Би турнирлері қалай ұйымдастырылған?
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Kak Ustroeny Tantsevalnye Turniry

Бүгінде мен блогымның беттерінде зәру, қарама-қайшы, бірақ би қоғамына ең жағымды, керемет, маңызды тақырыптардың бірі – би турнилері туралы айтқым келеді. Бал қауымдастығының басым бөлігі сол үшін қызмет етіп, қызықтайтын оқиға. Күн сайын планетаның мыңдаған адамы беделді жарыстарға келіп қатысып, өзінің барлық қабілеттерін көрсету үшін залдарда жаттығады.

Олардың көпшілігіне жарыс – өмірдің мағынасы, ал жеңіске жету - ең басты өмірлік мақсат. Бұл жерде жүйкең шегіне жетіп, мықтылардың мықтылары ғана масайрайды, әлсіздерді қатал бәсекелестік, жерде қалған тәкаппарлық пен даңққұмарлық аяусыз жояды.

Би турнирлері қалай жасалды? Үнемі әрқалай. Турнирде белгілі бір жұптың жеңімпаз боларына кепіл беруге болады ма? Жоқ. Алайда жеңіске барынша қол жеткізуге мүмкіндік баршылық.

Осы мақаламда 20 жылдан астам сан қырлы тәжірибеге, соның ішінде халықаралық деңгейге дейінгі төрешілікке, негізделген би біріншіліктерін ұйымдастырудың ең негізгі сәттерін айтып беруге тырысамын.

Бұл ақпарат осындай турнирлерге (көлемі мен санатына қарамастан) қатысуға шешім қабылдағандарға да, сонымен қатар кәсіби немесе жартылай кәсіби деңгейде билеп, бірақ қалаған нәтижелерге жетпеген бишілер үшін де пайдалы болады деп сенемін.

Тақырыптың түпкі негізіне өтпес бұрын мынаны айтқым келеді: ЕШКІМ ЕШ УАҚЫТТА жеңіске КЕПІЛ БЕРЕ АЛМАЙДЫ, өйткені би – бұл өнер, ал өнер үнемі жеке дарынға байланысты. Үлгі-нұсқалар жоқ. Тек бишілердің «ерекше стиль», «мінсіз техника» сияқты жеке және қатысымды ұғымдарға ұмтылуы мен сол тақырыптармен байланысты пікірталастар ғана бар.

Көп сөзді доғарайық та, іске кірісейік.

Би турнирлерін жүргізу формасы

Мақалада ең алдымен қарастырылатын тақырыптардың бірі – би турнирлерінің құрылымы, яғни олардың неден тұратынын ішінен білетін боламыз.

Мен үшін би турнирлерінің екі санаты бар - кәсіби және Pro-Am турнирлері.

Бірінші санаттағы шараларға атлеттерден (бұл би спортының өзекті терминологиясы) тұратын жұптар қатысып, өздері сияқты жұптармен жоғары деңгейдегі додаға түседі. Бұр ретте жұптар ересек те, балалар да болуы мүмкін.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 02

Pro-Am турнирлерінде де (кәсіпқой және әуесқой) сол жүйе, тек жұптағы бишілердің бірі – кәсіби биші, ал екіншісі – әуесқой.

Би турнирлерінің ұйымдастырушылық құрылымының келесі бөлігі – қатысушылардың жас бойынша бөлінуі. Ол кез келген чемпионат түрі үшін стандартты болып келеді де, келесідей белгіленеді:

  • Балалар (5-6 жас, 6-7 жас, 9-10 жас аралығындағы түрлі топтамаларды санағанда)
  • Юниорлар;
  • Жастар;
  • 21 жасқа дейінгі жастар;
  • Ересектер;
  • 40 жастан асқан ересектер (оларды кейде «Сеньорлар» деп те атайды).

Жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген барлық категориялар (ересектерден басқа) жіктеледі. Бишінің класы – оның техникалық шеберлігі деңгейінің көрсеткіші. Айта кететін жағдай, би турнирлері шеңберіндегі додалар бірдей санатты жұптар арасында өтеді.

Сонымен, бал билеріндегі кластар келесідей бөлінеді: 0, E, D, C, B, A, S, M.

  • 0 класы;
  • E класы;
  • D класы;
  • C класы (осы деңгейдегі биші бастауыш кәсіпқой деп саналады);
  • B класы;
  • A класы;
  • S класы (спорт шеберіне үміткер: ұлттық чемпионатты ұтқанда немесе түрнирлерде алған бірінші орындарының санына қарай беріледі);
  • M класы (спорт шебері: ұлттық чемпионатты және жарысқа түскен континенттің чемпионатын ұтқанда беріледі)

0, E және D класс спортшылары саны шектелген бірнеше фигуралардан вариациялар мен биді өздері құрауы тиіс. Бұл өте қатаң бақылауға алынады. Додаға қатысқан осы класты жұп жоғарыда айтылған фигуралар шеңберінен ауытқып кетсе, би үшін берілген ұпайларды санамауы немесе шығарып тастауы да мүмкін.

Турнирлерді өткізу түріне келетін болсақ, бұл ретте барлығы өзгеше, бірақ, ортақ қырлары да бар.

Кез келген би турнирлерінде тұрақты түрде сұрыптау кезеңі өтеді. Қатысушы жұптардың санына байланысты барлық тіркеуден кейін, шамамен додаға 1 сағат қалғанда кіру парақтары беріледі. Мысалы, бір биді, ча-ча-ча биін, бірнеше рет кіріп билейді. Кіру саны жұптар санының сол жердегі би алаңына (турнир өтілген жерде) бір уақытта сыйып кететін жұптар санына бөлгенде анықталады

kak ustroeny tantsevalnye turniry 03

Ары қарай жарыс сұрыптау ережесі бойынша 1/32, 1/16, ⅛ тағысын тағы, финалға дейін жүреді, артынша 6-7 жұп өзара сайысқа түседі.

Сонымен қатар, кез келген би турнирінде сұрыптау кезеңінен бұрын өнер көрсетер алдында спортшыларға денені ширатуға уақыт беріледі. Алайда кей турнирлерде уақыт тапшылығы соншалықты, мысалы, әлемге әйгілі және ең мықты Блэкпул турнирінде сұрыптау кезеңінде бір уақытта бір санаттан 700-800 жұп бірақ қатысады, сондықтар ресми түрде бой жазуға уақыт берілмейді. Бұл мәселені әркім өз бетінше шешеді – денелерін дәліздерде, фойеде және т.б. ширатады.

Дода нәтижелерін әдетте турнир аяқталған күні жариялайды.

Қатысушыларға арналған ережелер туралы бірауыз сөз

Би турнирлерінде жалпы алғанда ұсақ және ірі шектеулер өте көп. Мысалы, қыз балаларға келетін болсақ, рұқсат етілген косметика көлемі, костюмдер, аяқ киімдегі шұлықтың ұзындығы, тіпті шашқа себетін лак мөлшеріне және т.б. қатысты қатаң тәртіпте талап қойылады. Егер биші қыз бастауыш санаттан болса, оған ақ шұлық, жайдақ, тұрақты өкшелі ашық аяқ киім рұқсат етілген. Сонымен қатар оларға әшекейлі косметика, соның ішінде ешқандай тушь, далап және сондай тектес заттарды қолдануға болмайды.

Ондай тым қатаң шектеулер не үшін қажет деп ойлайсыз? Бұған төрешілік ету әдістерімен байланысты түсініктеме берілген. Айтып кеткендей, өнер – жеке ұғым, әлемдік би қауымдастығының озбыр ақылдылары бұл үрдісті қаншалықты жүйелеуге тырысса да, бұл әрекет 100%-ға асады деген күмән туғызады.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 04

Сыртқы келбетке қатысты енгізілген шектеулер төрешілер алқасының назары биші қыздың әдемі көйлегіне немесе боялған бетіне, сәнді шашына ауып кетпей, толығымен биде болуына бағытталған. Балалар өзінің биімен басқалардан ерекше билейтінін көрсетулері тиіс.

Осындай әдіс әділ болады деп саналады. Алайда бұл жерде де олқылықтар болып жатады. Мысалы, соңғы финалдық 5 биді билегеннен кейін барлық төрешілер алқасының мүшелерінен жоғары баға ала тұра, қыздың ерні қызыл далаппен боялғаны үшін билеген жұп соңғы орында тұруы әбден мүмкін.

Ересек жұптарға қатысты енгізілген шаралардан мына кезең есіме түсіп отыр. Сол кезде биші бойжеткеннің белдемшесі белгіленген ұзындықтан қысқа болмауы (сантиметрлеп өлшенген ұзындық), ал бозбаланың киімі тек қара, қою көк және қоңыр шалбардан және ақ жейдеден ғана тұруы қатаң бақыланған. Яғни жарасып тұрса да, қатты қалап тұрса да, ашық гүлді киімді кие алмаған.

Айта кететін жағдай, биші жұптың киімдері тек сәнді қызмет атқарып қоймай, техникалық қызметті де іске асырады. Мысалы, биші щапшаң болса, оның белдемшесі жеңіл келеді. Қатты айналғанда белдемше биге жеңілдік беріп, үлпідеп тұрады. Ал белдемше ауыр болса, пируэттер орашолақ, тым мәнерлі болып, барлық назарды өзіне тартып, турнирдегі жұпқа жеңіске жетуге кедергі келтіреді.

Турнирлердегі төрешілік ету жүйесі

Би турнирлерінің құрылысын түсінуге қажеттілердің бірі – төрешілік ету жүйесі. Төрешілер шешімді қалай қабылдайды? Олар ең алдымен неге назар аударады?

Осы және басқа да мазалаған сұрақтарға жауаптарды мақаланың осы бөлігінде қарастырамыз.

Би спортында «Skating System» атты стандартты ұпайларды есептеу жүйесі бар. Мен бұған дейін ол туралы айтқан болатынмын. Бұл жүйе турнирдің финалында жұптар үшін ұпайларды есептеуде пайдаланылатын ережелер жиынтығы болып табылады. Финалдан басқа оған дейінгі барлық турларда жұптарға жай ғана «өту» белгісі қойылады. Басқаша айтқанда, жұп төрешілер шешімі бойынша не ары қарай өтеді, не өтпейді. 

kak ustroeny tantsevalnye turniry 05

Бұдан басқа, бір санат шеңберінде әрбір қазы келесі раундқа жібере алатын нақты белгіленген жұп санына ие. Мысалы, жартылай финалда 12 жұп билейді делік, бірақ финалға тек алтауын ғана өткізе алады. Ереже осындай. Мұнда төрешілер ұпай жүйесін қолданады. Сонымен бірге, финалдағы биде паркеттегі жұптардың орналасуы төрешілердің ұпай санына байланысты.

Сондай-ақ жұптың финалдағы биде паркетте орналасуына турнирде бұған дейінгі алған орын саны мен 1-ден 6-ға дейінгі салмағы әсер етеді. Мысалы, финалда А және Б жұптары бір-бірімен және олардан басқа төрт жұппен жарысып жатыр делік. А жұбы Samba биі үшін он үш төрешіден 6 бірінші орын және 7 соңғы орын алса, бірінші орында тұрады. Б жұбында 7 екінші орын және 6 үшінші орын болады, сонда ол жұп екінші орын алады.

Енді төрешілердің неге назар аударып қарайтыны жайлы әңгімелеп берейік. Бұл жерде, тағы да барлығы жеке тұрғыдан болмақ, бірақ менің ойымша кез келген сауатты, білімді, ақылды және әділ төреші жұптың әуенділігі мен ырғағына көңіл бөлуі тиіс. Басты назарда жеке дара биші емес, жұптың бірігіп істеген жұмысы болуы қажет.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 06

Өзім үшін әуенділікті ерекше атап өткім келеді. Неліктен? Әрине, бал билерін билеу өнерінде, бірінші кезекте, дененің әртүрлі бөлшектерімен музыканың түрлі бөліктерін жеткізуге тырысамыз, аяқ пен тізе арқылы ырғақты таратсақ, дене (ондағы механикалық қысқарулар мен жақтар) көмегімен әуенді бейнелейміз. Сонымен, менің жеке көзқарасым бойынша, ер биші жүргізіп, ал әйел биші өзін жүгізуге рұқсат беріп, серіктестер өзара әрекеттесе отырып неғұрлым әуенділікке жеткен жұп қана би турнирлерінде жеңіске жете алады.

Егер біз жұптардың би турнирін жеңіп алуда маңызды рөл ойнайтын жеке қасиеттері туралы айтатын болсақ, онда олар жомарттық, ұқыптылық, төзімділік, қарым-қатынас қабілеті, жұмыс істей білу, ішкі тәртіп және өзара құрмет болып табылады. Бұған жұпта ұзақ және жүйелі жаттығуларсыз жету мүмкін емес.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 07

Міне, атап өткен жеке қасиеттер қаншалықты тамаша, жұптағы бишілердің даму деңгейі қаншалықты жоғары болғанымен, олар төрешілік жүйенің негізі ретіндегі осындай жеке тұрғыдағы көзқарас аясында оңалып қалады. Мен Блэкпул фестивальдерінде төрешілік атқармасам да, біраз тәжірибе жинақтадым, мысалы, қазіргі әлем чемпиондарының латынамерикалық бағдарламада билегендері маған мүлдем ұнамайды, деп айта аламын. Олар керемет билейді, техникалық, әуенділік мықтылығы байқалады, бірақ бұл мені қызықтырмайды. Ал қазір латын билері бойынша әлемде екінші орынды иеленген жұп мені шын жүректен қуантады. Міне, таза нысандағы жеке көзқарас деп осыны айт.

«Бірақ жоғарыда айтылған техника, әуенділік және ырғақтық туралы не айтасыз?» - деген сауал туындайды. Ия, бәрі де, сөзсіз, би техникасымен қатар, жеңіс үшін қажетті нәрсенің 98% -ын береді. Бірақ жеңімпаз біреу ғана болуы мүмкін, білесіз бе? Екеу де емес, үшеу де емес, біреу. Шешім міндетті түрде қабылдануы тиіс. Тап осы жерден төрешілердің 1% ғана бағасының маңыздылығын көруге болады, бұл оның іс жүзінде шешуші болғанын байқатады.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 08

Ал сол 1%? қайда. Оны тағдырға жауып, қатерлі кездейсоқтық деп санаймыз, ол аяқ астынан өздігінен келіп, оқиға барысын мүлдем өзгертуі мүмкін. Міне, соңғы үлгі - биыл еуропалық бағдарламаның шеберлері арасында ең беделді Блэкпул фестивалінің жеңімпаздары Виктор Фанг - Анастасия Муравьева болатын. Бұл мысалмен, осы жұп нашар билейді деп айтқым келмейді, құдай сақтасын! Бірақ кездейсоқ жағдайға орай, барлық болжамдар бойынша бірінші орынға ие болады деген жұп кенеттен асқазан тұмауының ерекше ауыр түріне шалдыққан серіктестің денсаулығы күрт нашарлағандықтан турнирден шығып кетті. Осылайша турнирдің екінші сатысында тұрғандар жеңімпаз аталды.

Төрешілерді іріктеу

Мұның бәрін оқи отырып, бал билері жайлы хабардар адамның арасынан би турнирлерінде төрешілік құқығына екінің бірі ие емес екенін түсінген шығарсыз.

Кез келген төрешілер ұжымында әрдайым төрағалық еткен төреші болады, ол өзінің қоластындағы 13 (немесе олардың болған санына қарай) төрешінің жұмысын бақылайды. Ол байқауды ұйымдастырушы және конкурсқа қатысатын қоғамдық би қауымдастығы арасындағы келісімге сүйене отырып тағайындалады. Бас төрешінің рөліне таңдау адамның тәжірибесі мен техникалық біліктілігі (төрешілердің шартты рейтингтері және т.б.) негізінде, сондай-ақ таңдаған адамдардың жеке ұнатуы негізінде жүзеге асады.

Ол, сондай-ақ, әрбiр жеке санатты (номинация + класс) бағалауға жауапты жеке төрешілер алқасының құрамын бекітеді. Сонымен қатар, әр төрешінің қай құрамада және қай санатты бағалайтыны туралы ақпаратты жарысқа дейін шамамен бір сағат бұрын жариялайды.

 kak ustroeny tantsevalnye turniry 09

Құрамадағы төрешілердің саны орта есеппен 11 және одан жоғары. Ірі жарыстағы төрешілердің ең аз саны - 9. Сонымен қатар, судьялардың саны үнемі тақ болады. Бұл халықаралық деңгейде танылған «Skating System» деп аталатын спорттық билерден турнирлерде төрешілік ету жүйесімен талап етіледі.

Айта кететін жағдай, бір төрешілер ұжымы жарысқа түскен тек бір санатты ғана бағалай алады. Мысалы, бір жұп «Балалар-2, D-класс» санаты бойынша жарысса, оны бір төрешілер ұжымы бағалайды, ал екінші жұп «Балалар-2, E-класс» санаты бойынша жарысады, оны басқа төрешілер ұжымы бағалайды. Бағалау осылайша әрбір жеке санат және ондағы класс бойынша өтеді.

Сондай-ақ, әрбір төреші төрешілердің ресми кодексіне сәйкес әрекет атқаруы тиіс. Оның ережелері мен шектеулері арасында өзара қарым-қатынасқа тыйым салу, жұптармен және кез-келген өкілдерімен сөйлесуге тыйым салу сияқтылары да бар. Сонымен қатар, ұлттық чемпионаттарда төрешілер алқасы тек тәуелсіз төрешілерден тұруы керек.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 10

Әрине, мен өзім де бірнеше мәрте түрлі көлемдегі би турнирлерінде төрешілік еттім, менің ойымша (төрешілік етуді ұнататындар көңіліне алмайтын шығар деп ойлаймын) төреші болу - би спортындағы рет ең жағымсыз қызмет. Неліктен?

Біріншіден. Біреудің тағдырын шешуге тура келеді, бұл әрқашан қиын таңдау. Біреуді ренжітесің, біреуіне ереже сондай болғандықтан ғана «жоқ» деп айтуға мәжбүр боласың. Егер оларды орындауға уәде берсең, олардан бір қадам да ауытқуға болмайды. Біреудің осындай сәтсіздікке ұшырауы ендігі кезекте паркетке шықпау шешіміне себепкер болса, кейбіреуіне ауыр соққы болып тиюі мүмкін. Мен адамдарды ренжіткім келмейді.

Екіншісі біріншіден тарайды. Ол адам факторы болып табылады. Шындығында, төрешілердің берген бағасы ашық жарияланады, кез-келген жұп жарыстан кейін келіп, мен оны қалай бағалағанымды, финалға жетектегенімді немесе жетектемегенімді, мүмкін финалда басқаларға қарағанда төмен баға бергенімді қағазға басып шығара алады. Олар, әрине, кейініректе мені жақтырмай кетуі мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, адам факторы. Бұл туралы көп сөйлегім де келмейді. Менің ойымша, өзіңіз де бәрін түсінген шығарсыз.

Үшіншіден, кейде өзім үйреткен жұптарға баға берген кездерім бар. Бұл мен үшін де, олар үшін де үлкен сынақ. Әзілсіз айтайын дегенім, «менің» жұптарым олардың санатында төрешілік етпеуім үшін ғибадат қылатын, өйткені мен оларды әрдайым қатаң түрде бағаладым жəне басқа төрешілерге қарағанда төмен бағаларды жиі қоятынмын. Олар менің жаныма келіп: «Бүгін бізге төрешілік етпейтініңіз қандай бақыт!», - деп айтып кететін.

Шыны керек, әуел бастан маған төреші болу ұнайтын: төрешілік ету және басқалардың тағдырын шешу құқығым бар деп, өзім үшін мақтаныш сезіміне бөленетін едім. Біраз уақыт өте, Англиядағы сабақтардан кейін, көптеген шәкірттерімнің еңбегін көргеннен кейін баға беріп, төрешілік етудің не екенін түсіндім. Бұл жұптардың жанданып, қаншалықты қиын және мақсатты дайындалғанын, олардың жеңіске жету немесе, тіпті болмағанда, өздерінің алғашқы (басқа да) турнирлеріне қатысу туралы армандағандарын көрдім.

Ал төрешілердің шешімі мұның барлығын бір сәтте-ақ жоққа шығаратынын да көрдім. Қайталасам да, адамдарды ренжіткім келмейтіндігімді, біреудің арманына кедергі болуды қаламайтынымды айтқым келеді.

Спорттық би психологиясы және бапкерлік ноу-хау

Енді ұйымдастырушылық сәттерден біз спорттық бидің психологиясы - би турнирлеріне сәтті қатысу үшін неғұрлым тереңірек және айтарлықтай маңызды тақырыпқа көшеміз.

Мен мұнда турнирлерді ұтып алудың әмбебап жолын таба алмайтыныңызды тағы да бір рет ескертемін. Бұл туралы саналы ойға бірден келген жоқпын. Мен би билеумен бірге жаттықтыруды қатар алып жүрдім. Қамқорлықтағы шәкірттеріме турнирге дайындық кезінде өзім үшін табысты болған әрекеттерді (мен мұнда дене сергіту мен техникалық жаттығу барысын, турнирге психологиялық бейімделуді айтып тұрмын) дағдыландыруға тырыстым. Осылайша әрқайсысына өзінің әдісі қажет екенін түсіндім. Бірнеше мысалдар келтірейін.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 11

Менің би турнирлеріне қатысқысы келетін бір студентім болды. Мәселен, ол бірнеше турнирлерге қатысып, оннан астам жеке сабақ алғаннан кейін, біз өте күлкілі қорытындыға келдік - оған паркетке шығу және оның қабілеттерін барынша көрсету үшін жазалап, ұрыс есту қажет екен. Яғни оның жанына келіп: «Ал енді, жігерсіз неме, көрсет білгеніңді!», - сияқты бірдеңелерді айтуға керек болды. Ол қатты ашуланып, менің ойымша, қателесіп тұрғанымды дәлелдеуге ниет білдіргендей, паркетке шыққанда нағыз шеберлігін көрсетіп отырды. Бұрында, онымен жұмсақтау болғанда: «Ал енді, қызым, күшіңді жинап, барлығына көрсет білгеніңді», - дегенде нәтиже болмайтын. Ешетеңе де «көрсетпейтін» де, күш-жігерін «жинай» да алмайтын.

Менің оқушыларымның кейбірі (әсіресе балалар), керісінше, сәтсіз билеп шыққаннан кейін жанына келіп, «жарайсың», «сен жақсы биледің, ендігі кезекте бұдан да жақсы биле», «сен менің мақтанышымсың» деген сөздерді айтқанымды қажет ететін. Ол адам келесі турда шынымен де жақсы нәтиже көрсететін. Ешбір жағдайда: «Аяқтарыңды неге сүйретіп жүрсіңдер» немесе сондай бірдеңелерді мүлдем айтуға болмайды!

Біреулер үшін олардың жанында болғаным маңызды. Дене ширатуда, жаттығуда қасында тұрып, ауызша және көрсетіп түзету қажет болды, олармен бірге билеп, қолдарынан ұстап, қолдау көрсеттім. Менің қатысуым осы адамдарға сенімділік берді, өйткені би турнирінде сәтті өнер көрсету, бірінші кезекте, сен жасайтын нәрсеге деген ішкі сенімің болып табылады. Ал біреуге, керісінше, жанына бармай-ақ алыстап бас изеп немесе біреуден «осы биде осы жерге назар аударсын» деп хабарлама жіберген тиімді болды.

Сондықтан би психологиясының ең маңызды қағидасымен бүкіл әлеммен бөліскім келеді. Үлгілер мен қатып қалған стандарттар ЖОҚ. Әрбір жұптың жеңіс үшін жазылған бірегей жолы бар. Жақсы бапкердің міндеті - оның қамқорлығындағы әр серіктестің «тілін» табу және оларды сенімді түрде паркетке шығып, қолдарынан келгеннін барынша көрсетуге баулу.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 13

Кәсіби биші ретінде өз мансабымның соңғы кезеңдерінде өзім үшін ашқан бапкерлік ноу-хаудың тағы бір маңызды элементі - адам биоритмдерінің аспектісі, ол біздің шарықтаған, көтерілген, бар күшімізді салып барамызды көрсеткен және қалыпқа келуге қажет болған кездерімізден тұрады. Кез-келген жағдайда турнирден 1-2 күн бұрын жаттығу кезінде «өлтіріп» жаттығуға болмайды, себебі сіздің денеңіздің қалпына келуге уақыт болмайды және жарыста өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсете алмайды.

Мысалы, мен өзім, мынаны анықтадым, жарысқа дейін екі күн бұрын жаттықпай, кез келген би музыкасын тыңдамай, басқаларды жаттықтырмай, мүлдем биден алыс болып демалсам, қабілетіме сай жарыс кезінде ең үздік нәтиже көрсетемін. Бірақ менің қазіргі әріптесім үшін (бәсекеге түспес бұрын қай жерде болсақ та), біз жарыс қарсаңында міндетті түрде жаттығуымыз керек. Осындай өте оңай режимде тыныштықта, бірақ міндетті түрде жаттығу қажет. Ол жалғыз келіп, менімен келіп, музыкамен қозғалып, жаңа қалада жүріп, жаңа залда болып, бейтаныс атмосферада билеп вариациядан өтеді, сол кезде ол жарысқа сенімді болып шығады. Егер бұл болмаса, соңғы рет Алматы қаласында билесе, содан кейін біз бір жерде ұшып келсек, қобалжуы мен алаңдауы қызыл жіп тәрізді турнирді бойлайды. Сондықтан серіктесіңді тыңдап, былайша айтқанда, алқалы, ұжымдық шешім қабылдау өте маңызды болып табылады.  

“Бейспорттық” мінез

Кәсіби деңгейде бал билері еңбекті өте қатаң талап ететін әрекет болып табылады, тіпті күнделікті жаттығу барысында қатты эмоциялық жүктеме беріледі, ал турнирлердегі жағдай әбден қызына түспек. Сондықтан, өкінішке орай, олар «бейспорттық» мінез-құлықтан ажырамайды. Мен жеңілісімен жәбірленген, кез келген жолмен жеңіске жетуді қалаған кейбір адамдардың бет алысын мұңая бақылап жүремін, олардың бетімен кеткені кейде өте күйінішті жағдайларға әкеледі.

 Осы тарапта мен мұндай оқиғалармен күтпеген жерден аяқ киім немесе костюм элементтерінің жоғалып кететіні (бірақ бұл да өте жағымсыз) туралы емес, жете алмаған мақсаттары үшін жеке абырой мен адамгершілік қаисеттерінен айрылғандығы туралы айтқым келді.

Мәселен, марапаттау рәсімінде жергілікті би клубтарының бірінің иесі төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, берілген сертификатты елдің көзінше жыртып тастағанына бірнеше мәрте куә болдым. Мен мұны мүлдем түсінбеймін, өйткені би турниріне саналы түрде қатысатын әрбір адам жеңіс пен жеңіліске дайын болуы керек және мән-жайларға қарамастан этикалық және моральдық ережелерді сақтап, әрекет етуі керек.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 14

Тағы бір оқиға есімде. Бір қыз 4 жыл қатарынан белгілі бір би сайысына қатысты. Ал осы төрт жылда ол тек екінші орын алып отырды. Төртінші рет марапатқа шығу үшін қаншалықты қиын болғанын елестетуге болады: көзінен бұршақтанған жасы тамса да, ол зұлым тілдер мен қасірет тағдырына қарсы күліп, басын жоғары көтеріп, баспалдақпен марапатына қарай еңсесін тік ұстап барды. Бүгінде ол би әлемінде ең танымал, би стилінің иконасы, менің ойымша қазіргі заманғы бишілердің ішіндегі ең ұлы биші. Мен оны жеке білетініммен мақтанамын.

Бұдан басқа, паркетке шығып, барынша өнерін көрсетіп, шығарылған үкімге кішіпейілділікпен көніп, үздік атағын иеленуге үміттенген кем дегенде екі жүзден астам адамның тағдырын шешуге мәжбүр болған байғұс төрешілерге құрметпен қарау қажет. Мүмкін, сізге екінші немесе төменгі орынды куәландыратын сертификат беріп жатқан төреші ішінен қатты толғанып тұрған шығар, өйткені ол СІЗДІ бірінші орынға ұсынғанымен, басқалары келіспеген болар. Мұндай сәтте оның да көңіл-күйі болмайтынына сеніңіздер! Бірақ ереже ереже болып қалады, ал чемпион тек біреу ғана болуы мүмкін.

Би спортының "жортақы ойындары" 

Иә, спорттық билер де, өкінішке орай, өздерінің сырттағы күбір-сыбыр әңгімелерінен аулақ емес. Мен өсекші кемпір емеспін, сөзімді жерге қалдырмаймын, менің үлкен өкінішіме орай бұл әрекеттердің барлығы би турнирлерінің нағыз қорытындысына әсер етпесе, ол туралы жазбас та едім. Әңгіме не туралы болып жатыр өзі?

Көріп отырсыздар, әрбір маңызды би турнирінің артында (Еуропа, Азия, әлем чемпионаттары, Блэкпул турнирі және басқалар) әрдайым мүдделі тұлғалардың тобы тұрады. Оның мүшелерінің арасында үлкен демеушілер, атақты спортшылар мен жаттықтырушылар және биге немқұрайлы қарамайтын адамдар бар. Бұл Италияда «Team Diabolo», Испанияда - би топтарында өте танымал адамның коалициясы (мен есімін атамаймын, бірақ хабары барлар кім туралы айтатынымды түсінеді), Ресейде - бірнеше жеке әулет және әрі қарай т.с.с.

Мәселен, осындай топтардың мүдделерінің айтарлықтай пайызын қаржылық мүдделер құрайды. Барлығы айдай анық - адамдар би сабақтарында семинарлар өткізу немесе турнирлерді бағалау арқылы ақша табады. Сондықтан олар бірін-бірі қолдап, іріктеуден бастап финалдың аяқталуына дейін керек жұпты «сүйреп» тартады. Мұның барлығы кім қандай төреші-ұстаздар коалициясын осындай қосымша сабақтар мен төреші қызметіне шағырғанына және сол үшін қомақтай ақша төлегеніне және т.б. байланысты.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 15

Би турнирлерінде би өнерінен тәжірибесі бар білікті бишіге айқын көрінетін жортақы тартыс – WDC (World Dance Council) және WDSF(World DanceSport Federation) атаулы екі ірі би ұйымының тартысы, олар бүгінгі күнге дейін қаржылық және басқа да кейбір жағдайларға келісе алмай, дұрыс қарым-қатынас орната алмай жүр. Сонымен қатар, бұл ұйымдардың бірінің көшбасшысы, менің ойымша, «би құдайының» қызығына түсіп кетіп, ешкіммен сөйлескісі де келмейді, ал екінші ұйым қолдағы барын ұзақ уақыт қалыптастырғаны соншалықты, бұған лайықты баға да беруге болады, онысынан айырылғысы келмейді.

Тәжірибелі бишілер осы мүдделі тұлғалардың қызметін төрешіліктен де байқай алады. Мен әлі күнге дейін Pro-Am турнирлеріне қатысамын және кәсіпқойлар турнирлерін бақылаймын. Ондағы жұмыс істеген төрешілер ұжымының тек 20%-ын ғана танимын, менің көзқарасымша осындай деңгейдегі шараларда олардың төрешілік етуге құқығы бар.Қалған 80%-ы мен үшін бейтаныс адамдар. Санаттылығы жоғары төрешілік лауазымын қалайша алды? Олар «саяси тұрғыдан жағымды», тіл мен фигуралар бойынша емтихан тапсырғаны үшін бе? Би спортына ешқандай еңбек сіңірмесе, ешқандай шәкірт тәрбиелемесе, әлем біріншілігінде қалайша төрелік етпек? Ауыр сұрақ.

«Ал егер бәрі алдын-ала сатып алынған болса, онда не үшін тырысу керек?» - деп сұрайтын шығарсыз. Ең алдымен әлі барлығы да сатып алынбады, өйткені жүлделі орын үшін ұйымдастырылған турнирлерде мен әлі күнге дейін шынымен лайықты жұптарды байқап жүрмін, демек өз күшіңмен жеңіске жету мүкіндігі бар. Екіншіден, би билеу турнирлеріне және жалпы биге деген дұрыс әдіс бар, бұл жеңіліске қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді және әрқашан биді жетілдіруге ынталанудың жанданған, шынайы және шексіз ұмтылысын білдіреді де, қарапайым бір сұраққа берілген дұрыс жауаптан тұрады.

Сіз не үшін билейсіз?

Әрине, бұл мақала турнирлер туралы: олардың қалай ұйымдастырылып жатқандығы және жеңіске мүмкіндігінше жақын болу үшін не істеуге болатыны туралы. Енді сіздерге билеген жұптың спорт пен сыныптағы, жалпы алғанда, өмірдегі де табысы негізделген бір қарапайым шындықты айтамын. Өзіңізден сұраңыз: Сіз не үшін би билейсіз?

Мен өзім бүгінде билеу және осы өнерді басқаларға үйрету үшін би билеймін, бұдан сөзсіз ләззат аламын. Бірақ мені 10-15 жыл бұрын алыңыз, әлем чемпионы болғым келді, бұл менің ең маңызды ынталандыруым болды.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 16

Сондықтан әлем чемпионы болуды қалау жаман ниет деп айтқым келмейді. Бұл олай емес. Мен турнирге қатысатындарға өздерінің басты мақсаты ретінде осыны қоймауды ұсынғым келеді, әйтпесе сіз тұзаққа түсесіз. Қандай дейсіз бе? Оп-оңай. Егер турнирде бірінші орынды иелену мақсатыңызға айналса, оған бірнеше мәрте жете алмасаңыз, күндердің бір күні қарапайым жаттығулардың сізді бұрынғыдай қауантпайтынын байқайсыз, жеңімпаз боламасам, жаттығудың не керегі бар деген ойлар жиі келе бастайды.

Дегенмен, сіз біраз уақыт бұрын би классына билеу үшін келгеніңізді ұмытпаңыз, өйткені саналы түрде билегіңіз келді. Сірә, сол кезде чемпиондық, онымен қатар жүрген атақ, даңқ туралы армандамаған да боларсыз. Денеңіздің әуенге әдемі қозғалғандығы, барлық көйлектер мен костюмдер, әсемділік пен кербездік және басқалары ұнаған болар. Бұл бал билерін сіз үшін ерекшелейді. Бұл туралы ешқашан ұмытпаңыз және би үшін би билеуге ұмтылыңыз! Турнирдегі жеңісті жалғыз мақсатқа және жаттығу себебіне айналдырмауыңызды өтінемін, болған жағдайда өзіңіздің биге деген құлшынысыңызды жоғалтасыз. Биші маманы Жердегі ең көрнекті өнердің иесі, бүгінгі күнде нағыз шеберлер өте аз.

kak ustroeny tantsevalnye turniry 17

Иә, біз La Danza-да би чемпиондарын тәрбиелейміз, бірақ бірінші кезекте оларды биге деген сүйіспеншілікке баулимыз. Біз оларды би үшін билеуді үйретеміз, одан ләззат алуды үйретеміз, бұл олардың басқа өмірлік қырларына оңтайлы әсер етеді. Атаулы жағдай аяқтары шаршамайынша біздің студенттеріміздің би билейтініне кепіл емес пе? Бұл жеңілген сайын алған беттерінен қайтпай, өз абыройын сақтап қалатынына кепіл болады. Сондай-ақ паркетте төрешілерден басқа бал билерін түсінетін маман немесе өнер мейрамын тамашалау үшін турнирге келген жай көрермендердің бар екенін де шын мәнінде саналы түрде айқын ұғыну керек. Оларға сіздің жеңісіңізден гөрі істі беріліп істегеніңіз, шыныққан мықты би техникаңызбен үйлескен адал ниетіңіз маңыздырақ болып келеді.

Сондықтан төршілер үшін билемеңіз! Өзіңіз үшін, көрермен үшін, ұстазыңыз үшін және ұлы мәртебелі Би Өнері үшін билеңіз, сол кезде турнирдегі жеңіс көп күттірмей өзі де келеді!

 

Құрметпен, Камаль Бердиев  

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle