым және шығыс музыкасымен денемді жақсы сезінетінмін. Бұл, мүмкін, шығыс биіне деген жоғарыдан берілген талабымның арқасы шығар деп ойлаймын. Міне, мен осындай деңгейге дейін бірте-бірте жетіп, өзім де үйрете бастадым, ұстаздық қызметімді 5 жылдан аса жалғастырып келемін.

- Сіз шығыс билерін ересектер мен балаларға үйретесіз бе?

- Менің студенттерімнің көпшілігі ересектер еді. Балаларды маған әкелгенімен, мен оларға шығыс биін үйретпеймін. Байқасаңыздар, оларға ерекше көңіл бөлемін. Мен үшін шығыс биі әйелділікке, сексуалдылыққа, сезімталдыққа қатысты және бала бұл туралы түсіне қоймайды. Сондықтан, балалар мұғалімі ретіндегі тәжірибем тек жалпы балалар хореографиясымен ғана шектеледі. Дегенмен, бұл менің басқа билерді нашар үйретеді дегенді білдірмейді. Жалпы алғанда, мен барлық билерді билей аламын, тіпті йогамен де айналысамын!

- Жақсы. Әйгерім, айтыңызшы, сіз шығыс биі байқауларына қатысып көрдіңіз бе? Осы салада қандай жеңістеріңіз болды?

- Білесіз бе, мен әрқашанда биді әуестік ретінде көрдім, және одан турнирлердегі техникалық жетілдіру мен медаль алуға емес, ең алдымен ләззат алуға ұмтылдым. Сабақ берген кезде студенттеріммен тәжірибем мен біліміммен бөлісемін, әйелдерге қызықты және тартымды болу үшін, рухани және мүсіндік даму көмек көрсетемін, бұл олардың жетістіктерімен расталады! Бұл менің жеке миссиям, бәсекелестік рухы, өкінішке орай, маған тән емес. Мен La Danza би клубтары желісінің спорттық бал билерінің мекені екенін түсінсем де, халықаралық деңгейдегі нағыз чемпиондарды дайындауда күн сайын білім беріп, еңбектеніп жүрген әріптестерім шығыс билері мен спорттық бал билері арасындағы айырмашылықты баяғыдан байқағанын білемін.

- Айтыңызшы, сіздің би жолыңызда қиындықтар мен қобалжу болды ма? Оларды бетпе-бет кездестіріп, өзіңізбен күрескен сәттеріңіз болды ма?

- Ал, мен кез келген жағдайда өзіндік қиындықтар мен өзгешеліктердің кездесетінін және барлығы ойдағыдай бола қоймайтындығын айтқым келеді. Мен туралы айтатын болсақ, уақыт келе кез келген табысты би мұғалімі үшін маңыздылығы зор үйренген дағдыларымның бірі – барлық жеке уайымдарым мен жабырқаулы көңіл-күйімді сыныптан тыс қалдыру. Сабақты сенімді және жақсы көңіл-күймен өткізуге, шәкірттеріме сенімділік пен қуаныш сыйлауға үйрендім. Себебі, сіз сабақта өзіңіздің көңіл-күйіңізбен, жағдайыңызбен бөлісетініңізді түсінесіз. Үнемі жақсы көңіл-күйде болу – нағыз өнер, сабақ беру барысында ішкі қуанышқа бөленіп, шәкірттеріңе біліміңді жылы раймен жеткізу күш береді. Бұл өнерді қазірге кезде меңгердім десе де болады.

Екінші салмақты мәселе - бұл қыз немесе әйелге шын мәнінде шығыс биінің не болып табылатынын жеткізу. Байқасаңыз, маған келген көптеген адамдардың сана сезімінде шығыс биі туралы мынандай стереотип қалыпасқан: олар бұл биді сахнаға ашық-шашық шығып, денесін былқылдатып, отырғандардың назарын өзіне аударып, жымия жалт беру деп ойлайды. Негізінде, жай ғана әдемі қимылдан басқа олардың одан до зор қабілеттері бар. Бұл әйел бастауының ояну өнері, менің шәкірттерім сол білімнің тіпті шағын бөлігін түсіне бастағанда, көздері ашылып, өздері де ашылады!

- La Danza-ға қалай келдіңіз?

- Бұл 2008 жылы, La Danza би клубтарының желісі енді ашылып, алғашқы қадамдарын жасаған кездері болды. Өмірімнің сол кезеңінде мен бимен де, спортпен де айналыспадым, ал дене бірдеңе жетіспегендей, жүктеме сұрап тұрды. Сондықтан бал билерін үйренуді жақсы амал деп шештім. Күндердің бір күні журналдан жаңа би студиясының ашылғаны туралы хабарландыруды көрдім, тіпті мәтіндегі хабарландыруға қарап, сол уақытта өз қызметтерін ұсынған барлық би студияларынан басқа жаңа, өзгеше нәрсе болатынын анық байқадым. Мен жай ғана қоңырау шалып, бал билерін билеу үшін оқушы ретінде келдім.

Онда біз Камальмен кездестік, өте тез ортақ тіл тауып, достастық. Мен оған шығыс билерін билегенімді айттым, сол кезде оның Шығыс биі мұғалімімен қиындық туындап, ол мені кейде оны ауыстырып тұруға өтініш білдірді, ал кейіннен оның орнына қалып, сабақ беруге ұсыныс жасады. Айтпақшы, бұл менің тұрақты бір орында алғашқы рет шығыс билерінің мұғалімі ретіндегі шын мәнінде маңызды тәжірибем болды. Содан бері мен өзімді «La Danza» отбасының мүшесі ретінде санаймын, менің ойымша осылай ұзақ уақыт болмақ!

- Айтыңызшы, бүгінгі күні психологиялық білім сізге жақсырақ үйретуге көмектеседі ме? Егер солай болса, ол қалай?

- Әрине, бұл шынымен де көмектеседі, өйткені кез-келген іс-әрекетке, ол би болсын әлде басқа нәрсе болсын, ең алдымен, адамдар қатысады. Адамдардың психологиясын білу жанымда тұрған адамды бірден түсінуге мүмкіндік береді. Оның ішкі дүниесіндегі құбылыстарды, онымен қалай тіл табысуға және ақпаратты қалай жеткізуге болатынын түсінуге көмектеседі. Әр клиент – ерекше тұлға, оладың әрқайсысымен әрқалай тілдесемін. Сонымен қатар, биязылықты, сексуалдылықты, сезімділікті, нәзіктікті, тартымдылықты және басқа да әйелге тән қасиеттерді дамытуға бағытталған, әйелдерге арналған көптеген тренингтерден өттім, ондағы тәжірибелік жаттығулардың кейбірі шығыс биінің қимылдарына негізделген. Сондықтан сабақта өзімнің шәкірттеріме тренингтерден алған білімімді барынша жеткізуге және билеп үйретуге тырысамын. Мұның барлығы студенттерімнің тек қана бидегі емес, сонымен қатар басқа саладағы да өзгерістерге әкеледі: олар өзін, денесін ұната бастағанын, жүрісінің кербез болғанын, қозғалыстарының нәзік, биязы бола бастағанын байқайды. Нәтижесінде ер адамдардың назарына да іліге бастайды. Шәкірттерімнің өміріндегі осындай оңтайлы өзгерістер сабақ беруді ары қарай жалғастыруда ынталандырушы күш болып табылады.

- Өзіңіздің би философияңыз туралы айтып кетсеңіз.

- Aigerim 02Жоғарыда айтып кеткендей, шығыс биіне деген қатынасым ерекше. Мен үшін бұл «бір қыз ашық-шашық киіммен шығып, денесімен селкілдеп, айнала жөнелді» деген әңгіме емес. Ең алдымен, ашық киімге қарамастан, шығыс әйелдері өте қарапайым, яғни бұл биде әдіпсіздік, дөрекілік жоқ... Бұл әлдебір құпия, беймәлім... Ондағы күш-қуат бидің өзімен ғана емес, әйелдің ішкі сезімі арқылы да беріледі.

Екіншіден, назар аударып айтқым келетіні – бойымыздағы және жалпы әлемдегі ағып жатқан энергия, қуат. Бүгінгі таңда бұл ешкімге де құпия емес. Әйел адамның бойында физикалық тұрғыдан бір нәрсе ашылмай, қыспақта болса, оның энергетикалық ағыны да байланып қалады. Мұның барлығы ішкі жай-күйге ықпал етеді. Шығыс билері денені босатып, қысымды алуға, энергияның басқаша ағылуына жағдай жасайды. Соның нәтижесінде әйел адам өзін еркін, тартымды, нәзік, биязы, жұмсақ сезіне бастайды, қарап тұрсаң, бұл қасиеттерге қазір көптеген әйелдер мен қыздар тапшы болып отыр. Бірақ бұл олардың тым босаңсып кететінін білдірмейді. Керісінше, ол күшін жұмылдырып, өзінің денесін, ішкі күй-жайын, өзін жақсы сезініп, өзін-өзі ұната бастайды, іс-әрекеттерінен ләззат алады, одан кейін мұның бәрін денесінің көмегімен би арқылы жеткізеді!   

Маған алғаш келген клиенттеріме үнемі айтатыным – мен жай дайын би қоюды ұнатпаймын. Бұл жерге дайын биді қойып беруім үшін келсеңіздер, босқа келдіңіздер деген сөз. Менің негізгі міндетім – денеңізбен музыканы сезінуге, денеңізді сезінуге, оны басқаруға үйрету, өйткені шығыс биі тұтастай импровизацядан тұрады. Сіз музыканы қосып, ойланбастан билеп кетсеңіз, ләзаттың жоғары деңгейіне жетесіз деп ойлаймын.    

- Рахмет. Камаль сіз мүгедектігі бар балалармен сәтті жұмыс істегеніңізді атап өтті. Бұл туралы қосымша ақпарат беріңізші.

- Иә. Мұның нені білдіретінін түсіндіріп кетейін. Мен мүгедектігі бар балалармен әлі жұмыс істемедім, бірақ психолог ретінде аутист балалармен және терең психологиялық жарақаты бар балалармен жұмыс істеймін. Жұмыс нәтижелі болып жатыр, оларға көмектесу қолымнан келетіндігіне сенемін. Бұның бимен тікелей байланысы бар деп айта алмаймын, бірақ психологиядағы «би-қозғалыс терапиясы» және «дене терапиясы» сияқты ұғымдар бар, олар орындалған кезде дененің еркін қозғалысы психика мен жүйке жүйесін босатады.

Мен мысал келтірейін: 11 жастағы баламен терапиямен айналыстым. Ол толық аутист, өзі дерлік сөйлемейді, бірақ ол басқалардың айтқандарын әрдайым түсінеді. Ол өзінің ішіндегі ойы мен қалағанын анық жеткізе алмайды, сондықтан бұл көбінесе кернеу тудырады. Алайда бұл бала сипалағанды жақсы көреді. Мен оның қолын, арқасын сипалаған кезде немесе оны алтыбақанда тербеткенде кезде, ол тынышталады. Ақырында, ол менің артымнан біраз сөздерді қайталап, гүлдердің атын жаттап алды.

Жалпы алғанда, мен бала кезімнен басқа балалармен өте жақсы тіл табыстым, осындай қабілетім бар. Осыған байланысты және жүрегімнің қалауы бойынша әртүрлі балалармен жұмыс істеу әдістеріне қызығушылық таныта бастадым. Аутист балалар және мінез-құлқы күрделі балаларға арналған бейімдеу орталығында жұмыс істедім және де жұмыс істеп жүрмін. Ауытқулары бар балалардың өте жабық екендігін, сыртқы әлемнен бөлінгенін ескере отырып, олармен тіл табысу маған жеңілге түседі. Болашақта мен би мен психологиялық терапияны біріктіре аламын деп үміттенемін және аутист- балаларға көмек көрсетудің жаңа деңгейіне шығара аламын деп сенемін!

- Өзіңіздің табыстылық құпияңыз туралы айтып бересіз бе? Сіздің ойыңызша, қандай қабілеттеріңіз тиімді оқытушы болуға мүмкіндік береді?

- Менің ерекшелігім, ең алдымен, мен өз ісімді шын жүректен жақсы көретіндігімнен байқалады. Әрқашан өткізген әр сабағымнан үлкен ләззат аламын. Менің оқушыларым бұл қабілетімді көреді, сезінеді және менен үйреніп алады деп ойлаймын.

Екінші жағдай – музыканы денеммен ерекше түрде сезінемін және оқушыларға осы немесе басқа қимылды қалай істеу керектігін, бұлшық еттер мен буындарды басқару және оларды қалай қозғалту, қай жерде ширату, қай жерде босату және т.б. керектігін түсінікті тілмен жеткізе аламын деп ойлаймын. Менің шәкірттерімнің мені жақсы түсініп, би билеуде жылдам өсулері де сондықтан шығар.

Үшінші жағдай, менің ойымша, адамдарды болған күйінде қабылдау қабілетім бар. Сабақ кезінде ерекше атмосфераны құра аламын, сондықтан әр адам кез келген эмоциялық күйде, мәртебесі мен жас ерешкелігіне қарамастан, менің сабақтарымда өздерін жайлы сезініп, шығыс биі өнерін қуана меңгереді. Мен әрқашан олардың әрқайсысына барлық нәрсені үйренуге болатынын, олардың дұрыс жолда және жақсы қолда екендігін, алаңдауға ешнәрсе жоқтығын сезіндіруге тырысамын.

- Әйгерім, бүгінде сіз биден сабақ беру саласындағы ең маңызды кәсіби жетістік деп нені айта аласыз?

- Қиын сұрақ ... Мойындау керек, мен бұл туралы ешқашан ойлаған емеспін. Менің барлық ұлы жетістіктерім әлі алдыда деп ойлаймын, өйткені мен дамуды және алға жылжуды басшылыққа алған адаммын. Атап айтайын дегенім, Камаль Бердиев деген адамды көпшілік таниды. Ол – қазақстандық би спортындағы алдыңғы қатардағы тұлғалардың бірі. Одан шығыс биінен жақсы мұғалімді ұсынуды өтінгенде, мені сенімді, ұятқа қалдырмайтын адамы ретінде атайды. Бұл мені, әрине, қуантады және басқа қырдан алғанда, шығармашылық жетістік те бола алар еді. Солай емес пе?

- Рахмет. Соңғы сұрақ: өзіңіздің La Danza-дағы ары қарай кәсіби дамуыңызды қандай бағытта жоспарлайсыз?

- Білесіз бе, бұған дейін мен осы туралы ойлағанмын, ең алдымен мұнда өзім үшін даму платформасын, сондай-ақ әйелдер арасында шығыс билеріне дұрыс көзқарас танытуды қалыптастыру мүмкіндігін көремін. Бұл өнерді музыкаға келтірілген жай ғана әдемі қимылдар емес, терең философиялық негіздері бар жоғары өнер ретінде танығанын қалаймын.

La Danza отбасының әр мүшесі бүгінгі күні Қазақстандағы би студияларының көпшілігіне қарағанда биін жоғары деңгейде үйрететін адам деп айтуға тиіспін. Бүгінде кем дегенде бүкіл Қазақстан үшін жоғары кәсіби деңгейді белгілеп, тренд жасайтын «қуатты» бишілер осында жиналды деп айта аламын!

Мұнымен бірге мұнда шығыс биін үйрете отырып, мен қыздар мен әйелдерге өздерін және өз денесін жақсы көруге, әйелдік, сезімтал, жұмбақ, сексуалдық қырларын ашуға, өз-өзіне сенімді болуға көмектескім келеді. Мен мұны La Danza-да әрдайым жақсы деңгейде іске асыратыныма сенімдімін!

Қымбатты қыздар мен әйелдер, сіздерді, шығыс биінің сиқырлы әлеміне шақырамын! Онда сіз өзіңізді жаңа қырдан танып, өзіңізден, денеңізден ләззат алуды үйренесіз және өзіңіздің өмір деңгейіңізді арттырасыз!  

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Нет изображений

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle