Pro-Am
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Obuchenie Tantsam Proam Almaty 01

Pro-Am

«Кәсіби биші + Әуесқой биші»

Бұл кәсіби биші мен әуесқой студенттің үйлесімді дуэтіне негізделген жүйелік би тренингіне арналған халықаралық аббревиатура. Мұндай жұптардың жарыстары мен фестивальдері Еуропа мен АҚШ-та онжылдық уақыттан бері өткізіліп, бір турнирге бірнеше мың жұп жинайды. Pro-Am би бағыты біздің елімізде әлі де жас болғанына қарамастан, оның танымалдығы тұрақты түрде өсіп келеді және Қазақстан жақын арада Pro-Am шет ел мектептерімен бәсекелесе алады. Pro-Am жарыстарына кем дегенде бір рет қатысқандардың арасынан ешкім ешқашан өкінген жоқ.  Сонымен, би мектебіне «өздері үшін» билеуге келген адамдарды, көрермендер мен төрешілердің алдына шығып,  би конкурстарына қатысуға не талпындырады?

Pro-Am турнирлері туралы

Бір жағынан, төрешілердің, жеңімпаздардың қатысуына қарамастан, Pro-Am турнирін жай жарыс деп айта алмайсың.   Бұл бәсекелестік пен би шоуының комбинациясы, ал көрермендердің қатысуы маңызды ынталандырушы фактор болып табылады. Ұрылған шапалақтар биіңіздің сізге ғана емес, басқаларға да ләззат сыйлағанының белгісі, өнеріңізден алған шабыт пен жақсы көңіл-күй барлығына сенімділік береді және би билеу ниетін күшейтеді. Ал жақындарыңыздың қолдау көрсеткені осы іс-шараны шын мәнінде ұмытылмас етеді.

Екінші жағынан, Pro-Am - бұл жарыс, онда сіз өзіңіздің біліміңізді, басқалардың білімімен салыстыра аласыз, кәсіби төрешінің бағасын аласыз. Оқу барысында өзіңіздің ілгерілеуіңізді, дене бітіміңіздің жақсаруын, техникалық дағдылардың жетілуін түсіну және бақылап отыру өте маңызды. Көптеген адамдар үшін бәсекелестік белгілі бір қиындық болып табылады, соның ішінде турнирге ерекше қызығушылық беретін өз-өзіңе деген сын.

Біздің жарыстарымыздың тәжірибесі көрсеткендей, барлық бағыттардағы оқушылар арасында ең танымал санат Шоу-кейс болып табылады. Музыканы таңдау, бидің табиғатын анықтау, шығармашылық дәлелдер, бірегейлікке ұмтылу - бұл барлық қиялды ынталандырады, ерекше және түпнұсқалық нәрсе жасауға ниет тудырады. Мұндай өнер көрсету көрермендердің көңілінен шықпақ. Мерекелік іс-шараларда әдеттегі қойылымдардан айырмашылығы – турнирде жақын жерде жаттықтырушы-хореограф тұрады, ол қосымша қолдау көрсетеді және қателесуге немесе сасқалақтауға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдай өздерінің биден алған білімдерін қолданғысы келетіндер үшін және олардың сипатын сабақтан өзгеше, «жауынгерлік», жағдайда көрсету үшін Pro-Am турнирлерін тартымды етеді. Өкінішке орай, би жарысына қатысуға шешім қабылдауға әсер ететін барлық себептерді әрдайым анықтау мүмкін емес, бірақ ең бастысы, турнир би өнерін жақсартуда сіздің мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі.

Неге Pro-Am?

Спорттық бал билері - өнер мен спорттың ең табысты комбинацияларының бірі. Эмоционалды және еліктірерлік, олар өте танымал. Әрбір биші жұртшылықты тек қызықтырып, оның қолдауына ие болып қана қоймай, жеңіске жетуге тырысады. Жеңіске жету жолы, сіздер білетіндей, әрдайым жұмсақ болмайды...

Бал билері жұпта орындалғандықтан жақсы серіктес табу қиынға соғады, өйткені әркім серіктесінің қабілеттерінің деңгейі өзінікіне сәйкес қана емес, жоғары болғанын қалайды. Біздің студиямызда  мұндай проблема   жоқ, өйткені Pro-Am жүйесі биді жұпта кәсіби бишімен бірге үйренуді көздейді, сондықтан қысқа уақыт ішінде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік аласыз. Бізге келсеңіз, білікті және қамқор тәлімгерлерді серіктеске таңдай аласыз, олар сізді би шыңдарына қарай адымдап жетелейтін болады.

 La Danza-дағы Pro-Am жүйесінің артықшылықтары

  • Кәсіби маманның мұқият бақылауы. Жоғарыда айтылғандай, Pro-Am жүйесі арқылы билеуге үйренуде әуесқой биші бір уақытта жеке жаттықтырушы мен серіктестің қызметтерін атқаратын кәсіпқойлардан жеке сабақ алады. Техниканы дағдылау мен  білікті бишімен өнер көрсете отырып,  өзіңізді сенімді сезінесіз, өйткені ол сіз үшін әрқашан паркетте мықты қолдау мен демеу болады.
  • Арманыңызды жүзеге асыру. Pro-Am балалық кезде би билеуді армандайтын, бірақ кейбір себептермен оған жеткілікті уақыт бөлмеген адамдар үшін  өтіп кеткен уақытты қуып жетіп, бидің ғажайып  әлеміне қадам басудың керемет мүмкіндігі. Бізбен бірге білім алып, өзіңіздің деңгейіңізді тез және тиімді түрде көтересіз, сондай-ақ Pro-Am турнирлеріне қатыса отырып, өзіңіздің би әлеуетіңізді толығымен іске асырудың бірегей мүмкіндігін аласыз, онда сіз серіктесіңізбен  бірге алған керемет біліміңізді көрсете аласыз!
  • Теңгерімді, біртіндеп өсу. Кейбір адамдар ақпаратты жылдамырақ үйренетіні ал кейбірі баяу меңгеретіні құпия емес. Би кезінде бұл серіктестердің әртүрлі өсу қарқынын көрсетеді. Бұл, әсіресе, жаңадан құрылған жұп үшін теріс нәтижеге әкеледі, өйткені мұндай жағдайда әрбір серіктестің қателіктері екіге көбейтіледі, ал бір серіктес техникада әлсіз болса, ол жұптың дамуына әрқашан кедергі келтіреді. Егер сіздің серіктесіңіз бізде La Danza-дағы сияқты, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпқой болса, сіздің дамуыңыз әріптеске тәуелді болмайды, бұл оқу үрдісін ыңғайлы әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді!
  • Алғашқы дереккөзден алынған білім. Біз - Қазақстандағы алғашқы би студиямыз, Pro-Am би жаттығу жүйесіне негізделіп, оны бүгінгі күні табысты қолданып жүрміз, өйткені өзіміздің білімімізді алғашқы дереккөзден білдік. Біздің студиямыздың негізін қалаушы жүйенің негізі мен қыр-сырын Англиядағы бал билерінен ең жақсы оқытушылардан алды! Бізді таңдай отырып, сіз би туралы ең сапалы білім аласыз, өйткені оған лайықсыз!

Қорытынды

Pro-Am жүйесі ең қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге жетуді қалайтын кез келген адам үшін оңтайлы шешім болып табылады. Сонымен қатар мүсініңізді қалыпқа келтіріп, мінезіңіздің жаңа қырларын ашасыз! «La Danza» би студиясы сабақтары - әрқашан жарқын, еліктіргіш, қызықты  және тартымды. Мұнда сіз жаңа қарым-қатынастарға ие болып, өзіңізді шынайы ханым немесе джентльмен ретінде сезіне аласыз! Pro-Am және La Danza-ны таңдасаңыз, жоғары деңгейдегі кәсіби маман болу, халықаралық би турнирлеріне қатысып, оны  ұтып алу - мұның барлығы да әбден мүмкін!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle