Директормен сұхбат
Уважаемый гость!

Приглашаем ВАС в особый яркий мир танцевальных клубов La Danza!

Feedback Ladanza!

Подпишитесь на рассылку "Хорошие Новости от La Danza",

чтобы ПЕРВЫМИ УЗНАВАТЬ:

  • Об акциях и специальных предложениях для новичков и наших клиентов; 
  • Об интересных внутриклубных мероприятиях La Danza для детей и взрослых; 
  • Новости клубной жизни и информацию о свежих публикациях на нашем сайте.

Заполните поля формы и до встречи в ближайшем выпуске!

Примечание: рассылка выходит 1-2 раза в месяц.

Kamal Berdiyev Studiya Tantsev Almaty

Қымбатты достар! Назарларыңызға Алматыдағы ең үздік би студияларының бірі - La Danza-ның негізін қалаушы Камаль Бердиевтің берген сұхбатын ұсынамыз!


- Сәлеметсіз бе! Өзіңіз туралы біраз айтып кетсеңіз. Сіздің биге деген қызығушылығыңыз неден басталды?

- Менің есімім Камаль Бердиев. Биге спорттық тұрғыдан тым кеш, 14 жасымда келдім. Мен өнерден алыс, қарапайым отбасында дүниеге келдім, сондықтан биге деген әуестігім мен қызығушылығыма әуел бастан ешкім мән бере қойған жоқ. Бірақ сәті түсіп, маған мықты ұстаз кездесті. Сол кезде аты шыққан спортшылар қатысқан ересектер тобына түсіп, әжептәуір би негіздерін меңгеріп алдым. Соның арқасында алғашқы жеңістерге де жеттім. Мамандығым бойынша заңгермін, алайда биге деген құштарлығым мықтырақ болып шықты, уақыт өте саналы түрде шығармашылықты таңдадым. Алғашында алған біліміме қанағаттанбағандықтан, 17 жасымда қайнар көздерден дәріс алмақшы болып, шешім қабылдадым. Осылай Англиядағы ұстаздарыма сапарым да басталды. Содан кейін серіктесіммен сол жаққа көшуді жөн көрдік, бұл жастық шағымның ең еліктіргіш және шытырман хикаясы болды. Алайда өмірімнің тап осы кезеңдері менің тұлға болып қалыптасуыма ықпалын тигізіп, қанат қақтырды. Кейіннен ағылшын серіктесіммен жұпта болып, әлемнің ең үздік би студияларының бірі - атмосферасы ерекше Semley Dance Studio-да қазіргі кезде дүниежүзі бойынша мықты тәлімгерлердің қатарында жүрген Allan Tornsberg, Hans Galke, Serena Lecca Danza, Michael Wenting, Тony Nihagen және т.б. сияқты латынамерикалық би майталмандарынан дәріс алдым. Заринамен жұп болып, Азия және Тынық мұхит аймағы елдерінің спорттық билер бойынша Чемпионатында алғаш рет жүлделі болған шақта, Қазақстанның дүкін-дүркін чемпионы атағын әлдеқайда алып қойғанмын.

Бидегі мансап жолында өмірімнің басым бөлігі жаттықтырумен өтті, бұл тіпті билеуге қарағанда қолымнан жақсырақ келетін сияқты. Менің шәкірттерімнің арасында Қазақстанның чемпиондары мен халықаралық санатты спорт шеберлерін алмағанның өзінде, спорттық билер бойынша әлем чемпионы Oxana Lebedew, 2012 жылдың вице әлем чемпионы Жания Жарменовалар бар. 30 жасымда өз-өзімді тану үшін спортты жайына қалдырып, қолайлы іс іздедім. Ересек және саналы тұлғаның қалыптасуы осы жаста аяқталатыны баршаңызға мәлім шығар. Жаттықтыруды жалғастырғанмен, хореографиядан «қанша кетсем», аяусыз тағдырдан соншалықты ауыр соққы алып отырдым. Құндылық тәртібі мен шешім қабылдау ауқымы өзгерген өмір кезеңінде ғана мен көптеген адамның жұпты бидің сиқыры мен барша күшін сезінуге мүмкіндік беретін салмақты, адал және жаһанды әрекет жасағым келгенін түсіне бастадым. Кез келген адамның айналасындағы шынайы болмысты, оның ойы мен көзқарастарын өзгерте алатынын түсінемін. Ең бастысы – бұл істі адал ниетпен, ыстыққанды іске асыру керек. Сол кезде ойыма бірден өмірінде ешуақыттта билеп көрмеген адамдарды жаттықтыру идеясы келді. Көпшілікті биге бейімдеп, оларға оның қаншалықты құдіретті және қуатты екенін көрсеткім келді. Осылай 5 жарым жыл бұрын “ LA DANZA ” атты би студиясының жобасы құрылды.

- Көп рахмет. Өзіңіздің алғашқы жарысыңыз есіңізде ме?

- О! Әрине! Есімде қалған ең бастысы – қатты қобалжуым. Ал менің алғашқы оқытушым Ольга  биге деген құштарлығымды оятып, сол шағын жарысты ұйымдастырды. Ол ұстазымды мен бүгінгі күнге дейін үлкен алғысымды білдіре отырып, жылы раймен есіме аламын. Жарыс клуб ішінде, қатысушылар арасында өтті. Маған арнайы тігілген костюм де дәл қазіргідей есімде. Мен серіктесіммен осы сайысты ұтып алдым. Тап осы жеңісім жаңа шыңдарға жету үшін жол салуды ынталандырды деген ойдамын. Біз біраз уақыт бойы бірге билеп, біршама жетістіктерге де жеттік.

- Бимен кәсіби тұрғыда айналысып, ұстаздық ету туралы қай кезде шешім қабылдадыңыз?

- Би мен үшін әуестік болып, менің бар уақытымды алды, үміт пен уайымға  толы болса да, маңыздылығын арттырғанымен, сол қалпында әуестік болып қала берді. Ал университетте оқып жүргенімде (шыны керек, ата-аналарым үшін оқыған сияқтымын) өмірімді биге арнағым келетінін түсініп, саналы түрде сенім пайда болды. Ұстаздыққа келу туралы айтатын болсам, әңгіме келесідей: өмірімдегі басты ұстазым, Қазақстанның спорттық би әлемінде маңызды орын алған Валентина Евсеева атты ұлы әйел бар. Ол еліміздің, қаламыздың би мәдениетін қалыптастырған ондаған кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығарды. Қазір ол 78 жаста, әлі де болса биден кеткен жоқ, сабақ береді, дәріс оқиды, маған жеке кеңестер береді, өз оқушыларын үнемі мақтан тұтады. Биде осы адамның алдында борыштымын. Ол әрқайсымызға биге деген құштарлығымызды, жұмыс істеуге деген ниетіміз бен қабілетімізді оятып, рухани мықты болуды тәрбиелеп, жан-тәніңмен шарықтауды үйретті... Бір сөзбен айтқанда барлығын үйретті! Мінезі ауыр болса да, әр оқушыға өзінің баласындай көңіл бөлді. Қазір мақтан тұтар жетістіктерімнің барлығына сол кісінің арқасында жеттім деп ойлаймын. Менің немесе жанымдағы басқа біреудің келісімін сұрамай-ақ биде неғұрлым жетілуі үшін жанымызға жас балаларды қосатын.  Осылай алғашқы ұстаздық тәжірибем де қалыптасты деуге болады. Содан бастап  жаттықтырушы ретінде  бағыт алуға және дамуға талпына бастадым.

Өзімнің жеке қабілеттерім мен эмоционалдық сипатыма байланысты мен биді жақсы сезініп, түсінемін, ұл-қыз серіктестеріме көмектесе аламын. Спорттық би - бұл балдық хореографияның маңызды бөлігі мен арнайы, субкультуралық хореография түрі. Мұнда серіктестердің өзара әрекеттестігінсіз дуэт өмір сүре алмайды. Оқытушы ретінде алғашқы жетістіктерге осының арқасында қол  жеткізгеніме сенімдімін. Одан кейін жаңа заман талабы бойынша бәсекелестік те өскеннен кейін, кезінде мен жаттықтырған оқушылар үздік нәтижелерге ие бола бастады. Осылайша мен танымал спорт жаттықтырушысы болдым. Уақыт өте алғашқы «Камелия» спорттық би клубын аштым. Клубтың атына серіктесім Елена Воронова мен өзімнің есімдеріміз кірді. Сол жерді мен өзімді оқытушы ретінде танып, ашылдым.  Осы кезде менің қандай мұғалім екені ғана емес, сонымен қатар жетекші ретінде қаншалықты тиімді екені маңызды болды, өйткені саған клуб үшін үлкен жауапкершілік артылған: оның имдижі, ұстанымы, спорттық рейтингі, жиындары, өткізілген турнирлері және  т.б. Бұл да бастамаларымның ең үздігі мен қызықтысы болды

- Жақсы. Өзіңіздің қай жеңісіңізді маңызды деп санайсыз?

-  Бүгінгі. Сенуге қиын. Бүгін таңертең ғана жеке жаттығуымды өткіздім, бір кезде бақытты екенімді анық көріп, сезіндім, өзімнің ең үздік жеңісім ретінде 10 жылдық үзілістен кейін саналы, рухани, сапалы биге оралуымды санаймын. Мен қазір жұпта билеймін – бұл менің ең басты жеңісім.

- Бұл керемет! LA DANZA клубының тарихы туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

- Алғашында LA DANZA студиясы ұяң және бастама әрекет болды. Болашақта ол қуантып, өмірдің мәнін келтіретін, біреуге өз қорқыныш үрейін жеңуге жәрдем беретін, біреулердің армандарын іске асыратын, оқытушы мәртебесін жандандыратын, сонымен қатар жас ұстаздарға жұмыс орнын беретін үлкен жоба болады деп ойлаған жоқпын. Өзімді таңдаулылар қатарына жатқызамын, өйткені өмірімде жанымнан үнемі рухымыз бірдей, туысқан жандарды кезіктіремін. Осылай, ұстазым деп құрмет тұтқан тұлға бірде маған: «Сенің  қолыңнан бәрінен де билеу өте жақсы келеді. Осы өнеріңді неге  адамдарға сыйлап көрмеске, бұның  қаншалықты қолжетімді және әдемі екенін көрсетпеске?», -  деді. 

Сол кезде клубтардың  бірінің негізінде әуесқойлардың арасынан 2-3 кешкі топ жинадық. Өмірінде бимен ешқашан айналыспаған адамдар арасында оқыту жүйесін бейімдей алдық. Бұл қолымыздан келіп, жақсы іске асырыла бастады! Одан кейін 2 кең залдан тұратын, шағын фитнес-кафесі бар, сапалы дыбысты, айналары жақсы, едені кәсіби материалдармен жабылған  арнайы жабдықталған орын да пайда болды. Мұның  барлығы «premium» сегментінің қызмет көрсетуіне сәйкес келді. Кейіннен мен серіктестерімнен Wellness Club LUXOR-мен бігіріп ортақ жоба ашу туралы ұсыныс алдым. Бүгінгі таңда ол біздің басты би клубымыз болып табылады. Мен өзімізді Алматы қаласында ең үздік би студиясымыз деп ашық айта аламын, өйткені көрсетілген сапа мен атымыз сәйкес келеді.

- Қазақстанда Pro-Am жүйесі бойынша оқытуды жалғыз сіздер ғана ұсынып отырсыздар. Бұл бағытты неліктен таңдадыңыз?

- Біз жалғыз емеспіз, бірақ алғашқымыз деп айтуға болады. Біздің ізбасарларымыз бар. Біздің клубтан бірнешеуі шыққан. Біз қарсы емеспіз. Таза және адал бәсекелестік пен бидің  танымал болуы үшін еңбектенудеміз.    Мен көп саяхаттаймын, көргенім де баршылық. Осыған негізделіп, ProAm форматы әуесқойларды биге үйретудің ең тиімді және қызықты әдісі болып табылатыны туралы қорытынды жасадым. Сонымен қатар жұпта екі әуесқойды биге үйрету тәжірибеміз де бар, мысалы, ерлі-зайыпты, жаңадан тұрмыс құрған жұптар, бірнеше адамнан тұратын топтар белгілі бір мерекеге ерекше өнер көрсеткісі келіп, арнайы келеді. Ондай тәжірибеміз болғандықтан, өзімізге сенімдіміз. ProAm форматы BBC-дегі «Жұлдыздармен билейміз» жобасының негізін қалаушы компаниясымен патенттелген және ол - бұрыннан бар құбылыс. Бұл бағдарлама онжылдықтар бойы көрсетіліп келеді, танымал болғандықтан жоғары рейтінгке ие. Біз байқап көрейік деп, LA DANZA-ның құрылуына үлесін қосқан біздің үлкен досымыз бен серіктесіміз Дильназ Ахмадиевамен бейнетүсірілім жасадық. Жаттығу барысы мен бейне баянды бақылап қарағаннан кейін  шығармашылығымыздың тиімділігі мен орындылығына көз жеткіздік.

Қысқа мерзім ішінде өз серіктесіңізбен (жаттықтырушыңызбен) әдемі, қанық нағыз жұпты биге ие боласыз. Қазіргі жаһандану және қарқынды өмір сұру салты, эмоциялар өз ережелерін жүктеуде, сондықтан  ProAm форматы үздік болып табылып отыр. Биде ең маңыздысы, студент би дағдыларын дамыту мен дене бітімінің жетілуіне (тұрақты би жаттығулары мүсінді ынталандырып, бұлшықеттерді шымырлатады) жетіп қана қоймай, пластика, созылумен де айнасылады. Сонымен қатар, адам эмоциялық тұрғыдан көркейіп, өзінің жеке қырларын ашады. Біздің тіпті мынандай мысалдарымыз бар,  сабақтан кейін бидегі қыз жетекшілер серіктестеріне көшбасшы тізгінін беріп, тіпті биде ғана болса да, жауапкершілік артқан, бұл әдіс барлық жерде қолданылуы мүмкін. Өз-өзіне деген сенімділігі жетіспеген адамдарға көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзі қорқыныштарын жеңіп, би мен музыкадан қуат алуға мүмкіндік жасаймыз. Жұпта кәсіби бишілермен билеген ер адамдарға бұл өзінің қабілеттеріне деген сенімділік береді, өйткені бидегі әуезділікке, би алаңын бөлуге, жеңіс пен жеңіліске деген жауапкершілік толығымен ер адамның  мойнына артылады. Жұптағы қыз серіктестердің партиясы күрделі, әсере латынамерикалық билердегі сияқты бұрылыстары көп, костюмдері ашық (аяқтан кеткен кемшіліктерді жыдам байқауға болады) болғандығына қарамастан, барлығы да ер серіктестің стратегиясына байланысты. Жеңіс те, жеңіліс те ер әріптестің еншісінде болып қала береді.

- Қалай ойлайсыз, Сіздердің би студяларыныңыз басқалардан немен ерекшеленеді?

- Біріншіден, біз өмірімізді биге арнап, соған сенімді кәсіби бишілерден тұрған мықты командамыз және де оның жетекшісі спорттық би әлемінің жеңімпазы, табысты адам, яғни өзіммін)))

Екіншіден, LA DANZA-да біз ақша үшін адамдармен уақыт өткізу және оларды қызықтырумен айналыспаймыз. Біз әр келушімізге тиянақты қарап, оқытамыз, біздің ұсныстарымызды орындаған кезде жетістікке жететініне кепілдік береміз.

Үшіншіден, келесіні атағым келеді, - біз спорттық би талаптарына сәйкес жүргізілген жарыстарға ғана қатысамыз, яғни бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші орындары, түрлі ережелері мен талаптары жоғары жарыстарға,ондағы біздің ұстанымымыз да жоғары.

Төртіншіден, студиямыздағы балалар бөлімі де мықты. Біздің бүлдіршін студенттеріміз үш жастан бастап күрделі спорттық турнирлерде жеңіске жетіп жатыр! Олар тек өзі үшін емес, ата-аналарының қолдауымен үлкен спортқа да шығуы үшін де айналысады. Балалардан Қазақстанның  және әлемнің болашақ чемпиондарын тәрбиелеу тәжірибесі мен түсінігіміз де қалыптасып қалған. Әр жеке дара студент ерекше, сондықтан олар үлкен назар мен жақсы әдістемені талап етеді.

- Сіздердің би студияларыңыз кімге арналған? Қандай адамдарға?

-  Әрине, табысты, сенімді адамдар үшін, билеуді ұнататын және демалу мен жағымды ойын-сауық  үшін емес, сапаның пайдасына таңдау жасайтын адамдар үшін. Бұл өте қиын, эмоционалды қарқынды, физикалық қиын. Кейде тіпті біздің студенттеріміз би сабағынан шаршап әзер шығады. Біз сізге ұнап, қуанту үшін емес, сіздің арманыңызды жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз!  Сіз жақсы, әдемі, мықты, кәсіби би билегіңіз келе ме? Біз сіздерге көмектесеміз және мұны бірлескен жұмыс пен үлкен ықыласпен жасаймыз! Шын мәнінде, дұрыс білмей, залда «қатты жұмыс жасап», нәтижеге қол жеткізе алмау әбден мүмкін. Сондықтан да Англияда оқыдым. Онда негізгі дерек көзден алынған білім сіздің уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеге мүмкіндік беретінін түсіндім, өйткені дұрыс бағытта жүру өте маңызды! Бұл әуесқойлар үшін де. Біз тіпті жеке келісім-шартқа қол қоюға дайынбыз және біздің шарттарымыз орындалса, адам байсалды және әдемі би билейтініне кепілдік береміз. Менің ойымша, бұлай әркім мақтана алмайды. 

- Өз жұмысыңызда бәрінен бұрын нені ұнатасыз?

Мен бір ғана нәрсені таңдай алмаймын. Мен өз клиенттеріммен бірге жаттығу кезінде аталып жүрген «құмырсқалардың» пайда болуы  маған таныс. Мен олардың қалай өзгеретінін көремін. Сондай-ақ, біздің балаларымыз жарыстарда би билегенде, көзге жас келіп, ынта-жігер де пайда бола бастайды. Клубтың кешкі бағдарламасы 38 нөмірден тұрып,  әрқайсысы үшін ұятқа қалмайтындығыңызды сезінгенде,  күш, шабыт пен өмірге деген құштарлық сезімін сыйға аласыз. Мен үшін өте талғампаз және бізден талап ететін, өздері үшін де талапшыл адамдардың біздің клубымызды таңдаған кезде үлкен мақтаныш сезінемін.  Мүмкін, әрбір екінші алматылық ағылшын тілін жақсы біледі және өзін шетелде жайлы сезінеді. Біз өнерді, жақсы тамақты, шарапты, кофені, шайды, кітаптарды білеміз ... Көптеген адамдар нақты не керектігін және  нақты не ұсынатындығын түсінеді. Біздің клубтарда би билеген адамдардың 95%-ы осы санатқа жататыны қуантады, олар біздің пайдамызға таңдау жасайды.

LA DANZA командасын жақсы көремін! Мұғалімдерімсіз,  тіпті қызу әңгімелер, әзілдер, ұсыныстарсыз, олардың дамуы мен жұмысқа толық қатысуынсыз ештеңе де жасай алмаймын, өйткені олар ортақ ісімізге  жанымен берілген, - мұның бәрі де теңдесіз. Мен тәлімгерлеріме жалақы беруді ұнатамын, өйткені олардың жасындағы мұғалімдер жақсы табысқа жеткенде, мұғалімнің мақтан тұтар мәртебесіне ие; олар осындай үлкен жобаның бір бөлігін сезінуге қуанышты. Мен олардың көздері қалай жанып жатқанын, қаншалықты талапшыл екенін және студенттерге қалай қарайтынын білемін. Ұстаздарым өз ісіне немқұрайлы қарамайды, өйткені олар үшін би тіпті жұмыс та емес, өмірдегі ең үлкен құмарлық пен міндет болып табылады.

- Қалай ойлайсыз, бүгінгі таңда бимен айналысу қаншалықты сәнге айналды?

- 39 жасымда келесі қорытындыға келдім: «сәнді» деген сөз өз-өздігінен өзекті болмайды, өмірдегі таңдаудың барлығы «қалаймын» немесе «қаламаймын» деген екі ұғымға негізделетін сияқты. Әрқайсымыз тек шын мәнінде қажетсінгенімізді жасаймыз, басым бөлгіміздің би билеуді қалайтынымыз анық. Менің жеке тәжірибемнен әр танысымның  екіншісі қалай да болсын бимен кездескенін айта аламын. Қорқыныш тудыратын ең қиын нәрсе - бұл алғашқы қадамды жасау, бұдан өту үшін біз жәрдем береміз. Әркімге және әрқашан тегін болып табылатын алғашқы консультацияға келуге кеңес беремін. Кез-келген оқытушы мен ыңғайлы уақытты өзіңіз таңдай аласыз. Біз би билеуді үйрену қиын емес екенін дәлелдейміз және көрсетеміз! Бұл фитнес клубтағы жаттығудан, шаңғы немесе велосипед тебуден қиын емес, керісінше, билеу өте қызықты, аса тиімді және әдемі. Бұл шындық!

- Тәжірибеңізде қызықты жағдайлар болды ма? Олар туралы айтып бере аласыз ба.

Спорт туралы әңгіме қозғасақ, әрине болды. Тіпті бірнешеуі. Би турнирлерінің ең қызықты финалы, әдетте, кешке өтеді. Сонымен, би финалының бірінде финалда барлық үстелдер құлап қалды. Мұның себебін, ақыр соңында, пойызда ғана білдім. Бұған себепкер болған сол кезде серіктесі мықты, өзі Қазақстан чемпионы, менің студентім болып шықты. Ол осы финал бойы үстелдердің астындағы бұрандамаларды бұрып алып тастапты. Енді үстелдері  мүлдем жоқ би алаңын елестетіңіз. Адамдар орындықтарда жай ғана отырды...

LA DANZA-ның өзі туралы айтсақ, соңғы кеште біз үшін  маңызды бір қызықты оқиға болды. Біз ашық ауада жұмыс жасадық: өте әдемі орынды ұйымдастырдық, техникалық күрделі дыбыстық қолдау көрсетілді, би алаңы жазғы террассада орналастырылды; ешқандай кедергі болатынына алаңдамадық. Алайда іс-шарадан жарты сағат бұрын қатты жаңбыр басталды. Ал сағат 7-де, бағдарламаның басталуы туралы жарияланған кезде, күн шығып, бұлт таралды. Еденді тез дайындап, біз бағдарламаны әйтеуір өткіздік, ал жүргізушінің соңғы  қоштасу сөздерінен кейін  жаңбыр жалғасып, түні бойы жауды. Аспан тура бір сағат қырық минут уақытқа ашылып, бізге шарамызды іске асыруға мүмкіндік берді. Бұл әлдебір құдіретті күштің сыйы емес пе?

- Заманауи, жұмысбасты адамдарға қандай кеңес бересіз?

- Би олардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алатындығын біле алмайды деп айтар едім. Мен адамның өмірдегі бір ғана мақсатына жетуге, яғни бақытты болуға шақырамын. Осы ғана! Басқалары жоқ! Меніңше, би әркімді қуанта алады! Бір жарым минуттық хореография, бір жарым сағаттық   жаттығу, аптасына 2-3 рет сабақ, жарыс күні - бұл бізді бақытты етеді! Басқа сөзбен айтқанда, біз сезінетін эмоцияларды сол бидің ішінен аламыз! Олар әр түрлі - тез және баяу, драмалық және динамикалық, түрлі-түрлі бағыттарда! Сіз өзіңізді  олардың бірінен таба аласыз! Би билеңіздер және бақытты болыңыздар!

ҮЙЛЕНУ БИІ ҚҰРАСТЫРУ

Постановка свадебного танца 1

Үйлену тойыңыз келе жатыр ма?






Постановка свадебного танца 2

Оны естен кетпес болсың...






Постановка свадебного танца 3

Қалай...






Постановка свадебного танца 4

Тамаша үйлену биімен!






Постановка свадебного танца 5

Жарқын!






Постановка свадебного танца 6

Өзіндік!






Постановка свадебного танца 7

Романтикалық!






Постановка свадебного танца 8

Салтанатты!






Постановка свадебного танца 9

Сезімдердің бимен іске асыр!






Тегін би сабағына жазылыңыз!

Пробные занятия

Тапсырысыңызды алған соң, біздің қызметкер сізге хабарласып, тегін сабағыңызға тіркеледі

captcharefresh

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Оқытушымызды сұраңыз!

Powered by ChronoForms - ChronoEngine.com

Өзің стилің таңда!

ladanza logo

Nvideo Min

logo luxor

studiya tancev ladanza almaty 400

Бірінші болыңыз!

La Danza-дан жағымды жаңалықтарды алуға!

feedback LaDanza!

Кезекті шығарылымда кездескенше!

Кездейсоқ фото

La Danza клубтармен танысыңыз!

Ладанза Люксор

Wellness Club Luxor






Ладанза Амаль

LaDanza Amal






Бізбен сүйікті әлеуметтік желдеріңізде болсың!

@ladanzalifestyle