Біздің мақсатымыз
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Obucheniye Tancu

Би өнері – таңғажайып сиқырға, шабыт пен әсемдікке толы әлем, мұнда өзінің заңдылықтары мен ережелері бар. Бір көрген адам тек таза, мөлдір сезімге бөленеді! Расында да, шыр айналып вальс билеген сымбатты костюмдегі үйлескен әдемі жұпты көргенде, таңқаласың. Енді міне, олар маужыраған, сезімтал дуэтке айналып, аргентиналық танго ырғағымен құштарлықты қыздыра түсуде...

Қазір би өнері табысты адамдар арасында танымал болды. Бұл мүлде таңқаларлық жағдай емес, өйткені тарихқа көз жүгіртсеңіз, 200 жыл бұрын би тек ақсүйек қоғамның артықшылығы болғандығын көресіз, сондықтан біз тек бастамаға қайта ораламыз. Көптеген адам балалық шағынан осы әдемі әлемнің ажырамас бөлігі болуды армандайтын деп айтуға болады, бірақ бір немесе бірнеше себептермен бұл армандар орындалмады: кейбіреуі ата-аналарының қарсылығына ұшыраса, енді бірі іскерлікпен айналысып, уақыт тапшылығынан шыға алмады. Дегенмен ... 

Әдемі билеуді әркім үйрене алады!

Осы идеяны іске асыру барысында бес жарым жыл бұрын Алматыда La Danza би клубтарының желісі құрылды!

Студияның негізін қалаушы - Камаль Бердиев - спорттық бал билері бойынша Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, сондай-ақ, Азия және Тынық мұхит аймағы елдерінің чемпионы. Бұл біздің клубты Алматыда мұндай деңгейдегі және мәртебесі бойынша жалғыз би студиясы ретінде танытады, өйткені оның жетекшісі - тек табысты кәсіпкер ғана емес, сонымен қатар танымал биші және тәжірибелі жаттықтырушы!

Біздің команда мүшелерінің әрқайсысы бидің сиқырлы күшіне сенеді және де La Danza студиясының жұмысына толықтай беріледі, себебі бұл біз үшін жай жұмыс және басқа адамдарға би үйрету ғана емес, сүйікті ісіміз бен өмір сүру салтымыз болып табылады!

La Danza компаниясының артықшылықтары

Біздің жобамыз іске асырылған кезден бері өзімізді кез-келген тұлға қысқа уақыт ішінде би өнерінде айтарлықтай биікке жете алатын премиум санатындағы би студиясы ретінде көрсеттік.  Біздің табысымызды мынадан көруге болады:

  • Жоғары санатты жетекшілер. Біздің ұстаздарымыз, кем дегенде, халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне үміткерлер болып табылады. Олардың әрқайсысы әлемдік би турнирлерінде жүлделі орындар мен ұстаздық еткен табысты жылдар сияқты бай тәжірибе жинақтаған. Осындай жаттықтырушылармен Сіз өзіңіздің барлық әлеуетіңізді іске асыра аласыз!
  • Кәсіби тәсіл. La Danza - тек өзіңіз үшін рахат таба алатын тағы бір би мектебі емес. Бұл, біріншіден, салыстырмалы түрде қысқа кезеңде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында ұстаз бен шәкірттің әдейі және саналы түрдегі шығармашылық әрекеттесуі болып табылады. Біз клиенттерімізге олардың әрқайсысының арманын жүзеге асыруға, қабілеттерін дамытуға және сахна төрінде көрінуіне аянбай еңбек ететінімізді ашық жариялаймыз!
  • Кепілді нәтиже. Біздің ұстаздарымыздың тәжірибесі, би үйретудің қазіргі заманғы және өте тиімді Pro-Am (кәсіби шебер және + әуесқой) әдістемесінің арқасында Сіз бірінші сабақтан бастап билейтініңізге кепілдік бере аламыз, ал болашақта тәлімгердің ұсынымдарын қатаң сақтаған жағдайда әлемнің әр жерлерінде үнемі өткізілетін Pro-Am турнирлеріне кәсіби биші ретінде қатыса аласыз! Балаларыңыз да осындай табысқа қол жеткізе алады! Біз Сіз шеберліктің жоғары деңгейіне қол жеткізе алатындығыңызға сенімді болғанымыз соншалықты, тіпті келісім-шартқа қол қоюға да дайынбыз, өйткені нәтижеге кепілдік береміз!
  • Сапаны бақылау. Жиі жағдайда адамдар өз әлеуетін толықтай біле алмауы және де тәлімгер оқушысының барлық қабілеттерін байқамауы мүмкін. Клиенттер өз жаттықтырушысына жаппай сенгендіктен, біздің мамандарымыз өз ісінің шебері бола тұра би оқыту сапасын бақылау жүйесін енгіздік. La Danza би студиясында Сіз студияның негізін қалаушы мен аға жаттықтырушының жеке бақылауында боласыз: ол Сіздің ілгері жылжуыңызды қадағалап, Сіз және Сіздің тәлімгеріңізге қойылған мақсатқа одан да тез жетулеріңізге көмектеседі!
  • Ашық сөйлеу мүмкіндігі. Серіктесіңмен үйлесімді қозғала отырып билей білу, денеңді басқара алу - еңбекқорлық пен зейіннің нәтижесі. Мұндай жетістіктерді, әдетте, мақтан тұтады және оларды көрсетіп отырады, сондықтан La Danza би студиясы клуб мүшелерінің және әлемдік деңгейдегі кәсіпқойлардың көрсетілімдерін көрсететін гала-кештердің ұйымдастырушысы болып табылады, онда Сіз басқа қатысушылармен өз көрерменіңіз үшін бәсекеге түсе аласыз, сондай-ақ біліміңізді көрсетесіз және нығайтасыз!
  • Жоғары санатты қызмет. Біздің клиенттеріміз - біз үшін өте маңызды болып табылатын адамдар! Біз олардың әрқайсысына үлкен құрметпен қараймыз және олардың уақытын бағалаймыз, сондықтан, оларға ұстаздан бастап би залына дейін, бірінші қоңыраудан би студиясындағы алғашқы қадамға дейін, бірінші тегін сабақтан бастап күнделікті жаттығуларға дейін тек ең жақсысын беруге тырысамыз. Сізге көңіл-күйіңізді көтеретін және жағымды сезім қалдыратын жоғары санатты қызмет көрсетіледі. Бұған Дильназ Ахмадиева, Баян Есентаева, Макпал Карибжанова, тіпті екі немере қызы бізбен бірге би үйренген қымбатты Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты танымал тұлғалардың таңдауы куә болмақ.

Біздің міндетіміз

Біз бидің адамдарды қалай өзгертетініне көз жеткіздік: олар жарқырап, ұяңдықтарынан құтылып, әдемі, көңілді және жігерлі бола бастайды. Олардың өмірі жарқын бояуларға толығып, дүниетанымы шаттыққа бөлене бастайды. Біз адамдарды беделді және асыл би өнерімен таныстыруға, олардың жаңа қырларын ашуға және билеу арманын жүзеге асыруда жәрдемдесуге ұмтыламыз!

Сіз де сиқырлы би әлеміне назар аударыңыз! Байланыс телефондары бойынша қоңырау шалыңыз немесе сайттағы тегін курсқа жазылыңыз! La Danza-ға қош келдіңіз!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Кездейсоқ фото

Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle