Бүгінде мен блогымның беттерінде зәру, қарама-қайшы, бірақ би қоғамына ең жағымды, керемет, маңызды тақырыптардың бірі – би турнилері туралы айтқым келеді. Бал қауымдастығының басым бөлігі сол үшін қызмет етіп, қызықтайтын оқиға. Күн сайын планетаның мыңдаған адамы беделді жарыстарға келіп қатысып, өзінің барлық қабілеттерін көрсету үшін залдарда жаттығады.
Олардың көпшілігіне жарыс – өмірдің мағынасы, ал жеңіске жету - ең басты өмірлік мақсат. Бұл жерде жүйкең шегіне жетіп, мықтылардың мықтылары ғана масайрайды, әлсіздерді қатал бәсекелестік, жерде қалған тәкаппарлық пен даңққұмарлық аяусыз жояды.
Би турнирлері қалай жасалды? Үнемі әрқалай. Турнирде белгілі бір жұптың жеңімпаз боларына кепіл беруге болады ма? Жоқ. Алайда жеңіске барынша қол жеткізуге мүмкіндік баршылық.
Осы мақаламда 20 жылдан астам сан қырлы тәжірибеге, соның ішінде халықаралық деңгейге дейінгі төрешілікке, негізделген би біріншіліктерін ұйымдастырудың ең негізгі сәттерін айтып беруге тырысамын.
Жұпта жақсы серіктес болу өнері бал билеріндегі бишілердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бірақ жақсы серіктестер деген кімдер? Олардың жетістіктері неден құралады және жұптың тарауы неден? Бүгін блогымның бетінде осы негізгі сұрақтарға жауап беремін. Бұл би билеп, табысқа жетуге талпынған әр адам үшін пайдалы болады деп үміттенемін!
Сәлеметсіздер ме, менің блогымның құрметті оқырмандары! Осы жердегі басылымдарым соңғы кезде аз шығып жүр. Жұмыс көп болғандықтан жазуға уақытым да болмады. Сондықтан биді жақсы көретіндер мен мақалаларымды сағынғандарға арнаймын!
“Бүгін блогымның беттерінде біздің ерекше ұстазымыз, шығыс билерінің жаттықтырушысы, керемет адам және әдемі әйел, Ерімбетова Әйгерімге сөз бергім келеді. Ол, La Danza шығармашылық отбасының барлық мүшелері сияқты, шығыс биін үйретудің ерекше әдісін иеленген, билеу мен би үйретуді жақсы көреді. Бұл, жоғары психологиялық біліммен қатар, Әйгерімге әрбір студентті сезінуге және әрқайсысының, тіпті ең қарапайым болсын, әйел бастауын ашуға және аутизмге шалдыққан балалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондықтан ыстық қабылдап, қарсы алыңыздар!”
Камаль Бердиев,
бас-жаттықтырушы және La Danza би клубтары желісіннің негізін қалаушы