«Камаль Бердиев менің бишілік жолымда, сөзсіз, маңызды тұлға болды...». Оксана Лебедеваның (Oxana Lebedew) эксклюзивті сұхбаты
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Kamal Berdiev Oxana Lebedew Ladanza

"Бүгін блогымның беттерінде әлемдік би Олимпінің бірталай сыйлықтарының иегері, өзімнің жұлдызды шәкірттерімнің бірі – Оксана Лебедеваға (Oxana Lebedew) сөз бергім келеді! Олардың ішінде юниорлар арасында бал билері бойынша әлем чемпионы атағы, «Кәсіпқой» санатындағы латынамерикалық бағдарлама бойынша қола чемпион, Германияның 4 мәрте чемпионы, Блэкпул фестивалі және т.т.

Бүгінгі таңда Оксана Германия үшін билесе де, оның қазіргі жеңістерінің негізі осында, Қазақстанда қаланды. Көп жағдайда, Оксананың айтуынша, менің қосқан үлесім «бал бишілерінің» еуропалық лигасына лайықты кіруге қажетті білімді де, кәсіби тәрбиені де беріп, өзінің неге шамасы жететінін әлемге көрсетуге көмектесті. Мен оның бүгінгі күнде әлемдік сахнада көрсеткен сондай деңгейі мен би стилімен расында да мақтана аламын. Біз әлі күнге дейін Facebook арқылы хат-хабар алмасып, жаңалықтарды, әлемдегі би спортының ағымдағы жағдайын талдаймыз, болашаққа құрған жоспарларымызды немесе жеке уайымдарымызды бөлісеміз.

Бұл сұхбатты оқығандардың барлығына, әсіресе, кәсіби бимен айналысатындарға, осындай керемет адамның және өз ісінің шеберінен жетістікке жеткізген қасиеттерін үлгі ретінде қабылдап, паркетте де, одан да тыс өмірлеріңізде қолдануларыңызды ұсынамын."  

Камаль Бердиев, бас-жаттықтырушы және La Danza би клубтары желісінің негізін қалаушы


- Сәлеметсіз бе, Оксана! Жалпы алғанда би мансабыңыз туралы біраз айтып беріңізші. Сіз қай кезден бимен айналыса бастадыңыз және кәсіби деңгейге шығу шешімін қашан қабылдадыңыз?

- Менің балалық шағымнан бастап би билеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы орта қалыптасты деуге болады. Менің анам - тәжірибелі кәсіби хореограф, ал әкем – спорттық гимнастика жаттықтырушысы. Қазақстанда өмір сүрген кезімде, кішкентай қыз шағымда, сабақтарға үнемі қатысып жүрдім: келіп, көріп, сол атмосфераны санама сіңіріп жүрдім.

Мен шамамен 7 жаста болғанымда бір шешуші оқиға орын алды. Бірде кешке мен ата-анамның шаттанған қуанышты дауыстарынан оянып кетіп, ол жақта не болып жатқанын көру үшін сол жаққа беттедім. Сөйтсем, теледидардан бал билері бойынша бір жарыс көрсетіліп жатыр екен, олар экранда болып жатқан нәрселерді қызығушылықпен көріп, белсенді түрде талқылап жатыр екен. Мен ата-анамның жанына отырып, көрермендер қатарына масаттана қосылдым. Осы оқиғадан бірнеше күн өткен соң, анам мені бал билері бойынша танымал және жемісті қазақстандық бапкер - Валентина Евсееваға сабақ алуға алып келді. Осылай шығармашылық жолымды бастадым.

Мен алғашында өте ұялшақ және ұяң болғаным әлі есімде, бірақ ақыр соңында рухтанып, тұрақты техникалық жетілдіруге ұмтыла бастадым. Және осы күрес, бұдан да мықты, күшті, техникалық болу ниеті, бәрі осы күнге дейін бойымда сақталып келеді.

oxana lebedew ladanza 03

Кәсіби мамандар арасында билеу туралы шешімді Германияға көшіп келгеннен кейін қабылдадым. Бұл жердегі алғашқы мықты бапкерім бал билері бойынша үш дүркін әлем чемпионы Франко Формика болды. Бірлесе жаттығудан кейін, 18 жасқа толғанымда, ол маған өзінің серіктесі болуды ұсынды. Әрине, бұл біз үшін үлкен сынақ болды. Сол кездері кәсіпқойлардың арасындағы ең жасы мен едім, ал Франко 27-28 жасар жігіт еді. Біз өзімізді жұпта лайықты көрсете алдық, сол кезде кәсіби би спортының әлемі маған қаншалықты ұнайтынын түсіндім. Франкомен Азияны саяхаттадық: сабақ бердік, дәріс оқыдық, түрлі шоуларға қатыстық. Әуел бастан, әрине, қиын болды, бірақ бұл ойынға кіріскеннен кейін үйреніп кеттім. Көп ұзамай үйрейімнен ештеңе де қалған жоқ

Сонымен қатар, өмірімдегі тағы бір сәтті кездерім деп, әлем чемпионы, дүниежүзіндегі әйел серіктестердің қатарындағы үздіктердің бірі, Ольга Мюллер-Омельченконың  шәкірті болған кезеңді айта аламын. Осы кісінің жетегінде жүрген кезде: «Мен де осы кісідей үздіктердің қатарында болғым келеді. Мен де биші жұлдыз болғым келеді» - деген ой мазалай бастады. Ең үздік болуды қаламасам да, үздіктердің қатарынан көрінгім келді.    

- Өзіңіздің Қамаль Бердиевтің басшылығымен өткен шәкірттік кездеріңіз туралы айтып берсеңіз. Осы кезеңде бойыңызға қажетті не алдыңыз, оның сабақтары мансапқа жету жолында сізге қандай ықпал етті?

- Камаль Бердиев менің бишілік жолымда, сөзсіз, маңызды тұлға болды. Ол менің бишілік мансабымның дамуына өте үлкен үлес қосты. Ол екеуіміз Маннгеймдегі бал билері бойынша Германияның ашық чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсеттік. Сол жерде мен кәсіби бидің неміс мәдениетімен, оның бай тарихы және қалыптасқан дәстүрлерімен алғашқы рет таныстым, өз көзіммен сол турнирдегі көптеген чемпиондардың өнерін тамашаладым. Тап сол кезде отбасымның Германияда барып, тұруға болатын мүмкіндіктің бар екенін аңғардым, өйткені менің үлкен әжем – неміс. Өзімнің ата-анама 12 жасымда мен үшін сол жаққа қоныс аударғанына шексіз ризамын.

Айта кететін жағдай, Камаль әрдайым бал биін басқаша көріп, ерекше ойлау қабілетімен айрықшаланатын. Жаттығуымыздың алғашқы күнінен бастап, паркетте өзімді «әйел ретінде» қалай ұстау керектігін үйрете бастады. Ол бойымдағы физикалық қалыпты, би техникасы мен тәртіпті қалыптастырып қана қоймай, әсімдік пен әдемілікке баулыды. Ол әуеннің астына жай «құрғақ» қозғалып қана қоймай, әр қимылды сезініп, оған терең мағына беруді үйретті.

Сонымен қатар, ол биге деген шығармашылық әдіспен қарауды баулыды, яғни үнемі бір ғана сызба бойынша билеу емес, импровизацилауға, композиция мен хореографияны жасампаз дамытуға, дененің иілімдігі мен икемділігінің жаңа қырларын ашуды үйретті. Мен әлі күнге дейін биде ойлау жасампаздығын қолданып келемін. Өкінішіке орай, бал билері бойынша көптеген бапкерлер өз шәкірттеріне қысым көрсетеді, олардың шығармашылық ойлау қабілетін шектейді. Ал Камаль, керісінше, менің дүниетанымымды кеңейтіп, жеке дара болу ынтамды бағыттап отырды.

Әрине, Камаль менің болашағыма шын ниетімен сенді, тіпті кейде ата-анамнан да артық көңіл бөліп, қамқорлығын танытып отырды. Ата-анадар өздерінің балаларын қатты мақтауға қорқады, ал ол болса, жақсы сөзін ешуақытта аямаған. Ол мені үнемі мақтап, сыртқы мәселелер мен қысымнан қорғап отырған. Маған: «Сен жұлдызсың! Сен жұлдызсың!» - деп қайта-қайта айтатын. Осының арқасында биге қажетсіз ұялшақтықтан арылдым. Ол осы сөздерін маған әлі күнге дейін айтып отырады.

Мен Германияға кеткенше дейін Камаль ұстазымның шәкірті болып қала бердім. Тіпті кеткеннен кейін де қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Австрияда, Германияда және басқа да елдердегі туринилерде жиі кездесіп тұрдық. Ол менің мансабымның даму жолын әрдайым бақылап отырды. Маған қолдау көрсетіп, менің кәсіпқой болып қалыптасуыма үлкен иықпал тигізді.

Жұпта бірге билеп (ол кезде мен 10 жаста едім), дайындалған бір турнир әлі есімде. Ол кездері Камаль мен әлі зерттеп көрмеген кәсіби би әлеміне жетектеген сенімді жетекшім болды. Камаль екеуіміздің бірігіп тынбай жұмысымыздан кейін сол кездегі атаулы турнирге жұбымыздың музыкалық қолдауын толығымен өзгертіп, өзінің хореографиясын көптеп енгізгені әлі есімде. Мен алғышқы рет шыққанымда қатты толқып, масайрадым. Бұл кәдімгідей шындап, балалық ойын еместігін сезіндім. Мен нағыз биші болдым!

- Кәсіби спорт түрлерінде қандай қиындықтар туындады? Сіз өзіңізді қайтадан жеңуге тура келген сәттер болды ма? Қорқыныш сезімдеріңізге қарсы тұра алдыңыз ба? Би әлемінің астаушасындағы атмосфера туралы айтып беріңізші.

- Мен кәсіпқойлар тобына көшкен кезім есімде өте жақсы сақталып қалыпты. Бұл 2006 жыл болды. Сол кезде YouTube бейне сервисінің гүлденуі басталды, онда мен өзімнің билеген билерімді жиі салып қоятынмын, ақылсыздық пен момындығымнан ба сол бейнероликтерге жазылған пікірлерді, соның ішінде мінеп-сынауларды да оқитынмын. Ащы тілділер менің әріптесімнің менен 10 жас үлкендігін, оның кәсіби биші, ал менің онымен бірге жұпта билеуім үшін тәжірибем мен жасымның жеткіліксіз екендігін, серіктесім екеуіміздің жараспайтындығымыз туралы жазып жатты. Бастапқыда, әрине, мен осыған өте қатты ренжідім, бірақ содан кейін өзіме сынға ұшырау жақсы болғанымен, оны тек жақын және сенімен шынайы болатын құзыретті адамдардан ғана есту қажеттігін аңғардым. Атаулы теріс түсініктемелер мен үстірттік пайымдаулар қажетсіз кемшіліктерді тудырып, өзін-өзі қорлайтын ойларға әкеледі, оларды оқымай, тек ұнайтын ісіңізбен айналысуды жалғастыру қажет.

oxana lebedew ladanza 01

Сонымен қатар, спорттық бал билеріне салауатты бәсекелестік атмосферасы тән. Біз барлығымыз адам болып табыламыз және де жаңа биіктерге қол созып, үздік болуға тырысамыз. Бірақ біздің қоғамдастықтың кейбір мүшелері, өкінішке орай, әсіресе, турнир алдында ойын рухын қызғанышқа ауыстырады: жасырын ойын, артыңнан сөйлеу басталады. Мұнда бір ғана нәрсені есте сақтау керек – сен және серіктесің бірегей командасыңдар. Бір-бірлеріңе сеніп, бірге жүріп, жаман пікірлерді жүректеріңе тым қабылдамауларың абзал. Дегенмен, теріс пікірлер басым деген өтірік болар.

Біз әлі күнге дейін барлығымыз бір турнирлерде, тіпті кейде бір ұшақпен ұшып, бір қонақ үйде жиі кездесіп тұрамыз. Әркім басқаларына сыйластықпен, құрметпен қарайды, жалпы алғанда, кәсіби би спортының астаушасындағы атмосфера біршама оң болып келеді.

Менің мансабымның тағы да бір күрт өзгерген кезеңі жастар мен әуесқойлар санатынан кәсіпқойлар шеңберіне көшуден туындады. Егер ертеректе әлдебір немқұрайлыққа немесе қозғалыстардағы бейбастыққа жол беретін кездерің болса, жаңа деңгейге көшкеннен кейін техниканы тереңдетуге, бидегі кішігірім бөлшектерді шарықтатуға, серіктеспен өзара түсіністікке ұмтылу өте қажет болады. Осындай жаңа, күрделі міндеттер мен бидің әдістеріндегі түбегейлі өзгерістердің пайда болуына байланысты, мен кейде қысылып, бірден барлық нәрсеге жинақтала алмадым.

Маған: «Оксана, алаңдама! Жастар санатында қалай биледің, солай биле! Қысылма!» - дегендер көп болды.

Алайда, алғашқыда өте техникалық, терең би мен бұрынғы табиғилықты біріктіру қиынға соқты. Бірақ мен өзім үшін нақты шешім қабылдадым: «Мен сәттілікке жетемін! Қажетті деңгейге қалай болса да жетемін! Алдымен аздап қысылсам да, осы сынақтан өтемін!». Нәтижесінде маған осы мақсатқа жету үшін 3-4 жыл қажет болды. Содан кейін би билеу оңайға түсті, өйткені дене барлық техникалық аспектілерді ескере отырып, қажетті қозғалыстарды автоматты түрде қайталайды. Енді мен паркетке қобалжымай шығып, жарқырайтын болдым! Егер мен осының бәрін басымнан кешірмесем, онда бүгінгі күні сынға алынар едім. Ал енді бұл білім мен дағдылар әрқашан өзіммен бірге. Мен тіпті физикалық пішінімді уақытша жоғалтсам да, техниканың өзі жоғалып кетпейді.      

- Қай жеңістеріңізді шешуші деп айта алар едіңіз?

- 2002 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болдым - 10-нан 2-еуі (латын стандарттары). Бұл өзім үшін және жетістікке жетудегі алғашқы үлкен мақсатым болды. Бұған менімен бірге болған керемет серіктесім, сондай-ақ бізге алаңдап, қамқорлық танытқан жаттықтырушыларымыздың жылы қолдауының арқасында жеттім. Ата-анам, әрине, көп көмектесті: әкем үнемі костюмдерімді тігетін, ал анам әрқашан менімен турнирге хореограф ретінде барып, әрдайым маған биім туралы объективті кеңес беріп жүрді.

Әрине, бұл менің жас болсам да, кәсіпқойлар қатарына биші ретінде қосылуыма әкелді. Менің бірінші Блэкпул турнирім есімде, мен әдеттен тыс қобалжусыз және жинақы болсам, әріптесім - көрнекті әрі тәжірибелі биші Франко Формика - уайымдап, алаңдаушылық білдірді. Мен өзімнің эмоцияларымды бақылап, нәтижеге қол жеткізуге мақсат қойсам, бұл менің қолымнан келетіндігін әлі күнге дейін білемін.

Әрине, кейінгі жетістіктеріме Латынамерикалық бағдарламасы бойынша кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы, Еуропа чемпионаттары, Штутгарттағы German Open турнирлері және Германияның 4 дүркін чемпионы қола әлем чемпионы атақтарын жатқыза аламын.    

- Спорттық болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? Қандай жетістікке жеткіңіз келеді? Қандай турнирлерге қатысқыңыз немесе жеңгіңіз келеді?

- Жақында қызықты тәжірибе алдым - алғаш рет Германияда «Танцы со звездами» телешоуына қатысып қалдым. Мен үшін бұл жаңа әлем, жаңа сезім, жаңа тәжірибе, мен онда болғаныма қуаныштымын.  

oxana lebedew ladanza 04

Бүгін мен болашаққа сенімдімін және жүз пайыз түсіне алатын, жұптың жетекшісі бола алатын, мені қорғайтын және сене алатын серіктес іздеп жүрмін. Жалпы, би мансабын белсенді жалғастыруға, әлемдегі беделді турнирлерге қатысуға және жаңа шыңдарды бағындыруға ниеттімін!

Сонымен қатар мен үшін кез-келген турнирде ең бастысы жүлделі орын емес, алаңға әріптесіммен не көрсеткеніміз маңызды. Біздің биіміздің барлық сұлулығы, сиқыры мен эстетикасы - бірінші кезекте біз осыны көрсетуге тырысамыз! Егер бұл керемет болса, онда төрешілер де мұны бағалайтын болады!

- Би өнерінде үлкен шыңдарға жеткісі келетіндерге қандай кеңес бересіз? Табысқа жетудің қандай сыры бар?

- Мен спорттық бал билеріндегі табыстың кілті техникалық негізбен тынымсыз, мұқият жұмыс істеу, көптеген және көп сағаттық жаттығулар деп ойлаймын. Көптеген жұптар бұған мән бермейді де, үстіртін қарайды, бидегі тиянақтылықты ойлаймайды. Олар үшін, бастысы - аудитория қошемет етіп, бидің әсерлі болуы. Шын мәнінде, ол бүлінген алма сияқты, қабығы жылтыр, бірақ іші шіріген болып шығады. Дұрысы, әрине, жұпатғы бидің техникалық та, көркем де шынығуы, бірақ мұндай нәтиже жету мүмкіндігі болмаса, техниканы жетілдіруге күш жұмылдыру қажет, одан кейін барып қимылдардың мәнерлілігін ойластырған абзал. Бұл зәкір сияқты. Алған біліміңізді сізден ешкім тартып ала алмайды.

Екіншісі - икемді ойлау және жаңа, зерттелмеген жолдармен жүруден қорықпау. Бидің «Мен соншалықты би билеймін» деген стиліндегі қандай да бір сипатына оқталудың қажеті жоқ, ал ерте ме, кеш пе биде өз стиліңізді тауып, оған орныға аласыз. Бірақ бұл, қайталап айтқанда, бекітілген идея емес, икемді көзқарас болады.

Үшінші ұстаным - мұғаліміңізге сенім арту. Сондай-ақ кейде әртүрлі жағдайларға байланысты сүйікті тәлімгерлерімізді басқаларына ауыстыруға тура келеді. Алдымен «мені басқаша үйретті» немесе «бірақ басқаша ойладым» деген сияқты ішкі наразылықтарыңыз болуы мүмкін. Мұның бәрінен арылып, жаңа мұғалімге сенім арту керек. Содан кейін сіздің жаттығуларыңыз мүмкіндігінше біртіндеп алдыға жүреді де, алатыныңызды барынша аласыз.

Ең бастысы, сіз жоғары деңгейге жетуге деген ұмтылысты өзіңіздің санаңызға сіңіруіңіз қажет. -. Күн сайын кешегіге қарағанда жақсырақ билеуге тырысыңыз және қол жеткізген жетістіктерге ешқашан тоқтамаңыз! Айналаңызды бақылаңыз, басқа сәтті бишілерді бақылап, басқа бағыттарға біраз уақытыңызды бөліңіз, сол жерден қажет болса керегін алыңыз.

Ең бастысы - аянбай еңбектеніп, жатығудан шаршамау!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle