Бал биіндегі табысты жұптың анатомиясы
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Anatomiya Uspeshnoy Pari V Balnyh Tantsah

Жұпта жақсы серіктес болу өнері бал билеріндегі бишілердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бірақ жақсы серіктестер деген кімдер? Олардың жетістіктері неден құралады және жұптың тарауы неден? Бүгін блогымның бетінде осы негізгі сұрақтарға жауап беремін. Бұл би билеп, табысқа жетуге талпынған әр адам үшін пайдалы болады деп үміттенемін!

Жалпы алғанда, би билеудегі серіктестіктің тақырыбы екі негізгі факторға бөлінеді - техникалық және психологиялық. Олардың әрқайсысына тоқталайық.

Сұрақтың техникалық жағы

Әріптес: жүргізудің екі факторы

Техника туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, жүргізу, яғни ер серіктестің әйел серіктесін биде бағыттау өнері туралы айтамыз. Жақсы жаттықан жүргізу би жұптарының жетістіктерінің басты факторы болып табылады; ер серіктес сенімді белгілерді көрсетсе, әйел серіктес оларды жақсы сезінеді, ол келесі секундта не істеу керектігін, серіктесі қандай би фигурасын орындағысы келетінін түсінеді және оларды орындайды.

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 01

Мәселен жүргізу өнерін қарастыратын болсақ, мазмұнын құрайтын екі негізгі ұғымды бөліп жаруға болады: leading (жүргізудің өзі) және connection(әйел серіктесті қолынан қалай ұстайтындығымыз).

Әйел серіктестің қадамын білу серіктес үшін дұрыс leading жасаудың бірінші және ажырамас факторы болып табылады және бұл өте ақылға қонымды, өйткені ер серіктес келесі сәтте әйел серіктестің қайда басатынын білсе, оған жәрдемге келуі мүмкін. Осылайша, менің ұстаздарымның бірі келесі вариацияларды жасап шығарды: біз алдымен әйел серіктесіміздің қадамдарын бірге үйрендік, сосын оның жүріс-тұрысына ыңғайлы және дұрыс жүргізуді негізге ала отырып, ер серіктестің қолайлы партиясын құрдық. Бұл тәсіл тәжірибеде сирек кездескенімен бал билерінің ортодоксалдық мектебіне (оған сәйкес әйел әріптес «ер әріптестің артынан» еруі тиіс, «барлығын ер әріптес шешеді», «барлық жауапкершілік ер әріптеске артылады») қарама-қайшы келсе де, маған жақын және оны өте тиімді деп санаймын. Жұптарыңызда жүргізуде әлдебір қиыншылықтар немесе түсініспеушіліктер туындаса, осы әдісті көріңіздер. Меніңше көмектесуі тиіс!

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 02

Жақсы жүргізудің екінші аспектісі (leading) біріншіден таралып, бақылауға алынды. Оны келесідей анықтауға болады: ер әріптес әйел әріптесінің қадамдарын, олардың ырғағы мен бағытын біле тұра, өз салмағын дұрыс қолдана алса, би өте үйлесімді болады. «Салмақты пайдалану» дегеніміз не? Мысалы кейбір жұптарда ер әріптес денесін пайдаланғанның орнына серіктесін бицепс, трицепстерін, алақанды қысуды, шынтақты бүгу мен жазуды пайдалана отырып жүргізеді. Бұл күштеп жүргізу, ол дұрыс емес, себебі әйел әріптесін «құлатып алады». Бұл қалай жүзеге асады? Мысалы, латынамерикалық билерді бойжеткен биік өкше немесе тік өкше киіп билейді, ал өзінің салмағын аяғының ұшында ұстап тұрады. Бір қадам дұрыс болмаса, оның салмағы не алдыға, не артқа, не жан-жаққа қарай басым болып қозғалады да, аяғынан шалып «құлатады», яғни ол «аттап-аттап» жүруге мәжбүр, нәтижесінде бал бишілері айтқандай «аяғынан тұрай алмайтын» жағдайға тап болады.

Шындығында, ол тұра алады, бірақ тұрарлық емес, өйткені серіктес өзінің күштеп жүргізуімен «жұлып отырады», бұл көзге бірден түседі, себебі әйел серіктес ашық киімде билейді, оның аяқтары бәрінің көз алдында; ол тізесін жеткізбесе немесе аяқтан «құласа», жалпы бидің де, жарыс биінің де көзқарасы тұрғысынан үстіртін көрінеді.

Ер серіктес өз салмағын қолданып, иықтан жамбасқа дейін арқадағы бұлшықеттердің қысқаруының көмегімен әйел серіктесінің салмағын басқаруы керек. Оны қысқартқанда немесе, керісінше, біршама ұзартқанда, құлыптағы аталмыш қатты қысым немесе кернеу туындайды (құлып дегеніміз әріптестердің қол ұстасуы). Бұл латынамерикалық биде ер адамның арқаның дұрыс бұлшықеттерінің созылуын және механикалық қысылуын тудыратын жамбас қозғалыстарын қолдануының бір себебі. 

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 03

Біреу үшін ер адам қызбен билеп, бөксесімен бұлтаңдағаны түсініксіз көрінуі мүмкін, бірақ бұның, біз түсінгендей, техникалық негізі бар. Бөксе біз үшін ауырлық болып табылады. Ересек адамдардың күш түсіру орталығы жамбас болып табылады, біздің ағзамыз солай құрылғандықтан біз оны жүргізудің жақсы сапасына жету үшін қолданамыз.

Ендігі кезекте connection (серіктестің қолын қалай ұстау керектігі туралы) және оның техникалық дұрыс жүргізуге тигізетін ықпалы туралы айтамыз. Анықтама бойынша әріптестер қол басын босатып тұруы тиіс, ал «тетік» - бұлшықеттердің ширыққан ауданы қол мен дененің біріккен иықтың буынында шоғырлануы тиіс. Сөйтіп, менің қолымның кез келген айналуы немесе әріптесімнің қолын айналдыруға жасаған әрекетім (оның қолы дұрыс бекітілсе) ары қарай оның денесінің айналуымен жалғасады. Төмендегі суретте мен әйел серіктестің қолын қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетіп тұрмын. 

partner derzhit za ruku partnershu 2

Алайда қолдың басы жұмсақ болып қалуы керек. Мен мысал келтірейін. Мәселен, бүгінгі күннің әрқайсысында телефон бар дерлік. Осы телефон салыстырмалы түрде нәзік болғандықтан, оны қолмен қатты қысуға болмайы. Мысалы сізге бикеш алақанын беріп, қолының басы, нақтырақ айтқанда білегі бүгілген шынтақпен еденге қарап тұрса, ер әріптес әйел әріптесінің алақанының сыртқы қырын (яғни шынашақ орналасқан жерді) өз қолымен «құшақтап», өзінің бас саусағын оның білегіне қоюы тиіс. Осылайша, би кезінде болашақта әйел әріптесінің қолын қаттырақ қысса, «мұқият бол, қазір бірдеңе болады» деген белгі береді. Міне, өзінің коммуникациялық қызметін орындайтын тұпнұсқалық, тазартылған connection деп осыны айт.

Әріптес: интеллект және әуенділік

Әріптесің ақыл-ойдың жоғары деңгейіне ие болуы керек. Басыңыздағы «Бұл жерге ақылдың қаншалықты қатысы бар?» сияқты сұрақтардың алдын алу үшін мысал келтіремін. Мен клубта алаңда билегенде немесе би турнирінде өнер көрсеткенде жалғыз емес, басқа жұптармен бірге билеймін. Оларға, қимыл қозғалыстарына көз жүгіртіп, биіміздің бағытын өзгерту үшін бұны пайдалануым тиіс. Ол жердегі жылдамдық пасадобльдегідей минутына орындалған такт саны 60-қа дейін жетіп, қатты болуы мүмкін.

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 04

Сонымен, өзімнің әріптесімнің партиясын білуім керек, өз қадамдарымды біліп, басқаруым қажет, сонымен қатар алаңдағы басқа жұптарды көріп, олармен қақтығыспауым керек. Ал ерекше дамығандар үшін төрешілердің назарын өзіне қарату және басқаларға қарағанда ұтымды көріну мақсатында өз жұбын алаңның ешкім жоқ жердегі бір бұрышына шығарудың опционалдық міндет тұр. Таза көрсетілім компонентімен қоса, бұрышқа шығу қозғалыста неғұрлым көп еркіндік береді, бұл сіздің техникалық тұрғыдан қабілетті екендігіңізді көрсетуге мүмкіндік жасайды. Жоғарыда көрсетілген барлық міндеттер ақыл-ойдың жеткілікті мөлшеріндегі міндеттерді құрайды және олардың көпшілігін бір секунд ішінде шешу керек, сондықтан жақсы интеллектсіз болмайды.   

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 05

Серіктес үшін қарастырылған мәселенің техникалық жағы туралы әңгімемді, менің ойымша, маңызды техникалық фактор – әуенділікпен аяқтағым келеді. Кәсіби би-спорт тұрғысынан мен өте кеш билей бастадым, сонымен қатар физикалық қабілеттерім де қарапайым, қатардағы болып шықты. Дегенмен, қазіргі таңда да, өткенде де мен үлкен сұранысқа ие серіктеспін, бұл көп жағдайда менің әуенділік шеберлігіме байланысты.

Мен бидің вариацияларын пайдалана отырып музыкадағы қалыптастырғым келген кереғарлық пен ырғақты айқын естимін. Әуенділігі жоқ әріптес апатпен тең деп ойлаймын. Ол жоғарыдағы ережелердің барлығын түсінуі және білуі әбден ықтимал, бірақ өзінің серіктесін музыкадан тысқары жүргізуі мүмкін. Балет билегендей тактіден кейін, немесе, керісінше, кешігуі, яғни өз партиясын дұрыс билеп, серкітесін кешірек жүргізіп, диссонанс тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, кәсіби турнирде бұл төрешілік үкімінде шешуші рөл атқаруы мүмкін, өйткені олардың көзқарасы бойынша басқа бір жұп әлдеқайда әуенді болды. Сондықтан әуенділік дағдыларды дамытыңыз, оны үйреніңіз, себебі бұл сіздің серіктес ретінде ғана емес, негізінен, қандай би билесеңіз де биші ретінде табысқа жетудің басты кепілі!

Әріптес: таза аяқ пен найзағайдай жылдам реакция

Ал ендігі кезекте, бал билерінде одан да көрікті болып көрінетін әдемі бикештерге уақыт бөлу кезі келді. Әйел серіктес туралы әңгімелейік.

Біріншіден, бұрып сөйлегеніме кешірім өтінемін, жақсы әріптестің аяғы таза болу керек. Әңгіме барысы тазалық туралы емес (ол сөзсіз де анық екені түсінікті), оның аяқпен орындаған би қимылдарының техникалық тазалығы. Жоғарыда айтып кеткендей, бидің жылдамдығы жоғары болады, ал әйелдердің көйлегі қысқа және ашық келеді, сондықтан табанның кез келген ақауы, дене салмағын дұрыс бөлмеу немесе балансты табан ішіне орналастыру ауытқуларға әкеледі.

Биді түсінетін кез-келген төреші немесе көрермен би кезінде әрдайым аяқтың кез келген сызығы әдемі және толық көрінетін, би фигурасын тікелей немесе қиғаш позициясына дейін жеткізбей аяқтаған жұптарға артықшылық беріп отырады.

Қысқа айтқанда, қатесіз таза аяқтар - табанның, балтыр бұлшық еттері мен жамбастың үлкен жұмысы және әйел серіктестің техникалық деңгейінің аяусыз көрсеткіші, өйткені ер серіктес қандай да бір кезде тізесін жеткізбесе де, шалбар астынан жасыра алады, ал әйел серіктес ешқайда қаша алмайды, барлығы көз алдында!

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 06

Жақсы серіктестің екінші маңызды техникалық факторы – әріптесінің жүргізудегі нақты белгілеріне жылдам және дәл жауап бере алуы. Ол ары қарай не болатыны туралы сенімділікпен түсіне біліп жауап беру, ойда болжамауы, биді «күштеп» билемеуі үшін құлыпты пайдаланбауы тиіс. Әйел серіктес өзінің салмағымен серіктесінің салмағына жауап берсе, би сөзбен түсіндіруге келмейтін сапада көрінеді! Бұл жетістікке жету өте қиын, өйткені мұнда сіз өз салмағыңыз = сіздің денеңіз = сіздің өміріңіз үшін жаупкершілікті басқа адамға тапсыруыңыз керек. Міне, бұл мен үшін шынымен де үлкен өнер! Мұндай жұптар әрдайым көзге түседі.   

Билеген жұп психологиясы

Бал билеріндегі табысты серіктестік мәселесінің екінші жағы - серіктестік психологиясы туралы әңгімелейік.

Өмірімнің бишілік және ұстаздық жолында мен көптеген жұптарды: бірлерінде ер серіктестер өздерінің әйел серіктестері тарапынан ашық балағаттау, кемсіту, қорлауға көніп, етек асты болса, кейде әйел серіктестерінің өзі рақымсыз серіктестерінен сәйкесінше жағдайға тап болғанын көрдім. Бір қарағанда, өрескел көрінгенімен, мұндай жұптар (моральдық және этикалық себептерге сәйкес аттарын атамай-ақ қояйын) шын мәнінде бірнеше рет әлем чемпиондары болды және билеуші жұп ретінде жалпы алғанда табысты болды. Әрине, көптеген адамдардың олардың адамгершілік қасиеттері жайлы сұрақтар туындайтын шығар, бірақ жеңімпаздарға үкім шығармайды.

Мен үшін жұптағы әйел серіктестің табысқа жетудегі негізгі психологиялық фактор ымыраға келу болып табылады. Мен біраз уақыттан бері тамаша серіктесіммен билеп жүрмін, ол мені шын жүректен қуантады және мен оны адам ретінде өте құрметтеймін. Мінез таныту мен келісімге келуді теңгергені мен үшін өте ыңғайлы. Әріптес ретінде бұл қасиетін ұнатамын және бұл біздің жаттығуымызды жемісті және жағымды етеді.

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 07

Әріптес қасиеттерінің ең маңыздысы, менің ойымша, оның менмендігі, ішкі тәртібі мен интеллект деңгейі. Оларды төмендегідей талдаймыз:

  • Менмендік әріптестің ілгері ұмтылысының деңгейінің көрсеткіші. Жұптағы көшбасшы, бал билері ережелеріне сәйкес, әлі күнге дейін серіктес болып табылатынын ескерсек, ол жұптың қаншалықты жоғары ұмтылатынын және неге жетуді жоспарлайтынын анықтайды. Ал жоғары, бірақ ақылға сыйымды өзін-өзі бағалау мен чемпион атағын алу үшін амбицияларсыз чемпион болу мүмкін емес.
  • Ішкі тәртіп - серіктестің ерлік деңгейінің көрсеткіші. Бал биіндегі жетістіктер тек жаттығу және үлкен шыдамдылық арқылы мүмкін болады. Бәрі әрдайым бірден шықпайды, әрдайым конкурстар жеңіспен аяқтала бермейді, тіпті кейде қарапайым адамдардың жалқаулығымен күресуге тура келеді. Серіктес қатаң тәртіптік негізге ие болуы керек. Егер ол жоқ болса, жұп шынымен керемет нәтижеге қол жеткізе алмайды.
  • Интеллект - серіктестің мәселелерді тиімді шешуге қабілеттілігінің көрсеткіші. Мен жоғарыда айтқанымдай, жағдай әртүрлі болуы мүмкін: бір жерде басқа жұппен паркетте соқтығысу қаупі болуы мүмкін, бір жерде аяғың ауырып қалуы мүмкін, қалғанын бір Құдай біледі. Мұндай жағдайлардың шешімін табу - бұл серіктестің міндеті, өйткені жұптың басқарушысы болғандықтан серіктес жасайтын барлық әрекеттерді оның нұсқауы бойынша орындайды.   
Тәрбие мен төзімділік

Дегенмен, серіктестер үшін ортақ маңызды психологиялық фактор бар, ол – тәрибе. Менің қырық жасымда бойымыздағының барлығы ата-анадан дарығанын түсініп отырмын. Олардың бізбен қалай сөйлескенімен қатар, бізді қаншалықты сүйді, неге баулыды, неден шектеді, неге жігерлендірді екен. Осы біліммен біз әлемге келіп, оны жинақтап, өсіп келе жатқан сәтте ата-анамыз бізге берген негізгі бастауларды жалғастырдық. Менің ойымша адамдардың 99% өз өмірінің қалған кезеңін осы білім елегінен өткізіп, ол іштей әлсіз адамдарды ғана сынайды.

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 11

Мен бұны не үшін айтып жатырмын? Біз бал билеріндегі табысты әріптестіктің психологиялық аспектілері туралы сөз қозғағанда, төзімділік туралы айтпай кете алмаймыз. Жұптың жұмысы өзара сенім мен бір-бірінің жетіспеушіліктеріне деген шыдамдылықтың жоғары деңгейін талап етеді, өйткені, сіздің серіктесіңіздің кемшіліктері болуы мүмкін. Биде екі дене әрдайым бір-біріне өте жақын. Ашып айтқаныма кешірерсіздер, серіктестің қызғандағы маңдай тері бетіңе шашырауы немесе су шаштары бетіңе тиіп кетуі мүмкін. Біреу үшін бұл жиіркенішті болса, биде онсыз болмайтын жұмыс сәттері. Екі серіктестің де төзімділігі жеткіліксіз болса жұп толыққанды деңгейде қалыптаса алмайды.

Меніңше, адамдағы төзімділік өз-өзіне деген ішкі жеткіліктілігінен өсіп өнеді. Ол адамдарды болған қалпында қабылдап, өзіне ұнамаған қырларын сөкпейді.

Өз-өзіне жеткіліктілік тәрбие беру кезеңінде, ата-ананың баласына танытқан қамқоры кезінде қалыптасады. Олар оған жеткілікті махаббат сыйлады ма, әлде бала өзін ата-анасының қамқорына тапшы санады ма? Менің байқағаным, өзгенің ықыласына тапшы адамдар өздерін құнсыздандырып, басқаларға ұнау үшін жоғалтуға бейім немесе адамдарға деген құрметсіздік пен дөрекілік жолымен қорғанып, аяқтарынан нық тұруға тырысады.

Мұның бәрі бізді табысты серіктестіктің соңғы психологиялық факторына - жұптың синергиясына әкеледі. «Синергия» сөзінің әртүрлі терминдік анықтамалары бар, бірақ мен үшін «жұптың синергиясы» - жұптағы серіктесіңмен тұтас бірлік бола алу қабілеті, онымен байланыста болу, оның қадамдарын алдын ала көру және келесі сәтте не істейтінін білу.

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 09

Өкінішке орай, бұл жағдайды сөзбен сипаттау өте қиын. Бұл бидегі құзыреттіліктің және сіздің әріптесіңізді адам ретінде танып, келесі қадамын мүлтіксіз түрде болжауға мүмкіндік беретін биші ретінде сезінудің өте жоғары деңгейі шығар. Бұл бал билеріндегі серіктестіктің жоғары шыңына тепе-тең!

Дарын тұралы бірнеше сөз 

Дарын кез-келген іс-әрекетте табысқа жету факторы ретінде әрдайым дауға толы мәселе болатын. Біреуде бар, біреуге мүлдем берілмеген, кейбіреуі ондай құбылыстың мүлдем жоқ, «дарын» деп жүргендері жоғары деңгейдегі интеллекттің арқасында адамның білім алу қабілеті екенін айтып жүр.

Мен дарын мен оның мәні туралы философиялық пікірталасқа кіріскім келмейді, тек оның барын және би жұбының табыстылығына әсер ететінін, бірақ айқындамайтынын айтқым келеді. Оған мысал ретінде өзімді келтіре аламын.  

anatomiya uspeshnoy pari v balnyh tantsah 12

Мен жақтырмағыш бала болдым, биге жарамды физикалық қабілетті балаларға қызғанышым жиі пайда болатын. Сонымен қатар, олардың ата-аналары шетел мұғалімдерінен көбірек сабақ алуға мүмкіндік жасап қаржыландырған кездері, әдетте, бар болған болмыстағы әділетсіздікке мұңайып, экзистенциалдық дағдарысқа түсіп кететінмін.

Бүгінгі таңда, әрине, мен оған объективті қараймын. Жүздеген адамды оқыту тәжірибесін, оның ішінде бал билері бойынша әлемнің екі дүркін чемпионын қоса алғанда, мен адамның табандылықтың соңында талантты және табысты бола алатындығын көрдім. Атаулы табандылықтың жеткілікті көлемі ғана қажет. Бұл жетістікке iPhone, iPad, Bentley немесе 10 миллион еуродан артық табыс тілеу қажет. Сонымен қатар белсенді түрде әрекет ету керек. Содан кейін сіз оған міндетті түрде қол жеткізесіз. Бұл ақиқат. Жалғыз шындық. Қалай болғанында да, мен үшін дәл сола.

Қорытынды

Би жұбындағы жұмыс - жоғары өнер. Оқырманға бұл өнерді барынша қанықтыруға көмектесу үшін мен оны мақалада талдап, шамам келгенше жайып салдым. Сіздердің әрқайсысыңыз - кәсіби спортшы, әуесқой немесе бал билеріне қызығушылық танытқан адам болсаңыз да, осы жерден пайдалы нәрсе біліп, енді өз жұбынызда одан да көп жетістікке жететініңізге сенемін.

Ақырында, әрқайсысыңыз серіктесіңізбен қарапайым жаттығулардан рахат алуға талпынуларыңызды тілеймін. Бұл сізді шабыттандырып, қанаттандырады! Егер бұлай болмаса, онда сіз бірдеңені дұрыс жасамайсыз немесе нағыз серіктесіңізді тапқан жоқсыз!

Сондай-ақ, мен әрдайым байланыс үшін ашық екенімді еске саламын - мақаланың соңындағы «La Danza-ның негізін қалаушылардан сұраңыз!» деген үлгіні пайдалана отырып, маған тікелей сұрақ қоя аласыз. Мен мүмкіндігінше тезірек және толық жауап беруге тырысамын.

 

Құрметпен, Камаль Бердиев

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

La Danza қалаушынан сұраңыз!

Камаль Бердиевге сұрағыңыз болса, оны мұнда жазылыңыз. Ол сізге міндетті түрде жауап береді!

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle