Көп жағдайда биді жаңадан бастағандары, сабаққа келгенде немесе тіпті алғашқы сабаққа келгенде: «Керемет билеп үйрену үшін қанша уақыт қажет?» деген сұрақ қойып жатады. Сұрақ, әрине, би билейтін кез келген адам үшін жақсы және маңызды, бірақ оған тез арада жауап қайтару мүмкін емес. Әрбір адам өзінің жаттығу жылдамдығына және мінез-құлыққа ие, осылардың барлығы - оқудың сәттілігін айқындайтың - және жақсы бишілерді шынықтыратын факторлар. Бүгін осылар жайлы әңгімелесейік.
Не маңызды: талап па әлде жаттығу ма?
Егер сіз кез-келген бишінің табысын талдасаңыз, онда тума таланттың үлесі 10%-дан аспайтынына көз жеткізесіз.
Кеше және бүгінгі күні би әлемін өзгерткен және өзгертіп отыратын, еліктеуге үлгі боларлық ұлы бишілердің, шын мәнінде, талантының үлесі ең көп дегенде 25% құрайды. Бұл, әрине, біздің субъективті пікіріміз болып табылады, бірақ көптеген адамдар бұл ережелермен келіседі деп ойлаймыз.

Табыстың тағы 20%-ы жағдайға немесе қосымша факторларға байланысты болуы мүмкін. Бұл би сабақтарын бастау жасын және оқуға қабілеттілігін, сондай-ақ жауынгерлік өнер, гимнастика және т.б. сияқты би дағдыларына пайдалы әсер ететін кейбір қосымша сабақтарды жатқызуға болады. Ал жаттықтырушы болмай немесе кәсіби сахнаға түспейтін көптеген «жақсы бишілер» бар болса да, бимен шынымен айналысқандардың көпшілігі биді бүкіл өмірінің ісіне айналдырады. Ең аз дегенде бос уақытын бөліп, биден сабақ береді, би жарысын ұйымдастырады және т.б.
Бұл адамдар үшін би билеу кеште тек дене қозғалту емес. Олар жоғары техникалық жетілуге тырысады. Ал қалған 70% - еңбек, еңбек және тағы да еңбек! Бірақ қандай еңбек? Қарастырайық!
Денеге берілетін жүктеме
Тәжірибелі бишілердің басым бөлігі өздерін қалыпты ұстайды. Бұлолардың дене пішіні керемет кескінді, ал төзімділігімен Олимпиада чемпиондары спортшыларымен бәсекеге түсе алады дегенді білдірмейді, бірақ олар үшін жаттығу залында машықтану - жиі қалыптасқан әдет.
Дегенмен, жаттығу залына жүйелі түрде баратын адамдардың көпшілігі тиімді жаттығу туралы ойлайматын да болар, бірақ орныңнан тұрып, қозғалып, өзіңді «залға сүйреп әкеліп», ойдағыдай шынығудың қаншалықты күрделі екенін анық біледі. Танымал бишілер үшін бұл әлдеқайда қиын, себебі олар үнемі келесі би турниріне сапар шегіп, жолда болады.

8 сағаттық жолдан кейін жаттығу залына барып тағы күш жұмсап, жаттығуға шамаңыз келер ме еді? Ал көптеген бишілер үшін – бұл нағыз шындық!
Созылу
Икемділіксіз қара күш (және керісінше де) биде өте қауіпті болуы мүмкін. Сонымен, мықты бишілер жақсы созылуды да қамтамасыз етулері тиіс.
Тұрақты созылу 30 минуттан артық уақытты алады. Бұл жағдайда созылу алдында сіз бұлшық еттеріңізді қыздыруыңыз керек, ал шын мәнінде икемділікпен күніне екі рет жұмыс жасау қажет! Егер кәдімгі қарапайым биші бұған немқұрайлы қараса, нағыз көрнекті спортшылар бұлшық икемділігін сакқтау және жақсарту үшін мұны міндетті түрде істеуі тиіс.

Олар қырағылығын сәл бәсеңсітсе болды, жылдар бойы жинаған икемділігінен айырыла бастайды. Сондықтан, келесі жолы шатқа отырумен жұмыс жасағанда, жіберіп алған 1-2 күніңіз апталап жеткен жетістігіңізден кері шегіндіріп тастайтынын біліңіз!
Би және хореография сабақтары
Әлбетте, биде үлкен табысқа жету үшін, сіз көп би билеуіңіз керек. Бұл жаттығу сағаттары, жаттығулар, серіктеспен немесе онсыз би фигураларын машықтану дегенді білдіреді. Егер сіз жарыстарға қатыссаңыз немесе маңызды алаңдарда жай ғана өнер көрсетсеңіз, сіздің жаттығуларыңыз хореографияланып, жетілдірілген болуы керек!

Би жаттығулары бос уақыттың өте үлкен көлемін алатынын айтқым келеді. Саяхатта болсаңыз да, оларға уақыт табуға тура келеді. Кейде екі серіктес әртүрлі қалаларда немесе елдерде тұрса, олардың халықаралық турнирлерде немесе турнирлерге бару барысындағы кездесулері би қозғалыстарын машықтаудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады!
Кросс-тренинг
Шынымен жақсы би билейтіндер әдетте әртүрлі жанрларда да би билей алады, сонымен бірге бимен үйлесімді қосымша дағдыларды да біріктіре алады. Мұндай дағдыларға жекпе-жек, гимнастикадағы, театр үйірмесіндегі және т.б. тәжірибені жатқызуға болады. Әрине, осындай дағдыларды дамыту уақытты, тіпті, кейбір қаржылық инвестицияларды талап етуі мүмкін.

Алдыңғы қатарлы көптеген бишілер балеттің, қазіргі заманның және басқа да әлеуметтік бидің басқа стильдеріне үңілу үшін біршама уақыт жұмсайды, ал біразы кейбір ерекшеліктерді өздерінің стиліне қосу үшін мүлдем жаңа жанрды толығымен игереді. Бұл расында да үлкен жұмыс!
Дене күтімі
Биші үшін дене оның негізгі құралы болып табылады. Олардың көпшілігі «пендешілік ләззат» алудан бас тартады: диетаға отырады, салмағын, бойын және мүсінін бақылайды, ішімдікке жол бермейді, шылым шегуді тастайды және тағы басқалары. Ал үнемі жолда жүрген бишілер үшін салауатты тамақтану екі есе күрделене түседі!
Басқа да факторлар
Әрине, көрнекті биші болудың жоғарыда айтылған барлық ұсыныстары күнделікті өмірдегі проблемалар мен қажеттіліктерді есепке алмайды. Билейтіндердің басым бөлігі тағы да бір жерлерде жұмыс істейді, ал биден күні бойы немесе жарты күн сабақ бергендер сабақтарын жоспарлап, сахнаға шығып, кейде ,тіпті, әлеуметтік би кештерін немесе ашық мастер-класс өткізуге мәжбүр.
Егер биші шынымен де сұранысқа ие болса және үнемі гастрольдік сапарда болса, ол өнер көрсету үшін келісімдер жүргізіп, интернеттегі жарнамаларының жылжуын қамтамасыз етіп, басқа да ұйымдастыру мәселелерімен айналысуы тиіс. Бұл үнемі саяхаттау, шабадандарды жинап-ашу, жаңа ортаға бейімделу, заттарды жууға, тамақ жеуге болатын орындарды табу.
Сондай-ақ, сабақ беретін немесе жиі өнер көрсететін бишілердің өздерінің оқушыларына, жанкүйерлеріне немесе сахнаға шығуын ұйымдастырушыларына сыпайы және құрметпен қарау сияқты кәсіби қажеттіліктері кездеседі. Ал би болар-болмас таныс адамдарға қатысты шырайлы және ақ жарқын болудың ғабинеті болса да, мазаң таусылып, ұзақ ұшудан шаршаған кезде өте қиын іс болуы мүмкін. Алайда, егер сіз кәсіпқой болсаңыз, онда ортаға қосылу, адамдармен тіл табысу және кештен тек ләззат алу сіздің жұмысыңыздың бір бөлігі болып табылады. Көптеген кәсіпқой бишілер күні бойына жаттығып болғаннан кейін, түнгі кештерде би билемегені үшін басқалардан «сөз естиді».

Көптеген елеулі бишілер биден тыс басқа да іс-әрекеттермен шұғылданады: біреулері өздерінің веб-сайттарын қалай жүргізуді, белгілі музыкаға ремикс жасауды немесе тек DJ болуды, әлеуметтік желілерде ілгері жылжуды, өздеріне би костюмдерін тігуді, макияж жасауды, шаш жасауды және тағы басқаларын үйреніп жүр.
Шын мәнінде, айтарлықтай ұлы бишілер би билеу үшін көптеген құрбандыққа барады. Мысалы, олар көбінесе отбасылық отырыстардан жиірек құр қалады, жеке өмірін және қызығушылығын құрбан етеді, барлық бос кештері мен демалыс күндерін Мәртебелі биге арнайды!
Әлі де атақты биші болғыңыз келе ме?
Адал болайық - шын мәнінде би билеудің ең жақсы тәсілі көбінесе кейбір құрбандықтарды білдіреді және осы құрбандыққа шамасы жететін нағыз жігерлі және аянбайтын адал адамдар ғана бара алады. Егер сіздің өміріңізде қуанышпен айналысатын тағы бір нәрсе бар болса, онда мұны іске асырыңыз! Осылайша, сіз тек көп ақша тауып қана қоймай, би сабақтарына да көңіл бөле аласыз, сыныптарда және би тәжірибелері мен турнирлерінде өте жақсы деңгейде билей аласыз.

Бидің Олимп шыңына жету жолында сіздің өміріңіздегі ең ғажайып көтерілулер мен құлдыраулардан өтуіңіз әбден мүмкін. Біз кәсіпқой бишілердің тамаша оқиғаларын естідік: олардың кейбіреулері би үшін далада қалу қауіпі төнсе де, барлығын тастап, одан кейін өздерінің өмірін би арқылы қамтамасыз ету жолдарын тапты, сайып келгенде гүлденіп, жетістіктерге жетуге мүмкіндік таба алды.
Қорытынды
Би - шын мәнінде ғажайып кәсіп. Ал сіз өзіңіз үшін ғана би билеуді немесе бидің биіктеріне жетуді қаласаңыз, Алматыда La Danza би клубтары желісінен басқа мұндай жақсы орынды таба алмайсыз!
Бізде оңай және тез билеуді үйренуге көмектесетін еліміздің ең мықты тәлімгерлері қызмет етеді!
Байланысу телефондары немесе сайттағы кері байланыс арқылы бізге хабарласыңыз, тегін сынақ сабағына тіркеліңіз! La Danza-да көріскенше!